Қыр 10, 2017 22:24 Asia/Almaty
  • Иранның ғылыми-техникалық және медицина саласындағы жетістіктері (14)

«Иранның ғылыми-техникалық және медицина саласындағы жетістіктері» бағдарламасының кезекті бөлімінде сіздерді 2017 жылдың ақпан айындағы Иранның ғылыми-техникалық және медицина саласындағы жаңалықтарымен таныстырамыз.

Иранның ғылыми-техникалық және медицина саласындағыжетістіктері

 

Биылғы жылы «Ғарыш технологиялары – болашақтың қуатты қарсыласу экономикасы» ұранымен өткен ғарыш технологиясының ұлттық күнін ұлықтау рәсімдерінде Иранның ұшырылуғаәзір жерсеріктерінің тұсаукесері өтті.

«Дусти» жерсерігі – Иранның Шариф технологиялық университетінің зерттеушілері тарапынан жобаланып, жасалған салмағы50 килограмм,ұшырылуға әзір жерсеріктерінің бірі. 30метрден ажырату қабілетіне ие бұл жерсерік  шамси жыл санағы бойынша 1395 жылы ұшырылды.

Амир Кабир университеті мен ИИР-ның Ғылым және өнеркәсіп университетінде жобаланған «АтСет» және «Зафар» жерсеріктері жақында ұшырылады.

ИИР-ның ұшырылуға әзір жерсеріктерінің тұсаукесер рәсімі

 

ИИР-ның ғарыш технологиясы саласындағы келесі жетістіктерінің бірі – «Нахид-1» жерсерігі.

«Нахид-1» жерсерігі ашылатынжалғыз жерсерік болып табылады. Осы уақытқа дейін ирандық ғалымдар жасаған жерсеріктердің қанаттары бортына жабысып тұрады. Бірақ, «Нахид-1» жерсерігі күн энергиясын қабылдайтын қанаттардың ашылу мүмкіндігін іске асырды. Осы аяда сонымен қатар «Толу» жерсерігін де атап өтуге болады. «Толу» жерсерігі – «Симорғ» жерсерік тасығыш зымыраны көмегімен ұшырылатын Иранның алыс қашықтықтан өлшеу қабілетіне ие алғашқы жерсерігі. Бұл жерсерік бейнеге түсіру құрылғысы, механизмдер мен күн батареяларының жағдайын бақылау аппаратымен жабдықталған. Оның басты қызметі – 50 метрден ажырату қабілетіне ие бір өлшемдік суреттер түсіру, оны сақтау және жердегі базаларға суреттер туралы деректер жіберу.  «Толу» жерсерігі төменгі биіктікте, яғни, 500 километр биіктікте 2 жыл бойы жұмыс істейтін болады. «Толу» жерсерігіне қажет энергия күн батареялары мен қосалқы батареялардың көмегімен қамтамасыз етіледі. Жерсеріктің салмағы 100 келі, ені 86, ұзындығы 100 сантиметрді құрайды.

Бандар Аббаста «Парсы шығанағы» деп аталатын алғашқы ирандық мұхитта жүзетін зонд суға жіберілді.

«Парсы шығанағы» мұхитта жүзетін зонды

Иранда жасалған алғашқы мұхитта жүзетін ғылыми-зерттеу кемесі болып табылатын «Парсы шығанағы» атты мұхитта жүзетін зондтың ұзындығы 10 метр, биіктігі су бетінен 4 метрді құрайды. Сондай-ақ, ол  3 мың кнот қашықтыққа жүзу қабілетіне ие. Бұл зерттеу кемесінде теңіз физикасы, теңіз биологиясы, теңіз химиясы, теңіз геологиясы және теңіз метеорологиясы салаларында жұмыс істейтін 5 дамыған зертхана бар.

Осы зерттеу кемесі 15 кнот жылдамдықпен 40 күн бойы ішкі және шетелдік порттарға тоқтамастан жүзе алады. Сонымен қатар, қажет жағдайда 3000 метр тереңдікке дейін  мұхит түбіндегі шөгінділердің сынамасын ала алады.

Келесі бір салада Орумие университетінің ирандық зерттеушілері суперконденсаторларды өндіру және оныңәлеуетін арттыру мақсатында көмірсутекті нанотрубкаларды пайдаланды. Бұл зерттеу жобасының нәтижесін электронды құралдардың көмегімен суперкомпьютерлерді жетілдіру мақсатында пайдалануға болады.

Көмірсутекті нанотрубкалар

 

Иран медицина саласында мақала жазу бөлімінде де айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Иран 2016жылы Scopus ақпараттық мәліметтер базасындатіркелген елдің ғылыми мақалаларының саны бойынша әлемде 18-ші, аймақта 1-ші орынды иеленді. Осы аяда Дания, Ресей, Аустрия, Тайвань, Сингапур, сионистік режим, Түркия және Малайзия елдері Ираннан кейін орналасқан.

Иранның Денсаулық сақтау министрінің зерттеу және технология істері жөніндегі орынбасары доктор Малекзаде

 

Иранның Денсаулық сақтау министрінің зерттеу және технология істері жөніндегі орынбасары доктор Малекзаденің айтуынша, соңғы жылдарда Scopus  ақпараттық мәліметтер базасында елдің ғылыми мақалаларының тіркелуі тұрғысынан Иран 1988 жылы әлемдік 49-шы орыннан 2016 жылы 18-ші орынға көтерілді. Бұл осы жылдары ғылыми мақалалардың сапасының жақсарғанын көрсетеді. Доктордың айтуынша, денсаулықсақтау технологияларының инфрақұрылымдары Иранның медицина ғылымдары университеттерінде жетілдіріліп, технологияларды дамыту орталықтарының саны шамси жыл санағы бойынша 1395 жылы 1393 жылға қарағанда көбейіп, 52-ден 80-ге дейін жеткен. Сонымен қатар шамси жыл санағы бойынша 1393 жылы іргелі ғылымдар және технология негіздерімен айналысатын компаниялардың жалпы саны 345 болған. Қазіргі кезде бұл компаниялардың саны 834-ке жетті.

Шамси жыл санағы бойынша 1395 жылы 1393 жылмен салыстырғанда технологиялық жобалардың саны да 95-тен 201-ге артқан.

Ақпан айының бесі күні Теһран университетінің Басқару және менеджмент факультетінде Теһран университетінің ғылым және технология паркі өнімдерінің тұсаукесер рәсімі өтті. Осы рәсімдер барысында Теһран университетінің ғылым және технология паркінде орналасқан іргелі ғылымдар компанияларында өндірілген 10 өнімнің тұсаукесері өтті.

Іргелі ғылымның 10 өнімінің тұсаукесер рәсімі

 

Осы рәсімдерде жұрт назарына ұсынылған өнімдердің қатарындабұрғының өзегін сканерлеу жобасы, сағатына 4500 дәрі жасап шығару қабілетіне ие бір дәріні пресстеуге арналған құрылғы, FP3 респираторлық маскасы, «Гита» навигациялық жүйесі мен «Яшам» бірканалды электрокардиограф құрылғысы болды. Сонымен қатар, осы рәсімдерде пластинкалы жылу алмастырғыш, teamyar сайтының біріктірілген бағдарлама жасақтамасы, pointer стратегиялық басқару және өнімділікті арттыруға арналған кешенді бағдарлама жасақтамасы, Рекобизол сусабыны мен онлайн виртуалды шынайылық технологиясы жұрт назарына ұсынылды.

 

Тегтер