Такфиршіл ағымдардың идеологиясы мен әрекеттерінің негіздеріне шолу 2
Батыс үкіметтері хабардар түрде такфиршіл ағымдардың қатыгездіктері мен қылмыстарына арқа сүйеп, тек Аллаға құлшылық ету мен әділет пен бейбітшілікті тарататын Ислам дінін экстремизм мен қатыгездіктің көрінісі ретінде көрсетуде.
Исламдық мазхабтар мен хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның қасиетті Ислам дінінің тағылымдарына сенім артқан ақпарат құралдарының маңызды міндеттерінің бірі қоғамдық пікірге адамгершіліктен жат такфиршіл ағымдардың шынайы болмысын әшкерелеп, Исламның ұлық пайғамбары дінінің олардың қатыгездіктерімен еш қатысы жоқ екенін көрсету болып табылады.
Ислам тарихында «такфиршілдік құбылысы» әрқашан исламдық қоғамның қарым-қатынастарын әлсірететін қоқан-лоққы ретінде баяндалды. Такфиршіл топтар аяттар мен исламдық рауаяттарға, сонымен бірге исламның қарсыластарының уәждеріне сүйеніп, басқа мұсылмандардың иманы мен діни наным-сенімдеріне күдік-күмән тудырады. Олар басқа мұсылмандарды дін жолынан тайғандар санап, кәпірлер деп атайды. Такфирлік тақырыпты және такфиршіл ағымдардың идеологиясын зерттеу аяттар мен рауаяттардың сараптамаларындағы олардың экстремистік белгілерін көрсетеді. Дәл осы мәселе бұл топтардың экстремистік және ырымшыл ұстанымдары мен әрекеттерінің пайда болуына, әсіресе ДАИШ лаңкестік тобының басқа мұсылмандарға қарсы тұруына себеп болды. Құран аяттары мен Алла елшісінің рауаяттары мен сүннеті, сондай-ақ сүннит діні ойшылдарының көзқарастарын ДАИШ тобының көзқарастарымен салыстыратын болсақ, такфиршіл ағымдардың дұрыс жолдан ауытқығаны анық байқалады. Такфирлік топтардың Құран мәтіні, Алла елшісінің сүннеті мен адал салафтарға шоғырланып, оларды қуаттауы бұрмаланған пікірлерді сараптау қажеттілігі мен такфиршіл ой-пікірдің бұл көздерді өз мүдделері үшін пайдаланып отырғанын көрсетеді. ДАИШ Батыс ақпарат құралдары мен кейбір Батыс режимдерінің үгіт-насихаттық қолдауларына ие болып, аяттар мен Пайғамбардың рауаяттары мен сүннетіне сілтеме жасап, өздерінің жантүршіктірерлік әрекеттерін ақтайды. Сондықтан Құран аяттары мен Пайғамбардың рауаяттарына сүйеніп, такфиршіл пікірлердің хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның пәк Исламының сенімдеріне қайшы екенін көрсету керек. Соңғы онжылдықтарда ваххабизм такфиршіл ағымдардың пайда болып, таралуында маңызды рөл атқарды. Сауд Арабиясындағы ваххабизмнің пайда болуыныңтарихы осыдан екі ғасыр бұрынғы кезеңнен басталады. Оның негізгі идеологы Мұхаммад бен Абдолуаһаб болды. Ол Ибн Таймие мен Ибн Джузи және салафиттік экстремистік пікірлердің басқа тарихшыларының еңбектеріне сүйенгенімен, Ибн Таймиенің ой-пікірін көбірек ұстанды. Ол тауһид пен салафизмді жаңғыртуды уәждерімен Ибн Таймиенің такфирлік наным-сенімдерін таратты. Мұхаммад бен Абдолуаһаб өзінің адасқан дінін Құран мен Исламның ұлық пайғамбарының тауһидінен өзгеше, яғни тауһидті өзінің ерекше түсінуіне сүйеніп бастады. Ол наным-сенімдері бойынша мұсылмандарды күпірлік пен пұтқа табынумен айыптап, олардың қанын төгіп, мүліктерін талан-таражға салуды мубах (рұқсат) етті. Мұхаммад бен Абдолуаһаб: «Періштелер мен пайғамбарларды шапағат етушілер санап, солар арқылы Жаратушыға жақындағысы келетіндердің қаны – халал, оларды өлтіруге – рұқсат»,- деген болатын. Барлық такфиршіл ағымдардың