Маусым 21, 2017 14:58 Asia/Almaty
  • Рамазан – Алланың айы 25

Қасиетті Рамазан айындағы ораза тұтушылардың жақсы тәжірибелерінің бірі әлемнің Жаратушысымен достық қарым-қатынас орната білуі болып табылады. Бұл қарым-қатынас психикалық алаңдаушылықтар және абыржумен күресуде маңызды рөл атқарады.

Уайым-қайғы мен алаңдау адамның психикасы мен организміне шынайы зиян келтіреді.  Мәселен, кәрі ағаш жаздың аптап ыстығы мен қатты дауылдар мен қыстың аяздарына  қарсы табандылық білдіргенімен, бір кішкентай құрт оның діңі мен тамырына еніп жесе, ағаш аз уақытта қурап қалады. Ағашқа қарап, оның қиын жағдайларға қарсы тұрып, қарсыласқанымен, бір кішкентай құрттың ішінен оны құртатынын көреміз. Адамның жағдайы да осыған ұқсас.

Адамды алаңдаушылық пен күмәндар билеген кезде ол іштен тынып, бірте-бірте өмірге деген үміттен айырылады. Алайда, өз жүрегі мен жанын Алланың рақымына бөлесе, ішкі факторлар оған әсер ете алмайды. Өйткені, ол өзін сенімді және тыныш жайға жеткізгендей сезінеді. Адамзаттың алаңдаушылықтарының бірі мөлшерден артық күту саналады. Адамдар көбінесе барлық құбылыстар мен оқиғалардың олардың қалауларына сай орындалуы туралы армандайды. Мұндай қалау ақылға сай келмейді. Адамзаттың армандарының бәрі орындалмайды. Кейде өткенге өкіну мен келешектен күмәндану адамның алаңдаушылғына себеп болады. Егер, адам мұндай жағдайға тірелсе, өмірдегі шындықты түсіну қабілетінен айырылады. Бұл адамдардың өмірі тек қиындықтарға тірелген сәттермен өтеді. Алайда, жүрегін илаһи рақымға бөлегендер Алланың мейірімінің шексіз екендігіне сеніп, өзін одан мақұрым қалдырмайды. Өйткені, Алланы еске алу тек біржақты емес. Мейірімді Алла оны еске алатын адамды бір сәт те жалғыз қалдырмайды.

Рамазан айы - Аллаға жақындайтын ай

Исламның ұлық пайғамбары бұл туралы: «Алладан көмек сұраған адамның дұғасында күнә болмаса, Алла Тағала  оған мына үш нығметтің бірін сыйлайды: я оның дұғасын жылдам орындайды, немесе адамның ақыреті үшін сақтайды, болмаса  одан жамандықты алыстатады» деген  болатын. Тақуадан дұғада сұрағандарымыз неге орындалмайды деп сұраған кезде ол: «Оның себебі – адамдардың өмірде Алланың бұйрықтарын орындамауында. Пайғамбарды жақсы көресіңдер, бірақ хазіретті өмірлеріңе үлгі етпейсіңдер. Құранға иесіңдер, бірақ оның ахкамын орындамайсыңдар. Жаннаттың бар екендігіне сенесіңдер, бірақ оған бару үшін талпынбайсыңдар»,- деп жауап берді.

          **********************************

 

«Фуссилят» сүресінің 30-шы аяты:

إِنَّ الَّذینَ قالوا رَبُّنَا اللَّهُ ثُمَّ استَقاموا تَتَنَزَّلُ عَلَیهِمُ المَلائِکَةُ أَلّا تَخافوا وَلا تَحزَنوا وَأَبشِروا بِالجَنَّةِ الَّتی کُنتُم توعَدونَ :

 

«Расында: “Раббымыз Алла” деп, сосын мықты тұрғандар оларға періштелер түседі де: “Қорықпаңдар, кейімеңдер! Сендерге уәде етілген жаннат арқылы қуанышқа бөленіңдер” дейді».

