Қыр 10, 2017 22:20 Asia/Almaty
  • Аптаның экономикалық журналы (113)

Бүгінгі бағдарламада Иран мен Грузияның бизнес-форумы мен Наджафта ирандық тауарлардың арнайы көрмесінің өткізілуі аясында  Иран мен Ирактың сауда-экономикалық байланыстарына шолу жасап, Иран мен Оңтүстік Африканың сауда қатынастарымен тағы бірнеше экономикалық мәселені қарастырамыз.

Өткен аптада Тбилисиде Иран мен Грузияның бизнес-форумы өтті.

Грузияның Ирандағы елшісі Иосиф Чакашвили осы форумда Грузияның Қара теңізбен шекаралас болуын ирандық тауарларды Еуропа одағына жөнелту үшін  жақсы мүмкіндік деп атап: «Темір жол тасымалы алаңында осы уақытқа дейін Грузия темір жолдарының басшылары бірнеше рет Иранға сапар шегіп, Астара қаласында ірі темір жол бекетін де салды» деді.

ИИР-ның басты саясаты Грузия арқылы экспорттың мөлшерін арттыру болып табылады. Жеке сектор үшін жағдай тудыру – Теһран үкіметінің басты мақсаттарының бірі.

Теһранның Тбилисидегі елшісі сейіт Джавад Қавам Шахиди де осы форумда Грузияның құнарлы әрі су көзіне бай жеріне тоқталып: «Бұл аяда ауылшаруашылық жұмыстары үшін лайықты мүмкіндіктер бар. Ирандық егіншілер ол жерде жақсы табыстарға қол жеткізді» деді.

Теһран мен Тбилисидің дипломатиялық қарым-қатынастары 1992 жылы мәлімдеме жариялау арқылы ресми түрде басталған болатын. Сол кезден бастап-ақ экономикалық мәселе екі ел қарым-қатынастарының басты бағдарына айналды. Тасымал және сауда, газ энергиясымен қамтамасыз етіп, Қара теңіз, Каспий теңізі мен Парсы шығанағы  арқылы байланыс орнату сияқты мәселелер екі елдің ынтымақтастық туралы мәлімдемесінің басты тарауларының қатарын құрады.

Тбилисиде Иран мен Грузияның сауда байланыстарын талқылау форумының өтуі жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Бұл жайында да көптеген пікір алмасулар өткізіледі.

Үндістанның Сыртқы істер министрі Салман Хуршид былай деген еді: «Халықаралық қатынастар мен сыртқы саясаттың басым бөлігі тарихи жағдайға, ал қалған бөлігі халықтың сезімдері мен түсініктеріне байланысты».

Елдердің қарым-қатынастарының тарихында екі мемлекеттіңөз халықтарының мәдени ерекшеліктері мен қызығушылықтарына сүйеніп, саяси және экономикалық серіктестерге айналған жайттар аз емес.

 

Иран мен Орталық Азия және Кавказдың көптеген елдерімен қарым-қатынастары төмендегідей басымдылықтарға ие: бұл елдер бір жағынан тарихи ортақтастықтарға ие болса, екінші жағынан байланыстар халықтар арасындағы достық пен сенімділікке негізделген.

Иран мен Арменияның қарым-қатынастары да осындай байланыстардың бір үлгісі бола алады.

Иран мен Армения да инвестиция үшін кеңейтуге болатын мүмкіндіктерге ие. Қазіргі кезде екі елдің сауда-экономикалық қарым-қатынастарында жаңа мүмкіндіктер, соның ішінде, энергетика, еркін сауда аймақтарын кеңейту және туризм  бөлімдері бойынша көптеген мүмкіндік пайда болған. Екі елдің мақсаты екіжақты және аймақтық мүмкіндіктерді неғұрлым тиімдірек пайдаланып, ортақ инвестициялар үшін жаңа мүмкіндік қалыптастыру болып табылады.

