Там 31, 2017 21:10 Asia/Almaty
  • Имам Реза (ғ.с)-ның өмір салты (17)

Бүгінгі бағдарламамызда имам Реза (ғ.с)-ның көзқарасы бойынша білім алудың маңызы жайлы сөз қозғаймыз.

Разавилік өмір салты

Адамның болмыстық ұмтылыстарының бірі ақиқат іздеу, ал адам қабілеттерінің бірі шындықты тану болып табылады. Өзін-өзі және  қоршаған әлемді тану, немесе басқаша айтқанда, өзіндік сана-сезім мен өзгені танып- білу адам бойындағы қасиеттерге жатады. Адам өзі мен жеке қасиеттерін түсініп, тану арқылы басқа нәрселерді тани алады, тіпті Құдайды да тани алады. Сондықтан, білім алу мен танымның маңызы мен мүмкіндігі бізге өзін-өзі тану арқылы айқындалады. Білім кәмілдік пен адам болмысының шегіне жету үшін маңызды әрі қажет болған жағдайда ақиқаттарды түсіну қабілетін қалыптастыру да маңызға ие болады.

Адамның ақыл күші ақиқаттарды түсінуде қуаттырақ болған сайын, ол мақсаты, бағыты мен сол жолдағы кедергілерді жақсырақ танып, кәмілдікке жету үшін көбірек мүмкіндік жасайды. Және керісінше, бұл мәселелер өзіндік сана-сезім арқылы түсіндіріледі. Мұны пәк имамдар (ғ.с)-дың кітаптары мен дәстүрі, іс-әрекеттері мен сөздері де растайды.

Өздеріңіз білетіндей, дін Құдайдың адамдарға жетекшілік ету үшін  пайғамбар арқылы ұсынған ахлақ пен ахкам сенімдерінің жиынтығы саналады. Дін – қоғамдық өмір мен Алла Тағалаға табынуды бір-бірімен байланыстыратын адамның өмір сүру тәсілі. Адамның барлық жеке және әлеуметтік іс-ғамалдарын Құдайдың алдында жауапкершілікке ие етеді. Бұл жиынтық адамның осы әлемде бақытқа кенеліп, басқа дүниеде бақыт пен мәңгілік өмірге қол жеткізуіне себеп болады.

Адамның дінмен байланысы жайлы сөз қозғалған кезде дінге бет бұруға, оны үйреніп, діни тағылымдар жайлы ойлануға кеңес берілген. Басқаша айтқанда, Құдайдың өз пенделеріне ең игі жақсылығы пен қайыры оны дінді түсінуде дана етуі саналады.

Пайғамбар (с.ғ.с): "Ғалым бол немесе білім ал. Уақытыңды ойын-сауықпен босқа өткізбе". Сонымен қатар Алланың елшісі (с.ғ.с): "Алланың разылығы үшін басқаларға білім беру – ізгі іс, білім алу – ғибадат, ғылыми сұхбат – Аллаға мадақ айту, білімді пайдалану – джиһад,  білмейтін адамға білім беру – садақа. Білімді оған лайық адамға сыйлау илаһи жақындыққа себеп болады. Себебі, білім халалды харамнан ажыратуға үйретіп, жұмаққа апарар жолды нұрландырып, жалғыздықта серік болады",- деп айтқан. Ұлық пайғамбар (с.ғ.с) сонымен қатар былай деген: "Ғалымдардың жиынына қатысу мыңдаған жерлеу рәсімі мен науқас адамның көңілін сұрап барудан әлдеқайда артық».

Құранның Мүжәдәлә сүресінің он бірінші аятында: "Алла (Т.) сендерден сондай иман келтіргендердің, ғылым бергендердің дәрежелерін көтереді. Істегендеріңді толық біледі" деп жазылған. Сондай-ақ, егер екі тайпаның мүміндері өздерін тек мүмін, ал екіншісі әрі мүмін әрі ғалым деп ойлайтын болса, екінші тайпа біріншіден артық деген.

Хазірет Реза (ғ.с) осы мәселеге байланысты: "Білім – қазына. Сол қазыналардың кілті – сұрақ. Сондықтан сұрақ қойыңдар. Алла Тағала сендерге рақымшылық етеді. Сұрақ қоюда төрт топ жақсы сыйға қол жеткізеді: сұрақ қоюшы, тәлім беруші, тыңдаушы және осыларды жақсы көрушілер".:

Имам Реза (ғ.с)-ның көзқарасы бойынша, мұсылманның даналығын кәмілдікке жеткізудің жолдарының бірі – білім алудың табиғатын пайдалану. Нағыз мұсылман өмірінде білім талап етуден жалықпайды. Сондай-ақ, имам келесі мәселені баса айтады: "Білімсіз адам білім алу мен оқудан ұялмауы керек".

Тегтер