Иранның танымал тұлғалары (123)
Бүгінгі бағдарламада парсы тілі, әдебиеті мен поэзиясының Үндістан түбегіне ықпалы жайлы сөз қозғаймыз.
Өткен екі бағдарламада Үндістанның мигранттарды қабылдайтынын айттық. Үндістанның билік аппараты өткен мың жылдықта миграциялық құбылыс негізде қалыптасты. Бұл ел жергілікті емес, кірме тұлғалар тарапынан басқарылды. Үндістанға қоныс аударған әртүрлі топтардың ішінде ирандықтар екі ел арасындағы терең тарихи, мәдени және әлеуметтік қатынастарға байланысты ерекше жағдайға ие болған. Алдымен зәрдуштер, содан соң мұсылмандар әртүрлі ғасырларда Үндістанға қоныс аударып, көптеген бастамалардың қайнар көзі болған. Сонымен қатар, қоныс аударулардың көбі моңғолдардың Иранға шабуыл жасаған кезінде, содан соң Сефевилер заманында болып, әртүрлі топтарды, соның ішінде ақын-жазушыларды, өнер иелері мен кәсіпшілерді, дәрігерлерді, мистиктерді, сопылар мен үлемдерді қамтыды. Ирандық мистиктер мен сопылар исламды Үндістан түбегінде таратуға көп үлес қосты.
Зерттеушілер ирандықтардың ауқымды түрде көшуі жайлы әртүрлі дәлелдер келтіріп, соның ішінде моңғол ханы мен оның ұрпақтарының Иранға жойқын шабуылын, сефевилік шахтардың қатаңдығын, олардың өнерге дұрыс көңіл бөлмеуін, Үндістан және Деккан сарайларының таңғажайып тартымдылықтарын атаған. Себебі, қалай болғанда да, салыстырмалы түрде ұзақ мерзімге Үндістан мен Декканда парсы тілі мен әдебиетінің орталығына айналған үлкен сарайдың қалыптасуына себеп болды. Тіпті, шахтар мен сарай маңындағылар бір-бірімен парсы тілінде сөйлескен. Осындай жағдайда саяси билік әдетте түріктер мен моғолдардың қолында болған. Алайда, үнді сарайында ирандық мәдениет үстемдік еткен. Үндістан тарихы барысында көптеген шетелдіктер, соның ішінде ауғандар мен түріктер Үндістанға шабуыл жасап, тіпті Делиде билік құрған. Алайда, біртіндеп үнділік болмыс‑бітімге ие болған. Иранның мәдени элементтерінің Үндістанның әлеуметтік өмірінің әртүрлі қырларына әсер етуі ирандық мәдениеттің осы аймаққа ықпалын көрсетеді. Иран мәдениетінің Үндістанда таралуының ең маңызды себебі ретінде бұл аймақта парсы тілінің таралуын атау керек. Парсы тілі сұлтан Махмұд Ғазнави Үндістанды жаулап алғаннан бастап осы аймақта кең таралып, артынан моңғол шабуылы мен әртүрлі ирандық топтардың қоныс аударуы нәтижесінде оның таралу аясы кеңейе түсті.
Көптеген ғалымдар мен данышпандар Ираннан Үндістан түбегіне барып, сонда тұрақтап қалған. Бұл кезеңде парсы тілі Мултан мен Бенгалға дейін таралды. Рауаят бойынша, парсы тілі Иранның атақты мистигі Мир сейіт Әли Хамадани бастаған 700 сейіт ирандық өнерпаз тарапынан Кашмирге әкелініп, таралып, ықпалға ие болды. Мир сейіт Әли Хамадани ислам дінінің ақиқатын жағымды да жайлы тілмен қарапайым халықтың қабілетіне сай парсы тілінде баяндаған. Ол көптеген үгіт-насихатшыларды тәрбиелеп, Кашмирдің әртүрлі жерлеріне жіберген.
15-16 ғасырларда парсы тілі Үндістан түбегінде көбірек таралды. Бұл кезеңде сұлтан Секандар Лоуди үнділерді парсы тілін үйренуге, оқу мен жазуға мәжбүрледі.