ортақ ұстанымына олардың тек өздерін ғана шындық әрі шынайы исламның жақтастары деп санауы жатады. Такфиршіл ағымдар өздерінің көзқарастарынан өзге пікірлерге ие басқа мазхабтарды жалған әрі күпір санайды. Исламды бұрмалайтын такфиршіл ағымдар исламның дұшпандары үшін ең жақсы құрал. Исламның дұшпандары оларды ислам мазхабтары жақтастарының арасына іріткі салып, қайшылық тудыру үшін пайдаланады. Ұлыбритания мен АҚШ Сауд Арабиясын билейтін уаһабшылар мен Сауд әулетінің мұнай долларлары мен аталмыш ағымдарды әртүрлі исламдық мазхабтардың арасында қайшылық тудыру үшін пайалануда. Бұл ағымдардың ой-пікірлерін орта ғасырлардағы шіркеулердің пікірлерімен салыстыруға болады. Ауғанстандағы әл-Қаида мен Талибандар, кейін Ирак пен Сириядағы ДАИШ Ұлыбритания мен АҚШ-тың саясаттарына сай әрі Сауд Арабиясыбилігінің басындағы Сауд режимінің қолдауымен құрылды. 1980-ші жылдары Кеңес Одағы Ауғанстанға шабуыл жасаған кезде экстремистік салафиттер Кеңес Одағына қарсы соғысу үшін сол елге аттанды. Сол кезде Асаме бен Ладен басқарған әл-Қаида ұйымы құрылып, жылдам түрде өзінің қатарын кеңейтті. Әл-Қаида уаһаби ой-пікірлерге ие. Оның мүшелері – Ибн Таймие мен Мұхаммад бен Абдолуаһабтың жақтастары. Бұл ұйым жиһадты бұрмалап түсініп, әртүрлі елдерде лаңкестік әрекеттер мен қатыгездіктерді іске асырды. Әл-Қаиданың мүшелерінің көбісі Таяу Шығыстағы араб елдерінің азаматтары. Талибан тобы 1994-ші жылы Ауғанстандағы азамат соғысы кезінде құрылды. Бұл топ идеология тұрғысынан әл-Қаидаға ұқсас болып, исламды терең зерттемей, оның жолынан ауытқып, өз мүшелерін Ауғанстанда жинады. Талибан Сауд Арабиясы мен аймақтың басқа елдерінің қаржы көмектерін пайдаланып, Ауғанстанда жылдамдықпен алға ілгеріледі. Талибан бұл елдің әртүрлі провинцияларын бірінен соң бірін өз бақылауына алып, соңында елдің бүкіл жері соның қолына түсіп, 1995-ші жылы Талибан үкіметі құрылды. Олар басып алған аймақтарында, соның ішінде Мазар Шариф пен Бамиянда жантүршіктірерлік қылмыстар жасады. 2001 жылғы 11-ші қыркүйек оқиғасынан кейін АҚШ Ауғанстанға шабуыл жасап, Талибан үкіметін құлатты. Бірақ осы уақытқа дейін олар Ауғанстанның көптеген жерін билеп отыр. ДАИШ әл-Қаида мен Талибаннан кейінгі АҚШ-тың Ирактағы әрекеттері мен саясаттарынан кейін құрылған үшінші үлкен ағым болды. 2003 жылғы АҚШ-тың Иракқа жасаған шабуылынан кейін бұл жауланып алынған мемлекет бейберекеттіктер мен талан-таражға душар болды. Сондай жағдайда такфиршіл топтар Ирактың тұрақсыз жағдайын пайдаланып, бүліктерін кеңейтті. Ирактағы такфиршіл ағымдар басында Абумусааб Зарқави мен оның тобының әрекеттеріне сүйеніп, құрылды. Абумусааб Зарқави басында әл-Тауһид жамағаты тобын құрған болатын. 2004 жылдың қыркүйек айында Бен Ладен Зарқавиді Ирактағы әл-Қаиданың өкілі ретінде жариялады. Олар Ирактың көшелері, базарлары мен басқа да қоғамдық мекендерінде лаңкестік әрекеттер, қырып-жоюшылыық пен жарылыстарды іске асырып, көптеген халықты, әсіресе сол елдің шиіттерін өлтірді. Зарқави өзінің рақымсыздығы және қатыгездігімен танымал болды. Оның қылмыстарының құрбандарының көптігі сондай, сол кездегі әл-Қаиданың екінші адамы Айман әл-Завахери оны айыптады. 2006 жылы Заркавидің өлімге ұшырауымен, Моджахедин кеңесі мәлімдеме жариялап, Абу Омар әл-Бағдадидің басшылығымен «Ирактағы исламдық үкімет» тобының құрылғанын жариялады.