Рамазан – Алланың айы 3
Қасиетті рамазан айы – Құран жіберілген ай. Бұл қасиетті кітап иман келтіргендерге осы айда ораза тұтуды бұйырады.
Қасиетті рамазан айының рухани кеңістігінде әрбір адам Аллаға жақындататын қайырымдылық жолын табуға талпыныс жасайды. Имам Саджад (ғ.с.)-ның көркем дұғасының бірінде былай деп айтылған:
«Бізге Ислам дінін ұсынып, жақсылық жолына нұсқаған Аллаға рақмет айтамыз. Уа, Алла! Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) мен хазіреттің әулетіне сәлем жолдап, бұл айдың айбынын танып, оның құрметін ұмытпай, бұл айда тыйым салғаннан алыстат. Уа, Алла рамазан айын ғибадатымызға толтырып, түндері мен күндерінде өзіңе құлшылық етуге көмектес. Күндерінде ораза тұтып, түндерінде дұға оқып, сәресіне жетуге көмектес». («Сахифе Саджадие» дұғасының 44-ші парасының бір бөлімі).

Рамазан айында Иранның қалалары мен ауылдары ерекше көңіл-күйге бөленеді. Иран халқы рамазан айынан бірнеше күн бұрын бұл айға қажет нәрселерді дайындап, үйлері мен мешіттерді тазалауға кіріседі. Бұл айда жастардың қатысуымен Құран оқу жиындары өтеді. Бұл жиындар мешіттер мен басқа да діни мекендерді ерекше көңіл-күйге бөлейді. Оларға діни қызметкерлер мен Құран аяттары мен ахлақ тақырыптарымен таныс адамдар қатысады. Ораза тұтушы халықтың мешіттер мен басқа да діни мекендерге жиналуы қиындықтарға шырмалған адамдардың мәселелерін шешуге, оларға жақсылық жасап, көмектесуге мұрсат тудырады. Зауыттар, мекемелер мен кеңселер ораза тұтушылардың жағдайына көңіл бөліп, жұмыс сағаттарына өзгеріс енгізіп, басқа да жеңілдіктер жасайды. Иран халқының арасында исламдық басқа елдердің халықтары сынды ауызашар рәсімін өткізу кең таралған. Достары және туыс-туғандарымен ауызашар дастарханына бірге жиналу ирандық жанұялар үшін қалыпты іс. Бұл айда бірінші рет ораза тұтатын кішкентай балалар оларды бұл ғибадатқа жігерлендіретін көптеген сыйлықтарға ие болады. Бұл айда дәстүрлі тәтті тағамдар көптеп жасалады. Негізінде әр қаланың өзіне тән жергілікті тәтті тағамдары бар. Сонымен бірге рамазан айында халыққа бұл айдың арнайы тамақтары сатылады. Сәресі кезінде де отбасылар мейірім мен берекеге толы кеңістікте бас қосады. Тамақтанып болған соң таң намазы азанының дауысын естіп, вузу алып, намаздарын оқиды. Кейбіреулер намаздарын жамағатпен орындау үшін мешіттерге асығады. Алла Тағала баршамызға рамазан айында шынайы ораза тұтушылардың қатарына қосылуға, осы уақытты орынды пайдалануға көмектессін.
ماه رمضان در ایران
********************************************************
Құран Кәрімнің «Бақаре» сүресінің 185-ші аяты:
"شَهْرُ رَمَضانَ الَّذی أُنْزِلَ فیهِ الْقُرْآنُ هُدىً لِلنَّاسِ وَ بَیِّناتٍ مِنَ الْهُدى وَ الْفُرْقانِ فَمَنْ شَهِدَ مِنْکُمُ الشَّهْرَ فَلْیَصُمْهُ وَ مَنْ کانَ مَریضاً أَوْ عَلى سَفَرٍ فَعِدَّهٌ مِنْ أَیَّامٍ أُخَرَ یُریدُ اللَّهُ بِکُمُ الْیُسْرَ وَ لا یُریدُ بِکُمُ الْعُسْرَ وَ لِتُکْمِلُوا الْعِدَّهَ وَ لِتُکَبِّرُوا اللَّهَ عَلى ما هَداکُمْ وَ لَعَلَّکُمْ تَشْکُرُونَ ."
«Рамазан айы сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол және (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілді. Сендерден кім рамазан айында болса, ораза ұстасын. Ал біреу науқас не сапарда болса, басқа күндерде санын толтырсын. Алла Тағала сендерге оңайлық қалайды, ауыршылық қаламайды. Сендерді тура жолға салған Аллаға шүкірлік етулерің үшін санын толтырыңдар. Әрі Алланы ұлықтаңдар».
Алла Тағала бұл аятта оразаның философиясына тоқталған соң оның тек рамазан айының күндерінде ғана ұсталатынын анықтады. Рамазан айы басқа айлардан артық. Мезгіл мен мекендер өз алдында артықшылықтарға ие емес, олардың құнын маңызды оқиғалары арттырады. Бұл аятта Алла Тағала рамазан айының айбыны, яғни бұл айда Құран Кәрімнің жіберілгені туралы баяндайды. Сонымен бірге Құранның бірнеше басты сипатын баяндайды. Біріншісі, Құранның нұсқаушы болуы, одан маңыздысы – Құранның адамзаттың нұсқаушысы болуы, яғни адамға шындықты жалғаннан ажырату құдіретін беруі. Аят исламдық ахкамның, яғни, шариғаттың оңайлығына тоқталып: «....Сендерден кім рамазан айында болса, ораза ұстасын. Ал біреу науқас немесе сапарда болса, басқа күндері санын толтырсын... Сендерді тура жолға салған Аллаға шүкірлік етулерің үшін санын толтырыңдар. Әрі Алланы ұлықтаңдар», - деді. Сондай-ақ дұрыс жолға нұсқау нығметі үшін Аллаға шүкірлік етуде бұйырады. Хавадже Абдолла сөзінің бірінде: «Рамазан айы біздің денемізді аштық отымен өртеп, күнәһар жүректерімізді тәубенің суымен жуады. Уа, міскін! Бұл нығметтің қадірін біл. Барлық діндерден артық Исламды саған ұсынды. Басқа кітаптардан артық Құранды сен үшін түсірді. Әлемдіктердің басшысы хазірет Мұхаммад-Мұстафа (с.ғ.с.)-ды пайғамбарың етті. Ең айбынды үй Қағбаны сенің құбылаң етті. Ең құнды, күнәларды кешіретін және тозақтың есіктері жабық болатын рамазан айын саған сыйлады»,- деді.
***************************************************************