زبان فارسی در هندوستان
Секандар Лоудидің кесенесі мен соған телінген сурет
Парсы тілінің 15-16 ғасырларда Сенд аймағына таралуы таңғажайып оқиға. Сенд х.қ.ж.с.б. 927-1021 жылдар аралығында моңғол Шынғысханның ұрпақтарының бірі, Хулагудың немересі Арғун балаларының басқаруында болды. Парсы әдебиетінің осы кезеңінде Сендтегі ілгерілеушілік зерттеушілер тұрғысынан таңғажайып құбылыс болған. Арғун шахзадалары ирандық үлемдер мен ғалымдарды Сендке тартқан. «Сепахи» деп аталатын шах Хосейн Арғунның заманында парсы тілі мен әдебиетін оқытып, үйрететін мектептер ашылған. Акбар империясының заманында Раджа Тудармельдің бұйрығымен парсы тілі бүкіл Үндістан түбегінде хинди тілінің орнын басты. Мехди Ғарави осы жөнінде егжей-тегжейлілі мақаласында: «Үндістан түбегіндегі империяның түкпір-түкпірінде парсы тілі хинди тілінің орнын басып, барлық есеп-қисап хиндидің орнына парсы тілінде сақталынатын болды»,-деп жазды.
Мұсылмандардың ықпалымен бірге араб, түркі, парсы тілдері осы жерде кең таралды. Діни сөздер әдетте араб тілінен енген. Түркі тілінен Үндістан халқының тіліне енген киімдер мен азық-түліктер мен тауарлардың атаулары әлі сақталып отыр. Парсы тілі ресми, әдеби және дипломатиялық тіл болған. Парсы тілі Кашмир мен Декканда біртіндеп жалпы жазба тіліне айналды. Малек аш-Шоарайе Баһар: «Тимурилер заманында парсы тілі Үндістанда ғылым мен дамудың тілі болып, құт-береке мен абырой-беделдің дамуының себебі саналған» деді.
Парсы тілі көбінесе үкімет аппараты мен кейбір қалалық топтар арасына ықпал еткендіктен, одан ары қарапайым халық арасында тарала алмады. Алайда парсы тілінің кейбір сөздері қарапайым тілдерге жол тартты. Көптеген тұрмыс заттарының атаулары, әкімшілік терминдер мен салық ережелері парсы тілінде болғандықтан халықтың арасында таралды.
Парсы тілінің Үндістанның, әсіресе оның солтүстігіндегі жергілікті тілдермен араласуының нәтижесінде «урду» деген атпен танымал соми тілі қалыптасты. Зерттеушілер осы тілдің пайда болуын ирандықтар мен басқа да парсы тілділердің Үндістанға қоныс аударуы мен олардың Үндістан мәдениетіне әсерінің маңызды нәтижелерінің бірі санайды. Доктор Тарачанд урду тілін үнділер мен мұсылмандардың ортақ мұрасы, парсы және хинди тілдерінің өте нәзік қосындысы деп атап, оның пайда болуын ирандық сопылардың Үндістанға қоныс аударуымен байланыстырды.
Ирандықтардың Үндістанға қоныс аударуының ғылыми және мәдени нәтижелерінің бірі парсы тілінде тарихи, әдеби және мәдени кітаптардың жазылуы болды. Үндістанға барған кейбір ирандық мигранттар тарих саласында еңбектер қалдырды. Мұның өзі осы екі топтың арасындағы мәдени байланыстарды көрсетеді. Акбар шахтың министрі Абулфазл Алламидің «Акбари рәсімдері» атты еңбегі Үндістандағы Тимурилер билігі кезіндегі оқиғаларды қамтиды. «Періште тарихы» атты кітаптың авторы «Періште» деген атпен танымал Мұхаммад Қасым Һендушах – шах Ахмад Негар сарайы маңындағылардың бірі. Ғұламхосейн хан Табатабаидің «Сейр ул-Мутахерин» атты кітабы да Үндістанның тарихи оқиғалары жайлы жазылған құнды тарихи кітаптардың бірі. Бұл кітаптар ирандық мигранттар тарапынан жазылған көп кітаптың қатарына жатады.
Тазкере-өмірбаян жазу саласында да ирандық мигранттар Үндістандағы парсы тілділер жайында құнды еңбектер жазды. «Лобаб ул-Албаб» кітабы – ақындардың өмірбаяндары жайлы парсы тілінде жазылған алғашқы кітап. Оны Мултанда ирандық көрнекті ойшыл Садидеддин Мұхаммад Ауфи х.қ.ж.с.б. 7 ғасырда жазды. «Жеті ықылым», «Нафаес ул-Масар» кітаптары да Үндістанға қоныс аударған ирандықтар тарапынан жазылған өмірбаяндардың қатарына жатады.
Ирандық қоныс аударушылар Үнді түбегі мен Пәкістанда парсы сөздері сөздігі саласында да құнды талпыныстар жасады. Парсы тілінің сөздіктері мен грамматикасын жазу – осындай талпыныстардың бірі. Солардың арасынан «Жаһангири сөздігі» мен «Кесімді дәлел» және «Рашиди сөздігін» атауға болады.