Жетекшілік хадисы 129
Ислам дінінде мұстахаб ғамал саналатын сәлемдесу туралы көп қуатталған. Сәлемдескен соң қол беру адамдардың арасында достық сезімін қалыптастырып, кекті алыстатады. Адамдар қол беріп, екінші адамға достығын білдіруге талпынады. Исламның ұлық пайғамбары адамдарды бір-біріне қол беруге шақырып: «Бір-біріңді көрген кезде, сәлемдесіп, қол беріңдер. Бір-біріңмен қоштасқан кезде кешірім сұраңдар»,- деп кеңес берген.
Ислам діні тауһидтік сенімнің негізі – халықтың бірлігі мен біртұтастығын ерекше маңызды санайды. Бірлікке жету үшін біріншіден, адамдардың жүректері бір-біріне мейірімді болып, олардың арасында достық қарым-қатынас орнатылуы қажет. Сәлемдесу – қарым-қатынас орнату жолындағы әрекеттердің бірі. Психологтардың пікірі бойынша, сәлемдесу қоғамдық қарым-қатынас орнататын жолдардың бірі. Екі адам бір-бірін көрген кезде бір-біріне күлімсіреп амандасады. Сәлемдесу махаббат пен достықты білдіреді. Олар бір-біріне деген махаббатты көбірек білдіру үшін қол алысады. Қол алысу өте маңызды болғандықтан, имам Бақер (ғ.с.) былай деген: «Мүмін діни бауырын зиярат ету үшін үйінен шыққан кезде Алла Тағала оның атына сауап жазып, күнәсін кешіреді. Мүмін бауырының есігін қаққан кезде аспанның есіктері ашылады. Бауырын көріп, оған қолын берген кезде Жаратушы оларға қарай бет бұрып, періштесіне: «Періште! Мен үшін бір-бірімен кездесіп, бір-біріне мейірімділік білдірген мына екі пендеме қара! Мен оларды тозақ отына түсіріп, азаптамағаным дұрыс болар»,- дейді».
Ислам діні достық пен махаббатты маңызды санағандай, адамның ғиззаты мен беделіне де ерекше назар аударады. Алланың алдында ғана тағзым еткен дұрыс. Адамның басқалардың алдында бас ию құқығы жоқ. Ислам дінінің негіздері бойынша, қандай лауазымға ие болса да, мұсылмандар бір-бірімен кездескен кезде бір-бірімен сәлемдесіп, бір-біріне қол береді. Исламның ұлық пайғамбары: «Бір-бірінді көрген кезде сәлемдесіп, қол беріңдер. Өйткені, қол берісу кектер мен қызғаныштарды жояды»,- деген болатын. Алақан мен саусақтарды бір-біріне тигізіп, қолды кешірек алғаны жөн. Исламның ұлық пайғамбары да бұл сүннетті қолдап, біреуді көрген кезде екінші адам қолын босатып, артқа шегінгенше оның қолын жібермейтін. Алайда, адамның қолын ауыртпай, тек риясыз көңілді білдіру үшін ғана қысу керек. («Бихар әл-Анвар», 73-ші том). Имам Бақер (ғ.с.) : «Бір-біріне қол берген екі мүміннің арасында Алланың қолы бар. Илаһи мейірімді қол көбінесе екінші жақты көбірек жақсы көретін адаммен бірге болады»,- деген. Имам Әли (ғ.с.): «Діндес екі бауыр бір-бірімен кездесіп, қол берісіп, қуаныштарын білдірсе, қоштасқан кезде күнәлары жойылады. Екі мұсылман бұл амалдарын жалғастырса, Алла олардың бақылаушысы болады. Тіпті, дұшпан мен оларды жақсы көрмейтін адамға да қол беру керек. Өйткені, Алла Тағала «Фусилят» сүресінің 34-ші аятында: «Жақсылық пен жамандық тең емес. Жамандықты ең көркем түрде жолға сал. (Жамандыққа қарсы жақсылық қыл). Сол уақытта сені мен екеуің араңда дұшпандық болған біреу, өте жақын достай болып кетеді»,- деп айтылған.
Қол беру – қайталанатын салт. Сапарға шығып, адамдар бір-бірімен кездескен кезде қол беру өте жақсы амал саналады. Абу Убайде деген адам: «Имам Бақер (ғ.с.)-мен бірге болдым. Біз атқа кезекпен міндік. Атқа алдымен мен, содан соң хазірет отырды. Аттан түскен сайын бір-бірімізді көрмегендей, хазірет амандасып, халімді сұрап, қол беріп: «Екі мүмін бір-біріне қол бергенде күнәлары жойылады. Олар қоштасқан кезде илаһи мейірімділік олармен бірге қалады»,- деді.
**********************************