Там 15, 2017 16:38 Asia/Almaty
  • Жетекшілік хадисі 126

Алла Тағаланың қасиеттерінің бірі сыр сақтау болып табылады. Оның шексіз ғылымы бүкіл әлем мен әлемдіктерді қамтиды. Жаратушы барлық сырдан хабардар. Алайда оның сыр сақтау қабілетін сөзбен жеткізу мүмкін емес.

Өтірік, ғайбат, тіл тигізу, балағаттау және басқа да үлкен күнәлар – адамның денесіндегі тіл деп аталған кішкентай ағзаның ісі. Сыр сақтау мен сырды әшкерелеу тілдің  келесі істерінің қатарына жатады. Алланың пендесі әрі жердегі халифасы саналатын мүмін адам Құдай сияқты сыр сақтаушы болып, басқалардың кемшіліктерін әшкерелемегені жөн. Имам Реза (ғ.с.) хадистердің бірінде: «Мүмін үш қасиетке, атап  айтқанда: Жаратушының, пайғамбардың және Алланың орынбасарының сүннетіне ие болмаса, еш уақытта адал мүмін бола алмайды. Алайда, Алланың сүннеті, яғни сырды сақтай білу. Алла елшісінің сүннеті – халықпен ымыраға келу; имамның сүннеті –қиындықтардың алдында сабыр сақтау»,- деген болатын.

Сыр сақтау туралы көптеген рауаяттарды кездестіруге болады. Имам Садық (ғ.с.) оны  адамның тамырындағы қан сынды деп атап: «Сенің сырың қаныңның бір бөлігі тәрізді. Сондықтан, ол тек сенің тамырыңда ғана ағуы керек»,- деген. («Мизан әл-Хикмат», 2-ші том). Яғни, адамның тамырындағы қанның тамырдың  сыртына кетсе адамның өміріне қиындық тудырып, кейде тіпті өліміне себеп болатындығы сияқты адамның сыры да басқалардың арасында жайылатын болса, оның күнделікті өмірін қиындатып, абыройын қатерге  тірейді. Мұнымен қатар өз сырын сақтай алмаған адам көбінесе басқалардың сырын да сақтай алмайды. Сол себепті, басқалар да оның сырын жасырмайды. Имам Реза (ғ.с.) өз сырын сақтай алмайтын адамдарға: «Сенімді адам саған қиянат жасамайды. Аманатыңды, яғни сырыңды сен өзін қиянат жасайтын адамға тапсырдың»,- деп ескерткен болатын. 

Сырды әшкерелеу - қиянат!

Сондықтан, ислам мектебінде халықтың сыры аманат, оны әшкерелеу аманатқа қиянат жасау саналады. Имам Әли (ғ.с.): «Саған айтылған сырды әшкере етпе. Өйткені, сырды әшкерелеу қиянат саналады»,- деп қуаттаған. Исламның ұлық пайғамбары: «Адам біреумен сөйлескен кезде олардың сөзін ешкім естімеуі үшін айналасына қарағаны жөн. Өйткені, сөз басқа адамдардың алдында айтылмауы қажет»,- деген. Келесі маңызды мәселе, егер кімде-кім халықтың сырын әшкерелесе, Алла Тағала оның есебін жылдам қайтарып, сол адамның сырын халықтың алдында әшкере ететіндігінде. Имам Әли (ғ.с.) құнды хадистерінің бірінде: «Алла Тағала мұсылман бауырының құпиясын әшкерелеген адамның кемшіліктері мен сырын жария етеді»,- деген. Сол себепті, қандай себеп болғанымен, ешбір адамның басқалардың сырын әшкерелейтін құқығы жоқ. Рауаяттардың бірінде былай деп айтылған: Бір адам сырға берік достарының біріне хат жазады. Оның қасында отырған адам көзінің қиығымен хатты оқиды. Сол кезде хатты жазып отырға адам: «Егер қасымдағы адам ұрланып, менің жазғанымды оқымағанда барлық сырымды жазатын едім»,- деп жазады. Сол кезде қасында отырған адам: «Алламен ант етемін, мен сенің хатыңды оқымадым»»,- дейді. Жазып отырған адам: «Ей, надан, егер оқымасағ, хатта сен туралы айтылғанын қайдан білесің?» дейді. Мүмін адам сырын сақтап, жағдайын сақтайды. Өйткені, өмірдің кейбір сырын әшкере еті қызғаныш, кек және жөнсіз бақталастыққа себеп болып, адамның мүдделері қатерге тіреді. Осыған орай имам Әли (ғ.с.): «Егер жария етпесең, сырың беделің мен қуанышың, ал егер сырды әшкере етсең,  өліміңе себеп болуы мүмкін»,- деген. («Бихар әл-Анвар», 74-ші том). Келесі бір сөзінде: «Өз сырыңа қатысты сараңдық таныт» деген. Достық пен дұшпандықтың шекарасы белгісіз жағдайда өз сырыңды басқаларға айтпа. Өйткені, мақсатқа ие адам жұмысы нәтижеге жетпегенше, өз мақсаты туралы айтпағаны жөн. Имам Садық (ғ.с.): «Досыңды жеке сырларыңнан хабардар етпе, өйткені адамның досы кейде оның дұшпанына айналуы мүмкін.(«Сафинат әл-Бихар», 7-ші том).

 

Тегтер