ИИР президенті Хасан Рухани Армения президенті Серж Саргсянмен жуырдағы кездесуінде: «Екі ел түрлі экономикалық, мәдени бөлімдерде және тасымал, энергетика, туризм мен транзит салаларында ынтымақтастық үшін көптеген мүмкіндіктерге ие. Бұл салаларды неғұрлым жылдамырақ іске қосу екі ел үшін де пайдалы болмақ» деп қуаттады.

ИИР үкіметінің саясатында көршілес елдермен байланыс жасау сауда-экономикалық алаңдағы басты бағдар болып табылады. Осы елдермен сауда-экономикалық байланыстар үшін әртүрлі және мықты негіздер табуға тырысу қажет.

Иран сауда-экономикалық байланыстарын кеңейтуді мақсат етіп отырған елдердің бірі – Ирак.

Ирактың Наджаф қаласында өткен аптада ирандық тауарлардың арнайы көрмесі өтті.

Ирандық 60-қа жуық компания 5 күн бойы Наджаф қаласында құрылыс материалдарын, полимерлер, электр қуаты, құрал-саймандар, киім-кешек, үй жабдықтары, асхана жабдықтары мен азық-түлік өнімдері бөлімдеріндегі өз тауарларын жұрт назарына ұсынды.

Осындай көрменің өткізілуі Иранның лаңкестікпен соғыс кезінде әскери-қорғаныс алаңында Ирактың қасынан табылғаны сияқты азат етілген аймақтарды қайта қалпына келтіру және Ирак халқы мен үкіметінің сауда айналымы мен экономикалық өндірісі кезеңінде де бұл елді жалғыз қалдырмайтынын тағы көрсетті.

ИИР-ның Ирактағы елшісі Ирадж Масджеди осы көрменің ашылу салтанатында ирандық компаниялардың сапалы тауарлар өндірісі алаңындағы ауқымды құзырын тілге тиек етіп, бұл көрменің Наджаф халқына ирандық тауарларды неғұрлым жақынырақ таныстыруға көмектесіп, екі елдің экономикалық ынтымақтастықтары деңгейін бұрынғыдан бетер көтеретініне үміт білдірді. 

Иранның экономика саласындағы басты саясаты көршілес және аймақтық елдермен сауда қатынастарына бет бұру болып табылады. Бүгінде түрлі келісімдерге қол қойылғаннан кейін осындай әріптестіктер үшін көбірек мүмкіндік туындады. Жеке сектор белсенділері мен кәсіпкерлер осы мүмкіндіктерді мейлінше пайдалана алады.

400 миллион адам халқы бар нарыққа ие Иранның көршілес елдері ортақ инвестициялар, сауда және кәсіптер үшін бірден-бір мүмкіндік болатыны сөзсіз.

Ирактың кәсіптік істер жөніндегі кеңесшісі Шакер Раззақ әд-Даами: «Иран 2016 жылы Иракқа экспорт тұрғысынан үшінші орында тұрған. Қазір бұл орны жоғарылады» деді.

Иран мен Ирактың ортақ кәсіптік палатасының төрағасы Яхия Ал-е Исхақтың пайымдауынша, Ирак алдағы 15 жылда аймақтың ең үлкен нарығы болып қалады. Сондай-ақ, жылына 20 миллиард доллар көлемінде тауар импортын қажет ететін Ирак нарығы ирандық өнімдер үшін жақсы мүмкіндік саналады.

ИИР барлық кезеңдерде Ирактың үкіметі мен халқын қолдап келді. Қазір де осы елді қалпына келтіру кезеңінде де көмектесуге әзір.

Өткен аптада Иран мен Еуропаның сауда-экономикалық қарым-қатынастары алаңында да жаңалықтар болды.

Иранның Орталық банкінің төрағасы осы аяда: «Аустрия, Дания, Италия мен тағы басқа елдер жуырда 22 миллиард еуро көлемінде Иран үшін кредит желілерін ашатын болады» деп мәлімдеді. Иранның Орталық банкінің төрағасы Валиолла Сейф сейсенбі күні Иранның Телерадио ұйымына берген сұхбатта: «Бұл кредит желілері Иранға инвестиция салу және жұмыс орындары мен өндірістің артуына септігін тигізеді» деді.