Алланың ораза тұтуға шақырып, ораза тұтудың денсаулықтарына теріс әсерін тигізетін науқас және әлсіз адамарды бұл ғибадаттан босатты. Кейбір адамдар осы илаһи бұйрыққа сілтеме жасап, азғана қиындықпен кездескен кезде ораза тұтудан бойтартады. Негізінде Алла Тағала «Бақара» сүресінде «ораза тұтсаңдар, сендер үшін артығырақ» деді. Бұл ғибадаттың адамның гигиенасына оң әсер ететіні туралы жақсы білеміз. Ораза шынайы ораза тұтатын адамның ағзасы мен психикасына оң әсер етіп, рухани гигиенаны қамтамасыз етеді. Ғылым мен тәжірибе оразаның аурулардың көбін асқындырмауымен қатар, керісінше оларды бақылауға алуға, тіпті емдеуге себеп болатынын көрсетті.

АҚШ дәрігері доктор Карло: «Науқас адам жыл сайын бір мезгілде тамақтанудан тартынуы керек, өйткені денеге тамақ жеткен сайын микробтар өсе береді, ал тамақтанбаған кезде олар әлсірейді. Ислам діні уәжіп еткен ораза медицина тұрғысынан адамның гигиенасына, әсіресе ас қорыту жүйесінің тазаруына себеп болады. Ораза тұтқан кезде денедегі токсиндер сыртқа шығып, дұрыс тамақтанбаудан пайда болатын ішек ауруларының жазылуына себеп болады» дейді. Диетолог доктор Заһра Абдоллаһи: «Көптеген зерттеулер ораза тұтудың әртүрлі науқастардың жғдайларының жақсаруына әсер ететінін көрсетті. Дұрыс тамақтанбау және артық салмақ салдарынан туындаған аурулардың көбінде ораза тұту пайдалы. Зерттеулер ораза тұтудың қанның майлылығы жоғары адамдар үшін де өте пайдалы екенін анықтады. Өйткені, ораза қандағы майлылықты қалпына келтіреді. Ораза тұтқан кезде асқазан бірнеше сағат тамақтан босайды. Басқаша айтқанда, асқазан дененің ас қорытуға қатысатын басқа ағзалары сынды демалады. Оразадан кейін ас қорыту функциясы жақсарады»,- деді. Келесі мәселе ораза тұтушылар шөлдеуден алаңдап, бұл айда тұзды азырақ пайдаланатындықтан, қан қысымының көтерілуімен азырақ кездеседі. Егер рамазан айынан кейін де адамдар тұзды азырақ пайдалануды жалғастыратын болса, қан қысымының көтерілуін ұмытады. Қасиетті рамазан айында дұрыс тамақтану ерекше маңызды. Сөйтіп адам дұрыс емес тамақтануын өзгертіп, бұл айдың рухани кеңістігінен пайдаланады.