Қыр 22, 2017 16:25 Asia/Almaty
  • Илаһи басшылар 11

Ислам дінін Алла елшісінің ең маңызды мұраларының бірі, сондай-ақ қасиетті Құран кітабы Исламның ұлық пайғамбарының келесі құнды мұрасы әрі Алла елшісі набоватының ең маңызды құжаты.

Құран Кәрім – Алла тарапынан адамды Хақ жолына нұсқау үшін илаһи соңғы пайғамбар  хазірет Мұхаммад бен Абдоллаға (с.ғ.с.) жіберілген қасиетті кітап. Құран Кәрім – Исламның ұлық пайғамбарының мәңгілік мұғжизасы. Бұл қасиетті кітап Алла елшісіне 23 жылдың ішінде біртіндеп уәһи арқылы жіберілді. Исламның ұлық пайғамбары Құранның аяттарын халыққа оқып, аяттар адамдарды қызықтырып, оларды Ислам дініне қарай жігерлендірді.

Құран кітабы - Исламның ұлық пайғамбарының  құнды мұрасы

Исламның ұлық пайғамбарының айтуынша, Құранның сыртқы және ішкі терең көрінісі бар. Бұл кітап осы ерекшелігімен әсерлі болды. Құранның жолдаулары мағынасы тұрғысынан мүшіріктерді иманға шақырып, ахлақ пен жақсылық жасау арқылы қарусыздандырды. Құранның сыртқы көрінетін әуезділігі, көркемдігі мен өткірлігі  адамды қызықтырады. Мықты ақындардың бірі саналған Суэд бен Сомат мүшіріктердің Құранның әсері туралы  уәждеріне қарсы: «Мұхаммад не сиқыршы емес, не ақын немесе балгер де емес. Алламен ант етемін, оның сөздері  ерекше көркем. Оның сөздерінің тамыры берекеге, бұтақтары жеміске толы. Хазіреттің сөздерінен жоғары сөздер жоқ»,- деді. Құранның адамдарды қызықтырғаны сондай,  Абу Софиян, Абу Джаһл мен басқа мүшіріктер түнде пайғамбардың үйінің айналасына тығылып барып, хазірет оқыған Құран аяттарын жасырын тыңдап, ләззат алатын. Бірақ кейбіреулер әсірешілікке салынып, Құранның мағынасына назар аудармай,  басқаларға әсер етпесін деп, оны тыңдауға тыйым салатын. Құран өзінің тағылымдарымен мұсылмандардың ой-өрістерінің  көтерілуінің әсерлі факторы болып, адамдарды ойлануға, ізденуге жігерлендірді. Құран аяттары қоғамдық пікірді көбірек ойланып, үйренуге шақырып, надандық пен хабарсыздықты айыптап, надан халықты соқыр, керең, мылқау, сондай-ақ төртаяқтылардың қатарында санайды. Құранның әртүрлі аяттарында ілім мен хикмет, білім, қырағылық, зияткерлік пен ақыл деген сөздер көп кездеседі. Алла Тағала барлық адамдардан ақыл сынды илаһи нығметті толық пайдаланып, ойланбай қайталаудан алыс болуды талап етті. Құран илаһи аяттарды оқып, бірақ олардың терең ойлары туралы ойланбаған адамды айыптап: «Әйтпесе, олар Құранды түсінбей ме? Немесе олардың жүректері құлыптаулы ма?»- деген. («Мұхаммад» сүресі, 24-ші аят). 

Исламның басында Құранның насихаттары халықтың білімі мен ойлануын арттыруына себеп болып, нәтижесінде қоғам білім мен ойлануға бет бұрды. Халық Құранның тек қасиетті ахлақи кітап ғана емес, кемел өмір сүрудің бағдарламасы екенін түсінді. Негізінде барлық адамдар өмірлерінде бақытты болып, армандары мен мақсаттарына жетуді қалайды. Алайда, бақыт пен кемелдікке жету үшін бағдарлама қажет. Бағдарлама қисынды және ақылға сай болуы керек. Ең дұрыс бағдарлама болып, сапасы мен құрылымы тұрғысынан ең жақсы үлгі, мықтылық тұрғысынан өмірдің ең тұрақты бағдарламасы саналады. 

Құран илаһи кітап ретінде адам мен әлемді исламның таухидтік пікірі тұрғысынан мақсатқа ие етіп, бақытына жеткізу үшін адамзат қоғамына ең жоғары мақсаттарды ұсынады. Құран өмірдің жарғысы ретінде барлық саладағы ең қисынды бағдарламаны ұсынып: «Негізінде осы Құран ең тура жолға салады»,- дейді. («Исра» сүресі, 9-шы аят); «Сондай-ақ саған әр нәрсені ашықтайтын және мұсылмандар үшін тура жол, игілік әм қуаныш түрінде Құранды түсірдік»,- деді. («Нахл» сүресі, 89-шы аят).