Сейф Иранның Орталық банкінің кейбір елдердің орталық банктерімен шетелдік валютаны қажет етпейтін банктік операциялар жасау мақсатында  ортақ есеп-шот ашу үшін ерекше қарым-қатынасқа ие екенін айтып: «Ортақ есеп-шоттың көмегімен осы елдермен есеп айырысатын экспорттаушы немесе импорттаушы кәсіпкер риалмен жұмыс істей алады» деді.

Иранның инвестиция және экономикалық-техникалық көмек көрсету ұйымы мен Оңтүстік Кореяның Импорт-экспорт банкі өткен аптада құны 8 миллиард еуроны құрайтын кредиттік келісімге қол қойды. Осы келісімге сәйкес, Оңтүстік Кореяның Импорт-экспорт банкі Иранның жобаларына 8 миллиард еуро қаржы бөлетін болады.

ИИР президенті Хасан Рухани халықпен тікелей эфир арқылы сұхбаттасуы кезінде: «АҚШ санкция салып жатқан жағдайда шетелдік банктер Иранмен ынтымақтастық келісіміне қол қойып жатыр» деді.

ИИР президенті тарихтың қиын-қыстау кезінде  АҚШ-тың қоғамдарды  Иранға қарсы қоюы туралы баяндап: «Санкциялар енді қайта оралмайды. Себебі, әлемдіктердің Иранға деген көзқарасы өзгерген. Америкалықтар өзгеше пікірге ие болуы мүмкін. Алайда санкциялардың қарқыны бұрынғыдай болмайды » деді.

Теһран Африка елдерімен, әсіресе, Оңтүстік Африка Республикасымен қарым-қатынастарды нығайтуға мүдделі.

Оңтүстік Африка Республикасының Өкілдер палатасының төрағасы Балека Мбете осы аптада Иранмен екіжақты қарым-қатынастар мен жаңа ынытмақтастықтар туралы жақыннан сұхбаттасу үшін парламенттік делегацияны басқарып, Теһранға келді. Ол Иран президенті, Мәжіліс төрағасы және басқа қайраткерлермен кездесулерінде Преторияның Теһранмен барлық салалардағы қарым-қатынастарын бұрынғыдан бетер кеңейтіп, нығайтуға мүдделі екенін айтып: «Иран мен Оңтүстік Африка Республикасы әлемдік алаңдағы бейбітшілік пен достықты нығайту үшін халықаралық ұйымдар мен орталардағы ортақ ынтымақтастықтарын кеңейтуі қажет» деді.

ИИР президенті Хасан Рухани Теһранда Оңтүстік Африка Республикасының Өкілдер палатасының төрағасымен кездесуінде Иран халқының Оңтүстік Африка Республикасы халқының Нельсон Манделаның басшылығында нәсілшілдікке қарсы күресін қолдайтынын баса айтып: «Теһран Преториямен барлық экономикалық салаларда, соның ішінде, тау-кен өндірісі мен энергетика бөлімдері бойынша ынтымақтастықтарды бұрынғыдан бетер нығайтуды құптайды. Сондай-ақ, Оңтүстік Африка Республикасына техникалық-инженерлік қызметтерді экспорттауға және осы елмен ынтымақтасық жасауға әзір» деді.

Жеңілдіктер жасау және екіжақты қарым-қатынастарды, әсіресе, банктік ынтымақтастықтар бөліміндегі әріптестіктерді неғұрлым көбірек кеңейту үшін талпыныс жасау осы сұхбатта қарастырылған тақырыптар болды.

Қазіргі кезде екі ел арасында екіжақты ынтымақтастықтарды кеңейту мақсатында көптеген мүмкіндіктер, соның ішінде, ауылшаруашылық пен балық шаруашылығы бөлімдерінде мүмкіндіктер бар. Соларды пайдалану керек.

 

 

 

Тегтер