Бұл аят иман келтіргендерге, Алланың бұйрығына бағынғандар мен Жаратушының алдында ғибадат жасаушыларға шындық жолында табандылық танытуды тілейді. Олардың көбі ұлы Алламен байланыс орнатып,   оның психикалық және идеологиялық тұрғыдан таусылмайтын қор екенін түсініп, уайым-қайғыға  батпайды.

Кейбір адамдар Аллаға ғашық екендіктері туралы уәж айтқанымен, бірақ іс-жүзінде оның айтқанын орындамайды. Олар шаһуат дауылымен кезіккен кезде имандарына табанды болмай, мүшірікке айналады. Мүдделері қатерге тірелген кезде әлсіз имандарынан айырылады. Әрине, сөзбен уәж айту оңай, бірақ орындау қиын.

Кейбіреулер өздерінің Жаратушыға ғашық екендіктерін ғамалдарымен көрсетеді. Олар Алланың бұйрықтарына бағынғанымен,  әлемдегі оқиғалар мен келемеждерге және әділетсіз дұшпандықтарға төзе алмай, әрекеттерін тоқтатады. Кейбіреулер одан да жаман, тоқтаған соң кейін шегінеді.

Әрине, адам табандылықтың иманның нәтижесі екенін ұмытпағаны дұрыс. Өйткені, жеткілікті әсерлі иман адамды қарсыласуға шақырады. Шындық жолындағы қарсыласу мен табандылық  иманды арттырады. Исламның ұлық пайғамбарының хадистерінің бірінде бір адам хазіреттен: «Маған соны орындап, бұл дүние мен ақыретте құтқарылатын бұйрық бер»,- деп сұраған кезде хазірет: «Менің Жаратушым – Алла» деп айт» деген.

             ************************

 

Қасиетті Рамазан айы – қайырымдылық, береке, адамды тәрбиелейтін және Құран жіберілген ай. Адам кемелденген сайын, бұл айдан көбірек пайдаланады. Адамның организмі мен рухының саулығы үшін кеңес берілген спорт қасиетті айдың соңғы күндері ерекше рөл атқарады. Спорт оразаға қайшы келмек түгілі, дұрыс орындалса, ораза тұтушының тыныштығына себеп болып, күйзелісті  азайтып, ойлану қабілеті мен сабырды нығайтады.

Рамазан айындағы спорт организмде майдың жиналуының алдын алады. Спорт физикалық күш-қуатқа оң әсер етуімен бірге миға әсерін тигізіп, үйрену қабілетін арттырады. Биылғы Рамазан айының жаздың ыстық күндерімен тұспа-тұс келуіне орай ораза тұтушылар денсаулықтарын сақтауға  көбірек талпыныс жасауы керек. Ораза тұтумен бірге күннің ыстығы спортпен айналысуды қиындату мүмкін. Бірақ, егер спортпен айналысуға әдеттенген болсаңыздар,  барлық әрекеттеріңізді тоқтатқыларыңыз келмейтін болар.

Қасиетті рамазан айындағы спорт

Спортты жалғастыру – денсаулықты нығайтып, Рамазан айынан көбірек ләззат алу үшін орынды жол. Егер, адам дұрыс тамақтанса, ораза тұтуымен бірге спортын жалғастырып, физикалық саулығын қамтамасыз ете алады. Алайда, Рамазан айында ауыр спорт қимылдарын орындауға болмайды. Өйткені, ораза тұтушының көп жаттығуы энергияның көп жұмсалуына байланысты шөл мен қан қысымының төмендеуіне әкелуі мүмкін. Спорт  жаттығуларын азайтып, энергияны жоғалтпаған жөн. Мәселен, жүгіруді жылдам жаяу жүруге ауыстыруға болады. Қасиетті Рамазан айында спортшы ораза тұтушыларға сүт пен сүт тағамдарын, нан мен дәнді дақылдарді, көкөніс пен жеміс, ет, жұмыртқа және қабығы жоқ бұршақтарды жеу қуатталған. Олар пайдалы тамақпен организмнің қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, оразаны денсаулықтары үшін пайдалана алады.

 

Тегтер