Maм 14, 2017 11:11 Asia/Almaty
  • Имам Реза (ғ.с) және өмір салты (4)

Бүгінгі бағдарламада разавилік өмір салтындағы намаз және Құдаймен байланыстың маңыздылығы жайлы сөз қозғаймыз.

Разавилік өмір салты

Намаз діншіл адамның Құдайға жақындау жолы саналады. Намаз – бүкіл тіршілікті жаратушымен байланыстырудың ең ізгі жолы. Намаз – біздің дініміздің негізгі бес парыздың бірі әрі оның маңыздылығы сан рет қуатталған. Осыған байланысты Ислам Пайғамбары (с.ғ.с): "Намаз – діннің негізгі тірегі. Сондықтан, намазды қасақана орындамаған адам өз дінін бұзды деген сөз",- деп айтқан.

Пайғамбар әулетінің өмір салты мен амалдарынан көзге түсетін маңызды нәрсеғ – олардың дер кезінде намаз оқуға шақыруы. Имам Реза (ғ.с) да өзінің әкесі және ұлы бабасы хазірет Мұхаммад (с.ғ.с) секілді намазды дер кезінде, кешіктірмей оқудың маңыздылығын баса айтатын. Дер кезінде немесе уақытында намаз оқу Құдайдың алдындағы ең сүйікті іс саналады. Намаз өз уақытында оқылып, аспанға жоғары көтерілген сайын, ол намаз күн секілді нұрын шашып, аспанның есіктері намазға айқара ашылады. Содан кейін, ол намазхан  үшін қолдаушы болып, Құдайдан оны сақтап жүруді сұрайды. Имам Реза (ғ.с) намаздың өз уақытында, кешікпей оқылуына қатты көңіл бөліп, оны ешбір себепсіз кешіктіріп оқуды қабылдамай: "Әрбір намаздың екі уақыты: алғашқы және соңғы уақытының бар екенін білген жөн. Алғашқысы Жаратқанның ризашылығы, соңғысы Құдайдың кешірімі үшін",- деп айтқан.

Имам Резаның (ғ.с) сахабаларының бірі Ибраһим бин Мұса Қазар: "Бір күні имам Резамен (ғ.с) бірге Хорасанда жол жүріп келе жатқан едік. Намаз уақыты басталған кезде имам сол жерде орналасқан ғимаратқа қарай барып, оның жанында орналасқан жартастың астына барып отырды. Ол кісі маған азан айтуды бұйырды. Мен: "Сабыр етіңіз, қазір сахабалар келсін",- деп жауап бердім. Имам: "Құдай сенің күнәларыңды кешірсін. Намазды дер уақытында оқуға тырыс. Еш себепсіз кейінге қалдырушы болма. Ешқашан намаздың алғашқы уақытын жіберме",- деді. Сосын мен азан шақырып, намаз оқыдық.

Сондай-ақ имам Резамның (ғ.с) өмірінде орын алған уақытында оқылған намаздың өте маңыздылығы мен өмірлік мәнін айқындайтын келесі бір оқиға тіркелген. Ол заманда Мамун пікірталас ұйымдастырып, имам Резаны (ғ.с) түрлі діндер мен мазхабтар және философиялық мектептердің ұлы үлемдерімен пікірталасқа шақыратын. Сол замандағы ұлы ғұламалардың бірі болған Омран Саби имаммен пікірсайыс кезінде: "Уа, халықтың ғалымы, данасы! Егер бұл жиын болмағанда, мен саған ешқашан  сұрақ қоймас едім. Енді өзіңнен сұрауыма рұқсат етесің бе?",- депті.

Имам "Ия" деп жауап берген екен. Сонда Омран өзінің сауалдарын қойып, имам (ғ.с) оның барлығына жауап беріпті. Омран мен имамның әңгімесінің ортасында намаз уақыты келіп қалған екен. Сол кезде имам Омранға қаратып: "Намаз уақыты",- депті. Ал Омран: "Жетекшім, менің сөзімді үзбе. Себебі, менің жүрегім сенің сөзіңді қабылдауға дайын» дегенде хазірет: "Намазды оқып болайық, содан кейін әңгімемізге қайта ораламыз» деп, орнынан тұрып, намаз оқуға кірісіпті. Намаз оқып болғаннан кейін Омранмен әңгімесін жалғастырыпты. Омран сұрақтарын қойып, имам соның барлығына жауап беріпті. Сол әңгіменің соңында Омран ислам дінін қабылдапты.

Бұл – сол ұлы ата-бабаларымыздың өмір сүру тәсілі мен салты. Яғни, қаншалықты маңызды жиын болып жатса да, намазды өз уақытында оқу бәрінен маңызды саналады. Бұл – намаздың маңызын жақсы түсінетін имамдардың жолын қуушылар үшін сабақ.

Имам Реза (ғ.с) жамағатпен оқылатын намаздың жалғыз оқыған намаздан артықтығына байланысты жалғыз оқыған мың ракатты жамағатпен оқылған бір ракатқа теңейді. Ол кісі жамағат намаз имамының маңыздылығын баса айтып: "Күнәһардың артынан тұрып намаз оқымау керек",- деп айтқан. Имам намазды неге жамағатпен оқу керек деген сұраққа берген жауапта: "Адал ниет, таухид, ислам мен жаратушыға ғибадат ету анық, ашық әрі айқын болу үшін. Сонымен қатар, бұл істің басқа да пайдалары бар. Соның ішінде, дәрменсіз, міскін адамдарды күтіп, күналардан алшақ болу үшін",- деп айтқан.

Имам Резаның (ғ.с) көзқарасы бойынша, намаз – илаһи сыр мен құпияға толы рухани мейрамға қатысу. Намаз – ақиқатқа бағытталған ұшу алаңы және Құдайға жақындаудың ең ізгі құралы. Намаз пенденің әлемнің Жаратушысына ең жақын жағдайлардың бірі саналады.

Намаз – діннің негізгі тірегі әрі Құдайдың алдындағы ең сүйікті құлшылық ғамал, мүміндердің биікке өрлеуі, илаһи нұр, исламның зейнеті, мүміндердің жүректерінің шырағы.

Ол хазірет намаздың келесі пайдалары жайлы айтқан сөзінде: "Намаз бен Құдайды күндіз-түні үнемі еске алу адамның өз әміршісі, данасы және Жаратушысын ұмытпауы мен Құдайдың алдында оның бүлікшіл рухының пайда болмауына себеп болады.",- деген.

Тегтер