Там 12, 2017 18:06 Asia/Almaty
  • Такфиршіл ағымдардың идеологиясы мен әрекеттерінің негіздеріне шолу 5

Бүгін тәкфиршіл ағымдардың идеологиясының негіздері мен олардың хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның пәк Ислам дінінің тағылымдарына қайшы әрі бұрмаланған идеологиясына назар аударамыз.

Тәкфиршілер

 Тәкфиршіл салафиттік ой-пікірлердің негіздерінің бірі сөздің ақылдан басымдылығы саналады. Сөздің ақылдан басым болуы –гносеологиялық принцип негіздерінің бірі. Олар ислам әлеміндегі мутазелиттерге қарсы калам мектебінің пайда болуына себеп болды. Хаваредждер ислам әлемінде «біздің есебіміз тек Алланың кітабы бойынша» деген ұранды көтерген бірінші ағым болды. Хаваредждерден кейін шамамен екі ғасырдан кейін ең маңызды хадисшілердің бірі Ахмад бен Ханбал хиджри жыл санағы бойынша екінші ғасырда аяттар мен рауаяттардың сыртқы көрінісіне көп ырымшылдық білдірді.

Ахмад бен Ханбал

Гносеологиялық принциптердегі тәкфиршіл ағымдардың ойланбай, тек сөзге мән беруі аяттар мен рауаяттардың тек сыртқы мағыналарына назар аударып, қатыгездікке жол ашты. Кітап пен сүннеттің тек сыртқы мағынасына көңіл бөліп, ақылды пайдаланбау аяттардың, әсіресе ұқсас аяттардың басты мағынасын түсінбеуге себеп болады. Уаһабшы мүфтий Салеһ бен Фузон бұл туралы: «Алланың өзі туралы баядағаны немесе Исламның ұлық пайғамбарының ол туралы баяндауы кезінде  сыртқы мағынасы дұрыс» ,- деген.

                                                      Салеһ бен Фузан

Уаһабшылар Алланы бұл әлемнің сыртында жоғарыда отыр деп, Алла барлық жерде бар деген пікірді күпіршілік деп санайды.

Жазылғанның мағынасынан басым болуын қолдайтын ағымдардың тамырын анықтау үшін хавареджерге тоқталуға болады. Олар Құран аяттарының ең үстірті тәпсірлеріне сүйеніп,  «Үкім Аллаға ғана тән» деген аятқа сілтеме жасап, имам Әли (ғ.с.)-ды өлтіруге жеткізген ислам әлемнің үлкен бұрмаланушылығына себеп болды. Алла сөзінің құнды мағыналарына көңіл бөлмеу хаваредж сынды ДАИШ тәкфиршіл ағымының соған сүйеніп, уақыт пен саяси және әлеуметтік салалардың қажеттіліктерімен санаспай, діни ахкамды ең жеңіл түрде іске асыруға соқтырды. Олар Ибн Таймиенің хадисшіл көзқарастарының негіздері бойынша тәпсірлерге наза аудармай, Құранды қатыгез көрсетіп, ахлақи түсініктер мен тағылымдарды бұрмалайды. Бұл  Батыстың исламнан үркіту саясатына сай келеді. Тәкфіршіл салафиттер Құран аяттарын бұрыс сараптап, олардың мағыналарына назар аудармай, басқа мұсылмандарға тәкфиршіл үкімдер шығарады. Олар «Ниса» сүресінің сыртқы мағынасына сүйеніп, «егер мұсылмандар кішкентай күнә жасап, жылдам тәубеге келмесе, кәпір болады» деп санайды. Өйткені, аталмыш аятта «Шын мәнінде, жамандықты білмей істеп, сонсоң дереу тәубе етсе, сонда олардың тәубесін Алла қабылдайды» деп айтылған. ДАИШ тәкфіршілері, сондай-ақ «Наһл» сүресінің «Егер дұшпанға жаза берсеңдер, өздеріңе істелген тәрізді ғана істеңдер..» деп айтылған 126-шы аятына сілтеме жасап, қолдарына қамауға түскен иорданиялық ұшқышты жантүршіктірерлік түрде өртеп жіберді.

ДАИШ иорданиялық ұшқышты өртеді

 Құранның әр тәпсірін теріске шығару және илаһи аяттардың терең мағыналарына назар аудармай, тек сыртқы мағыналарымен шектелу ДАИШ сынды тәкфиршіл топтардың қатігез әрекеттеріне себеп болған ең маңызды салдарларының бірі болды. «Ниса» сүресінің 78-ші аятында «...Сөзді түсінуге жанаспайтын сол елге не болды?» және аталмыш аяттың 82-ші аятында «Ал сонда олар Құранды түсінбей ме? Егер Алладан басқаның қасынан болса еді, әрине онда олар көптеген қайшылықтар табар еді» деп айтылған. Исламның ұлық пайғамбарының сенімді рауаяттарында аяттардың ішкі және сыртқы мағыналарына көңіл бөлінген.  ДАИШ сынды тәкфиршіл топтар «Ниса» сүресінің «Шын мәнінде, жамандықты білмей істеп, сонсоң дереу тәубе етсе, сонда олардың тәубесін Алла қабылдайды» деген 17-ші аятына сүйенеді. Сүнниттердің «Сахих Мүслім» кітабындағы пайғамбардың (с.ғ.с.) хадистерінің бірінде хазіреттің: «Кеш батқаннан күн атқанға дейін және қияметтің белгілері пайда болмастан бұрын тәубе еткен адамның тәубесі қабыл болады»,- деп айтқанын оқимыз. Бұл аятта өлімге дейінгі немесе қияметтің белгілері көрінбестен бұрын жасалған тәубе туралы айтылды.

Тәкфиршіл ағымдардың басшылары

Тәкфиршіл салафиттердің идеологиялық негіздерінің бірі аяттар мен рауаяттарды дәлелдеуде ақылды қабылдамауы болып табылады. Ақыл – имамиттер мен мутазалиттер жақтастарының фикх пен шариғатты  үйрену  негіздерінің бірі. Салафиттердің пікірінше, Құран мен сүннет діннің барлық негіздеріне көңіл бөледі және ақылды қажет етпейді. Ибн Таймиенің айтуынша, «Бұл негіз – ғылым мен иманның негізі. Бұл негізге жабысқан әр адам сүннет пен жамағат және шындықтың жақтасы». Ибн Таймие философия мен қисынға қатты қарсы болып, осы салада бірнеше кітап жазды. Ол ақылды теріске шығарып: «Ақылды мақтағандар негізінде ақыл деп аталған пұтты мақтайды. Жалғыз ақыл жеткіліксіз болғандықтан Алла Тағала елшілерін жіберген»,- деген болатын.

Ваххабизм

 Ақылдың ең маңызды мағыналарының бірі адамзаттың ілімі саналады. Бірақ, тәкфиршіл топардың пікірінше, ақыл адамды Алладан мұқтажсыз ететін бүлік саналады. ДАИШ сынды тәкфиршіл топтар мұндай идеологиясымен ақылды шариғат негіздерін дәлелдеуге қолданбайды. Алайда, Құран адамзатты ойлану мен кемеңгерлікке шақырады. Құранда «ілім» деген сөз 70-80 рет, «ақыл» 49 рет, «ойлану» 18 рет, кемеңгерлік иелері «лубба» деген сөз 16 рет кездеседі. Сондай-ақ, пайғамбарға жіберілген бірінші аяттарда оқу, қалам және ілім туралы айтылған. Бұл – Исламның мақтаныштары.  

 

Тегтер