 

Адамзат әлемінің заңдары мен бағдарламалары адамның білімінің шектеулігі мен өмірдегі құлдырау мен шарықтаулар кезіндегі кемшіліктерге байланысты әрқашан өзгеріп тұрады. Сондықтан, олар бір жақтан тұрақсыз, екінші жақтан адамзат қоғамының қажеттіліктерінің тек бір бөлімін ғана қамтамасыз ете алады. Алайда Құранның заңдары мен ахкамы Алланың абсолюттік және шексіз білімінен тамырланады. Дана Жаратушы адамның барлық қажеттіліктерін қамтып, адамзат қоғамын дұрыс жолға нұсқайтын бағдарламаларды ұсынады. Ұлы Алла Құранның ешбір кемшілігінің жоқтығын, барлық ойшылдардың ақылының Құранның тіпті бір сүресіндей сүре ұсына алмайтынын көрсету үшін: «Егер құлымызға түсіргенімізден күдіктенсеңдер, онда сендер де со құсаған бір сүре келтіріңдер. Алладан өзге көмекшілеріңді де шақырыңдар, егер сөздерің рас болса»,- деп айтқан. («Бақара» сүресі, 23-ші аят).

Құран түсірілгеннен шамамен 15 ғасыр өткенімен, осы кезге дейін ешбір ойшыл, философ, әдебиетші, факих немесе ешбір ғылыми орталық пен академия Құранның талаптарына жауап бере алмады.  Бұл мәселе Құранның өміршеңдігін, сонымен бірге Құран аяттарының ешбір адамның ойы мен білімінен нәр алмағанын көрсетеді. Исламның ұлық пайғамбарының айтуынша, «Құран тек көкейіне салынған уахи ғана». («Нәжім» сүресі, 4-ші аят). Осыған орай: «Құранның ең маңызды ерекшелігі оның өзгермегені, өйткені Алла Тағаланың Өзі  оны қорғап: «Расында Құранды Біз қорғаушымыз»,- деді. («Хижр» сүресі, 9-шы аят).

Алла Тағала Құранды дұрыс жолға нұсқайтын кітап деп таныстырады. Бұл Құранның ең маңызды ерекшелігі болып табылады. Жаратушы адамдарды дұрыс жолға нұсқау үшін көптеген пайғамбарларын жіберді. Олардың кейбіреулері мұғжизаға ие болса, басқалары мұғжизамен бірге Кітапқа да ие болды. Кітап иелері болған пайғамбарлар илаһи жетекшілік заңдарына ие болды.  Олардың кітаптары халыққа жетекшілік етіп, илаһи заңдарды баяндайтын құрал болғанымен, мұғжизалары болмады. Солардың арасында Құран ғана мұғжиза әрі нұсқаушы сипатқа ие. «Бақара» сүресінің басынан: «Міне, осы Кітапта күдік жоқ, тақуалар үшін тура жол көрсетуші»,- деп оқимыз.

Құран Кәрімнің өміршең тағылымдары мен жолдаулары ешбір шектеусіз барша адамға қатысты. Құранның мәңгіліктігінің құпиясы оның уақыт және мекенмен шектелмеуінде. Уақыт пен мекен, ырымшылдықтар еш уақытта Құранға әсер еткен жоқ. Алла Тағала пайғамбардың бұл мұғжизасы туралы: «Бұл Құран – адамдарды Алланың рұқсатымен, қараңғылықтардан жарыққа, сондай-ақ үстем әрі мақтауға лайық Алланың жолына шығаруың үшін біз саған түсірген бір Кітап»,- деген. («Ибрахим» сүресі, 1-ші аят).

"Ибрахим" сүресі, 1-ші аят

Ұлыбританиялық ғалым Жан Дион Порт өз кітабында: «Құран дүниеге келгеннен өлгенге дейінгі, өмірдің басталуынан ақыретке дейінгі кезеңде ең мейірімді және жүрекке қонымды тілмен сөйлейтін, сондай-ақ, азаматтық, әскери, сот, рухани, ахлақи тәлім-тәрбие беретін заңдарға ие кітап»,- деп жазды. Германиялық ақын Гете: «Көп жылдар бойы бізді діни қызметкерлеріміз қасиетті Құранның шындығынан алыс ұстады. Бірақ ғылым мен білім дамыған сайын ырымшылдықтың перделері ашылып, Исламның сындарлы тағылымдары мен Құранның ұлылығы бізді таңғалдырып, сөзбен сипаттап жеткізу мүмкін емес бұл кітап (Құран) адамзат әлемін өзіне тартып, қазіргі ғасырдың ғылымы мен біліміне терең әсер етеді»,- деген.

 

 

 

 

Тегтер