Иран базары (5)
Ирандағы кілем өнеркəсібі тарих бойында осы жердің мəдениеті мен өнерінің көгінде жарқыраған ирандықтардың өнері, жасампаздығы, ұжымдық талпынысы мен ұлттық мəдениеті көрінісінің қосындысынан тұрады. Бүгінгі бағдарламада иран кілемімен таныстырамыз.

"Иранның қолдан тоқылған кілемінің энциклопедиясы" атты құнды кітаптың авторы доктор Хосейн Мұджаддад осы кітаптың кіріспесінде: "Бағзы замандардан бері əлем халықтары Иранды айшықты екі нəрсемен таныған: поэзия жəне кілем. Басқаша айтқанда, ирандықтардың эстетикалық талғамы мән-мағына тұрғысынан да, материал мен түс тұрғысынан да кілемде көрініс тапқан. Бұған қарамастан, кілем өнерінің поэзия өнерінен артықшылығы мынада: поэзия жеке өнер саналады, ал қолдан тоқылған кілем – ұжымдық өнер».
«Фарш» (кілем) парсы тілінде киіз, ши тоқыма, алаша, текемет сияқты жерге жаятын төсеніштерге қатысты айтылады. Алайда, әдетте кілем жайлы сөз болғанда «қалы кілем» мағынасы назарға алынады. Ол әлуан түс пен нақышқа ие жіп, жүн мен жібек сияқты шикізаттардан тоқылады. Кілем тоқу өнеркәсібі – ирандықтардың ең көне өнеркәсіп түрлерінің бірі. Ол тарих бойында нәзіктік пен сұлулық және тоқуда қолданылған техника тұрғысынан даму үдерісінен өтті. Көптеген саяхатшылар мен тарихшылар өздерінің жазбаларында Иранның әртүрлі аймақтарында, соның ішінде Әзірбайжан, Фарс, Хузистан, Исфахан мен басқа да жерлерде кілем тоқу шеберханаларының болғанын жазған. Олардың сипаттамаларында кілем тоқушылар ерекше ынтамен кілем тоқып жатады. Грек тарихшысы Газанфон өзінің «Куруштың жолы» атты кітабында ирандықтардың жататын жерлері жұмсақ болуы үшін төсектерінің астына кілем төсеп отырғанын жазған. Бұл жазбалар мен сөздер Иранда кілем тоқу өнерінің кең таралғаны мен оның халықтың күнделікті тұрмысында кең қолданылатындығынан хабар береді. Тіпті, кілем халықтың күнделікті қажеттіліктерінің бірі саналған деп айтуға болады. Қолдан тоқылған кілемсіз ирандық үй рухсыз, махаббат пен өмірден кенде үй саналады. Кілем – бір ұлттың өз мәдениеті және өнерімен байланысының нышаны.
Ирандағы кілем тоқу өнеркәсібі өнер, жасампаздық, ұжымдық талпыныс пен ирандықтардың ұлттық мәдениетінің көрінісі болып табылады. Бір кілемнің тоқылуы мен сақталуында әртүрлі адамдар тікелей және жанама түрде рөл атқарады: бояушы, кілемді жобалаушы, тоқымашы және жөндеуші.
Тарихи тұрғыдан алғаш рет кілем тоқуды бастаған қауым мен ұлт немесе кілем тоқылған уақыт пен жер айқын емес. Бұл мәселе қолдан тоқылған кілемдердің табиғи құрамына байланысты болуы мүмкін. Кілем тоқу әдісі себет тоқу үшін өсімдік талшықтары мен ағаштардың қабығын бір-біріне қабыстыра өрудің кемелденуінің нәтижесі болып табылады. Басында кілем төсеніштен аса жұмсақ болмаған, өйткені жануарлардың терісі мен жүнінен тоқып жасалған. Қой сияқты жануарларды қолға үйретіп алғаннан кейін кілем тоқушылар қойдың жүнін түкті кілем тоқуға пайдалана бастады.
Тарих кілем тоқу техникасының алдымен әйелдер тарапынан табылғанын және тарих бойында да кілем тоқушылардың көбінің әйелдер болғанын көрсетеді. Олар төсеніш пен кілем тоқу барысында үй жануарларының үстіне жабатын терлік пен зат таситын аспалы қаптар жасаған.
