Нау 21, 2016 11:05 Asia/Almaty

Ислам мал-мүлік пен байлықты және кез-келген материалдық нығметті қоғамның тұрақтылығының критерийі деп санайды.

Құран Кәрім мүлікті маңызды деп атап, оны адамдардың күші ретінде еске салады. Алла Тағала «Ниса» сүресінің 5-ші аятының бір бөлімінде: «Алланың сендерді басына тұрғызған малдарды ақылсыздарға бермеңдер»,- деп айтады. Бұл мүліктің жеке адам мен қоғамның өмірі мен тұрақтылығына әсер ететінін және  экономиканың  жойылуымен қоғамның қатерге тірелетінін көрсетеді. Басқаша айтқанда, мүлік қоғамның тамырындағы қан сияқты. Сондықтан оны бұрыс пайдалануға болмайды. Құран дамуға себеп болатын мүлікті құнды санап, оны жақсы атайды. «Бақаре» сүресінің 180-ші аятынан: «Біреулеріңе өлім келген шақта артына мал қалдырса, әке-шешесіне, жақындарына дұрыстықпен өсиет парыз етілді. Өсиет тақуаларға бір міндет»,- деп оқимыз. Бұл аятта Алла Тағала мүлікті «жақсылық» деген сөзбен еске алады. Алла «жақсылық» деп санайтын әр нәрсе ерекше құнды саналады. Сол себепті  мүлікті ақылмен қолдануды жақсылық, ал оны ысырап етуді жамандық деп айтуға болады. Алла мүлік пен байлықты өзінің пенделеріне берген нығметі және шүкіршілік етудің себебі санайды. Адал мүлікке ие болып, экономикалық жұмыстармен айналысу үшін еңбектеніп, талпыныс жасау әрқашан Исламның ұлық пайғамбары  мен хазірет әулетінің ерекше назар аударған мәселесі болды. Керісінше, мүлікті дұрыс пайдаланбау айыпталды. Хазірет Әли (ғ.с.): «Суы мен егістік жері жеткілікті бола тұра соны дұрыс пайдаланбайтын және жалқаулық танытып, мұқтаждыққа ұшырайтын халық Алланың рақымдылығынан алыстайды»,- деген болатын. Исламдық экономикалық тағылымдарда өнім өндірудің мақсаты жеке адам мен қоғамның экономикалық дамуы мен өмірін қамтамасыз етуге себеп болатын кез келген еңбекпен айналысу болып табылады. Исламның басшылары мұсылмандарды өнеркәсіп, ауылшарушылығы және саудамен айналысуға жігерлендіріп, еңбек пен өнімді олардың ғиззатының  критерийі деп санайды. Имам Садық (ғ.с.)-ның серіктерінің бірі: «Күндердің бірінде имам Садық (ғ.с.) менің базарға, яғни жұмыс орныма басқалардан кешірек баратынымды көріп: «Өзіңнің ғиззатыңа, яғни жұмыс орныңа таңертең асық»,- деді»,- деп есіне алатын. Жұмыс орнын ғиззат деп атау еңбек пен өнім және байлықты пайдаланудың ғиззат екенін көрсетеді. Өнім өндіру Исламның көзқарасы бойынша құнды мақсат саналады. Аяттар мен рауаяттардан ғиззатты сақтап, мұқтажсыз болу, тұрмысты жақсарту және Алланың жолында жомарттық көрсетіп, жеке адам мен қоғамның қажеттіліктерін шешу исламдық өмір сүру тәсіліндегі экономикалық жұмыстар мен өнім шығарудың мақсаттары болып табылады. Имам Бақер (ғ.с.): «Адамдарға мұқтажсыз болып, жанұясын сақтап, көршісіне махаббат білдіру арқылы ырзығына ие болғысы келген әрбір адам қиямет күні Алланы айдың 14-ші түні  жарқыраған айдай көреді»,- деген.Сондай-ақ, рауаяттардың бірінде былай деп айтылған: «Ер адам имам Садық (ғ.с.)-ға: «Алламен ант етемін, біз дүниеде мүлік пен байлыққа ие болғымыз келеді»,- дегенде хазірет: «Оларды не істейсің?»- деп сұрайды. Ер адам: «Өзім мен жанұямның тұрмысын қамтамасыз етіп, жақындарыммен қарым-қатынас орнатып, садақа беріп, қажылыққа жұмсаймын»,- деп жауап беріпті. Сонда имам: «Бұл дүниені емес, ақыретті талап ету»,- деді». Бұл рауаяттардан Исламның  еңбектенуге жігерлендіруінің мақсаты байлық жинау емес, оның мақсаты илаһи нығметтерді дамытып, соларды өзі мен өзіне ұқсастардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін пайдаланып, мүлік пен байлықты анықталған  бағытта жұмсау екендігі белгілі болады. Жоғарыда айтылған мәселелерден исламдағы өнім шығару мен экономикалық жұмыстардың мақсатының басқа экономикалық жүйелерден өзгеше екенін көреміз. Барлық экономикалық мектептер өндіріске ерекше көңіл бөліп, оны экономикалық даму үшін маңызды деп санайды. Алайда мұндай көзқарастардан айырмашылықтар байқалады.  