Маусым 07, 2017 15:18 Asia/Almaty
  • Рамазан – Алланың айы 13

Рухани ләззаттар материалдық ләззаттармен салыстырғанда күштірек әрі көпке дейін ұмытылмайды.

Адам табиғи түрде ләззатты қалап, оның дәмін татып, қуаныш сезіміне батады. Ләззаттар тек нәпсілік және материалдық қана емес. Материалдық ләззаттардан жоғары әрі жүрекке қонымдырақ рухани ләззаттар бар. Бұл – басқаларға жақсылық жасап, білімқұмарлық пен зерттеулер себеп болған, намаз бен Алланы мадақтаудан пайда болған ләззаттар; ораза  және ораза тұтқан кездегі ішіп-жеуден тартынудан әрі Алланың ризалығы үшін күнәлардан алыстаудан туындаған ләззаттар.

 Ирандық әйгілі ойшыл Моттахари былай деп жазған: «Адамның екі түрлі ләззаттары бар: бір түрі адамның жаратылысындағы бес сезімге байланысты. Мәселен, көзбен көру, құлақпен есту, дәмін татып, қолмен ұстау. Ләззаттардың келесі түрі адамның рухы мен ұжданына байланысты және ешбір дене мүшесіне қатысты емес. Мәселен, адамның махаббат, құрмет немесе өзі мен перзентінің жетістіктеріне байланысты ләззаттары. Рухани ләззаттар материалдық ләззаттармен салыстырғанда күштірек әрі көпке дейін ұмытылмайды. Ғибадат етіп, Аллаға құлшылық ету, Алламен сырласу ләззаттары мистик адамдар үшін рухани ләззаттардың қатарына жатады. Ғибадаттарын қарапайым түрде орындайтын мистиктер Алламен қарым-қатынас орнатып, ғибадат жасаудан ең жоғары ләззатқа ие болады».

Сондықтан Алламен қарым-қатынас  орнатудың рухани ләззаты тыныштыққа бөленуге, ризалық пен адамның болмысының жаңа дем сезінуіне себеп болады. Исламның ұлық пайғамбарының әулеті өз дұғаларында әрқашан осы ләззаттарды сұрайтын. Имам Саджад (ғ.с.) мүнәжәттарының бірінде: «Уа, Алла! Мүнәжәттарыңның ләззаты мен Өзіңе жақындаудың тәттілігін сезуге көмектесе гөр»,- деген болатын. 

                   ************************************

 

«Һуд» сүресінің 3-ші аяты:

"وَأَنِ استَغفِروا رَبَّکُم ثُمَّ توبوا إِلَیهِ یُمَتِّعکُم مَتاعًا حَسَنًا إِلیٰ أَجَلٍ مُسَمًّی وَیُؤتِ کُلَّ ذی فَضلٍ فَضلَهُ ۖ وَإِن تَوَلَّوا فَإِنّی أَخافُ عَلَیکُم عَذابَ یَومٍ کَبیرٍ ."

 

 «Раббыларыңнан жарылқау тілеңдер. Сонан соң Оған тәубе етіңдер. Ол сендерді белгілі бір мерзімге дейін көркем түрде пайдаландырады да, әрбір мәрхамет иесіне артық сыйлық береді. Егер жалтайсаңдар, расында сендер туралы ұлы күннің азабынан қорқамын».

Адам күнә жасаған кезде өзінің адамгершілігі мен рухани болмысына соққы береді. Негізінде, күнә басқа жаратылыстардан ерекше адамның рухани тұрғысын маңызсыз көрсетіп, оны хайундарға жақындатады. Күнә адам мен илаһи рақымның арасына бөгет болады. Бірақ, Алла Тағала адамға көмектесу үшін кешірім сұрап, тәубе етуді ұсынды. Яғни, адам тәубе арқылы жолындағы бөгетті бұзғанда, адамның алдынан илаһи рақымның жолын ашады.

Осы аят бойынша, кешірім сұрап, тәубе ету және адал әрекет ету арқылы Алланың пенделерінің алдынан рақым жолы ашылады. Сөйтіп, олар өмір бойы дүниедегі нығметтерін пайдаланатын болады. Алла Тағала оларды қауіпсіздік, тұрмыс, ғиззат және бедел сынды нығметтерге бөлейді. Мұндай қоғамда халық Құдайды ұмытпай, өз имандарының аясында нығметтерге бөленіп өмір сүреді. Ұлы Алла сүннетіне орай оларға жіберген нығметтерін арттырады.