Иранның ең көне кілемі – «Пазирик» деп аталатын әйгілі кілем. Орыс археологы С.А.Руденко 1949 жылы Сібірдегі Пазирик сайында орналасқан сақ патшаларының бірінің қабірінен осы кілемді тапқан. Пазирик кілемі әртүрлі жүннен тоқылған. Ондағы нақыштарда салт аттылар, жайылып жүрген бұғылар, басы бүркіт, денесі арыстан мифологиялық аңдар мен гүлді жиектер бедерленген. Өнер саласындағы мамандардың айтуы бойынша, Пазирик кілемінде қолданылған тәсілдер кемінде бірнеше ғасырлық кілем тоқу өнері болған бай мәдениеттің болуын қажет етеді. Пазирик кілемін тоқудан бұрын ұзақ ғасырлар бойы бұл кәсіп Иран үстіртінде кең таралған. Ирандықтар оның құпиясын жасырын ұстамаған. Пазирик кілемі 2400 жылдан астам уақыт бойы Сібірдің мұзында қатып жатқандықтан, толығымен жойылып кетуден аман қалған. Лондонның Ақпарат журналы 1953 жылы 11 шілдеде осы кілем туралы: «Пазириктен табылған ең маңызды заттардың бірі – әртүрлі нақыштармен өрнектелген кілем. Оның жобасы артына, ал нақышы алдына салынған. Қабірдің жанында аттардың сүйектерімен бірге табылған бұл кілем сол аттардың бірінің үстіне жабылған терлік болған. Ол өте нәзік әрі әдемі тоқылған. Кілемнің бетінде мифологиялық қанатты аңдар бедерленген. Содан кейін ирандық салт аттылар бір адамдай тізілген. Оның артында бір адам аттың ауыздығын ұстап, әкетіп барады. Салт аттылар Ахемени заманындағы ирандықтардың арнайы бас киімін киген»,-деп жазған.
Руденко 1953 жылы табылған зат туралы жазған кітабында кілемнің нақыштары және ондағы қызыл, көк, жасыл, ашық сары, қою сары түстер сияқты ерекшеліктерді сипаттап, бұл кілемнің тоқылуын тікелей ирандықтарға теліді. Ол кілемдегі нақыштар мен Персеполистегі Ахемени заманындағы өзіндік нақыштары арасындағы ұқсастыққа назар аударып, бұл кілемнің Ахемени үкіметінде Иранның үш бөлігінде – мадтар, парттар немесе ежелгі Хорасан мен Парстың бірінде тоқылғанын айтады. Кейбір зерттеушілер Пазирик кілемінде қолданылған нақыштарды талдап, оны парттық өнер иелері жұмысының нәтижесі деп санайды. Олардың сенімінше, Ахемени заманындағы Парттар Иранның Пазирик сайына ең жақын бөлігі болған. Парттардың атқа міну өнері, салт аттылардың бас киімдері, парттардың солтүстіктегі алқаптарында бұғылардың болуы бұл кілемнің парттардың жерінде тоқылғаны туралы пікірлерді дәлелдей түседі. Қазіргі таңда Пазирик кілемі Ресейдің Санкт-Петербург қаласының Эрмитаж мұражайында сақталуда.
Бүгінде Эрмитаж мұражайы Иранның нәзік те құнды кілемдерін сақтайтын әлемдегі жалғыз мұражай емес.
«Ардебиль» кілемі – Лондонның «Виктория және Альберт» мұражайында сақталынатын Иранның көне әрі нәзік кілемдерінің бірі. Бірнеше жыл бұрын «Санди Таймс» газеті бұл кілемді әлемнің бірегей 50 туындысының қатарында таныстырды. Жобалауы мен тоқу тәсілі тұрғысынан Иран мен әлемнің ең сирек кездесетін әрі ең танымал кілемі саналатын «Ардебиль» кілемі 1539 жылы тоқылған. Бұл кілем әдемі нақыштары тұрғысынан бірегей өнер туындысы және Сефевилер заманындағы (1501-1722) сопылардың ойы мен өнерінің символы болып табылады.
«Челси» кілемі де осы мұражайдағы Иранның келесі танымал кілемдерінің бірі. Бұл ирандық кілем Челси қаласының Кингс көшесіндегі бір саудагерден сатылып алынғандықтан, осы атпен танымал. Кілемде қолданылған нақыштарға торандж-дөңгелек шапақтар, бөкен мен бұғы сияқты аңдарды аулау, арыстан мен қабылан сияқты жыртқыш аңдар, ағаштар, бұталар мен гүлзарлар арасындағы айдаһар сияқты мифологиялық аңдардың суреттері жатады.