Әлемнің кейбір экономикалық мектептерінде  өнім өндіру адамдар үшін тек материалдық пайда саналады. Мәселен, капиталистік мектепте капиталды көбейту – экономикалық жұмыстардың негізгі мақсаты. Алайда өмірдің барлық істері материалдық мәселелермен шектелмейді. Бірақ исламдық әлемтануда адам материалдық және рухани немесе бұл дүние мен ақыретте өмірге ие  әрі ақыреттегі өмірінің сапасы оның бұл дүниедегі өміріне байланысты. Осыған орай бұл мектептегі экономикалық жүйеде өндіру материалдық  және дүниелік  тұрмыспен шектелмейді. Бұл жерде ақыретте бақытты болу мәселесіне де көңіл бөлінеді. Сондықтан  мұндай жүйеде дүниелік өмірдің негізгі қажеттіліктері адамды Аллаға жақындататындай болып қамтамасыз етілуі керек. Яғни, исламдық өмір сүру тәсілінде  адам өнім өндіріп, басқа экономикалық жұмыстармен айналысуымен бірге шынайы бақытқа жету мақсатын да ұмытпайды. Басқаша айтқанда, адамның мақсаты беделді материалдық өмірге ие  болуымен бірге мәңгілік бақытқа ие болуы болып табылады. Исламның өнім өндіру мәселесіне деген көзқарасынан исламдық экономикалық жүйеде оның өзгеше орынға ие екендігі байқалады. Ислам еңбек, капитал және Алла берген табиғи ресурстарды илаһи нығметтер деп санайды.  Алла Тағала оларды адамға арнайы мақсаттарға жету саласында пайдаланатын  аманат ретінде тапсырды.  Құран Кәрім көптеген аяттарында Алланың адамға берген табиғи ресурстары мен  мүмкіндіктерін оның есіне салып, адамды оларды ұмытпауға жігерлендіреді. Сондай-ақ, басқа аяттарда адамның аспан мен жерді билеуі, күн мен түннің жаратылуы, жел мен жаңбырдың жіберілуі және теңіздерде кемелердің қатынас орнатуларының мақсатын Алладан ырзық талап ету деп атайды. Бұл аяттар адамды ырзығына ие болу үшін өнім өндіруге жігерлендіреді. Мәселен, «Жәсия» сүресінің 12-ші аятында: «Ол сондай Алла, теңізді еріктеріңе берді. Оның бұйрығымен теңізде кемелерді жүргізіп, Оның кеңшілігінен несібе іздейсіңдер. Әрине шүкірлік етерсіңдер»,- деп айтылған. Адамның аспан мен жерде билік етуі және оның нығметтерін пайдалануы қажетті құралдар, заманауи техника мен технологиясыз мүмкін емес. Сондықтан Алла Тағала өнім шығару үшін қажетті барлық құралдарын адамның ықтиярына тапсырып, оған қажеттіліктерін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.         Исламдық мәдениет пен тағылымдарда жақсы қоғам – күш-қуаты жоғары қоғам. Сол себепті Алла Тағала «Инфал» сүресінің 60-шы аятында: «Сендер де шамаларың келгенше әр түрлі күш әрі ат байлаумен әзірлік көріңдер. (Сондай-ақ заманауи техникалық құралдар дайындаңдар.) Алланың дұшпанын, өз дұшпаңдарыңды тағы олардан өзге дұшпандарды қорқытасыңдар..»,- деп айтады. Қазіргі әлемде бір халықтың күш-қуаты оның экономикасы мен техникалық біліміне сүйеніп, көбінесе әскери соғыстардың орнын экономикалық, мәдени және ақпараттық соғыстар басады. Алланың дайын болу және дұшпанға қарсы тұру бұйрығын орындау үшін техникалық-экономикалық тұрғыдан дамып, әсіресе ішкі өнімді көбейту қажет. Сондықтан  күш-қуатқа жетіп, әлемдік деңгейде өз-өзін қамтамасыз ету исламдық өмір сүру тәсіліндегі өнім өндіру мен инвестицияның мақсаттарына жатады. Қорыта айтқанда, исламдық экономикалық жүйеде өнім өндіріп, экономикалық дамусыз  іске асырылмайтын мақсаттар баяндалған. Тұрмысты жақсартып, күш-қуатқа ие болу тек экономикалық табыстардың арқасында ғана жүзеге асады. Сонымен бірге кедейшілікті жою, өндіріске инвестиция салып, байлық пен капиталды тұрақтандыру экономикалық даму үдерісі қуаттайтын мәселелердің қатарына жатады.

Тегтер