Алайда дінсіз қоғамда халық екі топқа бөлінеді: бірінші топты үстем, екіншісін әрі көпшілікті әлсіз топ құрайды. Сондықтан осы аяттың жалғасында: «Егер жалтайсаңдар, расында сендер туралы ұлы күннің азабынан қорқамын» деп айтылды. Қиямет күні Алланың дауысынан басқа дауыс естілмейді.

Ходже Абдолла Ансари бұл аяттың әдеби тәпсірінде: «Бұл аят күнәләрдан тазару үшін соларды жасағаны үшін өкініп, кешірім сұрап, тәубеге келуге нұсқайды. Дүниенің нығметтерінен пайдалану үшін ең бірінші күнәлардан тартынып, Аллаға құлшылық ет. Оның бұйырықтарын орында»,- деген.

               *********************************

 

 

Кейбір кезде Рамазан айының түрлі дастарханы мен ораза тұтушылар үшін әзірленетін тағамдардың түрлілігі адамды ысырап етіп, мөлшерден артық тамақтануға себеп болады. Ысырап діннің қисынында көп айыпталған. Ысырап нығметтерден айырылып,  басқаларды құқықтарынан айыруға себеп болады. Құран Кәрім шексіз илаһи нығметтер туралы айтып, барлық адамдарға: «...Жеңдер, ішіңдер де ысырап етпеңдер. Күдіксіз Алла ысырап етушілерді сүймейді», - деп ескертеді. («Ағраф» сүресі, 31-ші аят).

Имам Садық (ғ.с.) ысырап туралы: «Бір күндік ырзығына ие бола тұрып, оған қанағаттанбай, басқалардан сұрайтын болса ысырапшылдардың қатарында  болады»,- деген.

Ысырап ету мен мөлшерден артық тамақтану көптеген физикалық және психикалық ауруларға, сондай-ақ тасжүректікке, ғибадаттардың тәтті дәмін татудан мақұрым қалуға себеп болады. Исламның ұлық пайғамбары асқазанды барлық аурулардың орталығы, артық астан тартынуды дәрменнің басы деп санаған. Христиан дәрігер бұл хадис пен ысырап туралы аятты естігеннен кейін: «Барлық ем мен ғылым – осы аят пен сендердің пайғамбарларыңның сөзінде»,- деген болатын.

Мөлшерден артық тамақтанудың түрлі себептері бар. Кейбір адамдар күйзеліс немесе ашуланғаннан кезде тамақты көп жеп, тынышталады. Кейбіреулердің қаржылары артып, ақшаларын тамаққа жұмсап, басқаларды байқамайды. Алайда кейбіреулер тамақты қомағайлықпен жеп, өздерін тоқтата алмайды. Бұл адамдардың көбінің салмағы артып, жүрек, бауыр және тағы да басқа ауруларға шалдығады.

 Қасиетті Рамазан айында адамдар бір-бірімен бәсекелесіп, артық тамақтануы мүмкін. Кейбір адамдар бұл қасиетті ай мен оразаның негізгі философиясына көңіл бөлмей, ауызашар дастарханын әртүрлі тамақтармен толтырып, ысырап етеді.

Теһран Медициналық университетінің ғылыми кеңесінің мүшесі, доктор Саид Хосейни: «Егер адам тәтті тамақты көп жесе, қандағы қанттың мөлшері көбейіп, адамның тәбетінің артуына себеп болады. Қандағы қант мөлшерінің жоғары-төмен болуы инсулиннің артуына себеп болып, диабеттің екінші түріне шалдықтырады. Ғылыми тұрғыдан майлы, тәтті тамақтарды жеу қан қысымы, диабет, жүрек, артроз сынды ауруларға, тіпті обыр ауруына шалдығу деңгейін арттырады. Қасиетті Рамазан айы – мөлшерден артық тамақтанудан тартынатын жаттығу»,- деді. Сондықтан майлы және қуырылған тамақты көп пайдланудан тартынып, оразаны пайдалы негіздерді сақтап  ұстап, ас қорыту жүйесін демалдырып, денедегі уларды шығарып, денсаулыққа пайда келтіруге болады.

 

Тегтер