Аустрияның Вена қаласындағы Өнер мен өнеркәсіп мұражайында әлемде ең сирек кездесетін кілемдердің бірі Сефевилер заманына тиесілі «Аңшылық» кілемі сақталынады. Бұл толығымен жібектен тоқылған кілем. Ол 16 ғасырдың басында шах Аббастың билігі кезінде (1571-1629) тоқылған. Онда осы ирандық шахтың аң аулауға шыққан кезі бейнеленген.
Нью-Йорктің «Метрополитен» мұражайы да «Польшалық» деп аталатын Иранның екі жұп (4 дана) кілемін сақтаған әлемнің ең танымал мұражайларының бірі. «Польшалық» кілемдері Иранның кілем тоқу өнеркәсібі тарихының «Иран кілемдерінің ренессансы» деп аталатын дәуірінің, яғни Сефевилер заманының өнімі болып табылады. «Полонези немесе польшалық» кілемдері ауқымды бөліктерінде күміс немесе алтын жіптен тоқылған тықыр кілемде бедерленген гүлдері бар кілемдердің үлкен тобына жатады. Бұл кілемдердің құрамы мен бояуы ерекше. «Польшалық» кілемдерінің көбінде жобаланған элементтер – гүл мен бұта, соның ішінде ақ тұңғиық,бұта мен жапырақ. Бұл ирандық кілемдердің «Полонези» немесе польшалық аталуының себебі жайлы былай деуге болады: алғаш рет 1878 жылы Парижде өткен халықаралық көрмеде польшалық князь Чарторыйскийдың заттарының арасында кілемдердің осы түріне жататын біреуі польшалық ақсүйек жанұяның белгісі деп саналған белгімен көрмеге қойылды. Сол себепті олар «польшалық» кілем деген атпен танылған. Алайда, кейін 1930 жылы Ригл есімді адам кілемдердің польшалық болуы туралы көзқарасқа күмән келтірді. Ол кілемдердегі жобаларға қарап, олардың тарихының 18 ғасырдан бұрын басталуы тиістігін анықтады. Ригл, Буд және Мартинің зерттеулерінен кейін жеткілікті тарихи және көркемдік дәлелдер табылған соң, бұл кілемдердің ирандық екені және 17 ғасырға тиесілі екені дәлелденді. Қазіргі таңда бұл кілемдердің ирандық екендігінде күмән жоқ. Алайда ирандық кілемдердің осы түрін «польшалық» атауын пайдалану әлі жалғасып келеді».
«Польшалық» деген атпен танымал кілем Ирандағы салтанатты сарайлар үшін тоқылумен қатар патшалық сыйлық ретінде еуропалық билеушілерге жіберіліп отырған. Сол себепті, Батыс елдерінің көбінің мұражайларынан, соның ішінде АҚШ-тағы Нью-Йорктің «Метрополитен» мұражайы мен Кливленд мұражайынан, Венецияның Сен Марко шіркеуінен, Мюнхеннің «Резиденс» мұражайынан, Данияның Рузенберг қамалынан осы кілемдердің үлгілерін көруге болады.
Бүгінде Иранның көптеген қалаларында нәзік те қымбат кілемдер тоқылады. Ондағы жобалар мен нақыштар қолданылған бояулармен бірге Иранның осы өнер түріне қызығушыларды таңдандырып, баурап алады. Келесі бағдарламада осы тақырып жайлы көбірек сөз қозғайтын боламыз.
Иранның басқа да нәзік кілемдерінің суреттері
Қолдан тоқылған «Саруқ» кілемі
فرش دستبافت ساروق
فرش اوشاک
فرش نفیس ایرانی
فرش ترنج دار موج دریا- موزه وین
فرش ترنج دار منظره جانوران- موزه پیتزولی- ایتالیا
فرش 400 ساله ایرانی در موزه ای در سوئد
فرش نفیس محتشم کاشان
نمونه ای از قالی کرمان با طرح گلدان- موزه فرش ایران
فرش هفت شهر عشق
فرش هفت شهر عشق
فرش کلارک
قالیچه ابریشمی و زربافت از گروه قالی های لهستانی- موزه کلیولند امریکا
فرش نفیس طرح درختی هراتی
قالی ایرانی