Қыр 23, 2017 17:47 Asia/Almaty
  • Мешіт – махаббат пен иманның тоғысқан мекені 22

Исламның басынан мешітте қалыптасқан келесі жұмыстардың бірі оның ішінде халықтың жиналуы мен олардың әлеуметтік мәселелерін қарастырып, шешу болды.

Білім беруді мешіттің  ең маңызды жұмысының бірі. Ең басынан, пайғамбар (с.ғ.с.) заманынан мешіт білім беру орталығы болды. Исламның ұлық пайғамбары басында ағаштан жасалған орында, кейін мешіттің мінберінде илаһи аһкам мен исламдық тағылымдарды баяндады. Кейін де бұл жұмыстар жалғасып, білім беру мешіттің жұмыстарының бір бөлігіне айналды. 

Хаким мешіті

Исламның басынан мешітте қалыптасқан келесі жұмыстардың бірі оның ішінде халықтың жиналуы мен олардың әлеуметтік мәселелерін қарастырып, шешу болды. Негізінде халықтың мешітте жиналуы рухани ортақ құндылықтардың таралу факторы болып, намазхандарды ойлануға жігерлендірді. Әсіресе, «Хужурат» сүресінің 10-шы аятында мұсылмандар бір-біріне бауыр болып: «Шын мәнінде, мүміндер туыс қой. Сондықтан, екі туыстарыңның арасын жарастырыңдар...»,-  деп жарияланған соң, олар өзінің діни бауырларының қиындықтары мен мәселелеріне немқұрайдылық танытуға болмайтынын түсінді. Адамды тәрбиелейтін Ислам мектебінде  аяушылық пен қайырмдылық кемеңгерліктің басы және Аллаға иман келтіруден кейін бұл мәселеге ерекше назар аударылды. Аяушылық пен қайырымдылық  ғибадат саналғандықтан, Исламның ұлық пайғамбары: «Халықтың мәселелерін шешу мен оларға қайырымды болу бір ай ораза мен итикафтан артық»,- деген болатын.

Мысыр, Хаким мешіті

Аяушылық пен пікірлестік сезім адам өз бауырының қыиндықтарынан хабардар болып, оны түсінген кезде орнайды.  Бұл сезім мешіттегі намазхандардың жиынынан жақсы байқалады. Өйткені, мүміндер бір-бірінің қасында ғибадат жасаумен бірге бір-бірінің ахуалынан хабардар болады. Бір намазхан мешітке келмеген жағдайда ол туралы сұрастырып, ол қиындыққа душар болса, діни және адами міндеті  бойынша оның мәселелерін шешуге көмектеседі. Ислам басқа пенделерге қайырымдылық білдіруді міндет әрі қоғамның тұрақтылығы мен тыныштығының себебі санайды. Халықтың мешітте жиналуы қоғамның психикалық саулығының негіздерін тұрақтандырып, оны немқұрайдылық ауруына шалдығудан құтқарады. Муавие әскері ислам жерлерінің қалаларының біріне шабуыл жасап, еврей әйелдің аяғынан зергерлік бұйымдарын тартып алған кезде имам Әли (ғ.с.): «Егер бір мұсылман осы оқиғаны уайымдап өлсе, оны айыптайтын жайт емес»,- деген. Келесі бір сөзінде: «Мүмін – мүміннің бауыры. Олар өздерін бір сезінгендіктен, бірінің басына қиындық түскен кезде екіншісі оны сезеді. Олардың рухы да бір»,- деген. Сондықтан, барлық мүміндер бір-бірінің жағдайынан хабардар болуы қажет. Мешіт қайырымдылық үшін ең жақсы мекен. Мешітте жиналудың келесі берекесі – бұл жерде жиналушылардың ішінде жоғары деңгейде байқалатын жанкештілік мәдениетін нығайтуы. Өйткені, мақұрым халықтың қажеттіліктері мен қиындықтары туралы хабарды табиғи түрде жеткізу оңай нәрсе емес. Бірақ мешітте жамағаттың жиналуы бұл істі жеңілдетеді. Исламның басында да мешіт халыққа көмек көрсететін мекен болды. Сүннит мазхабы тәпсіршілерінің бірі Саалби «Саалби тәпсірі» атты еңбегінде: «Абузар былай деді: «Күндердің бірінде Алла елшісімен зуһр намазын оқып болған кезде мешітте бір кедей адам көмек сұрады. Басында оған ешкім көңіл бөлмеді. Хазірет Әли (ғ.с.) рукуһ жасап тұрған еді. Хазірет оң қолының жүзігі бар кішкентай саусағымен кедейге ишара етті. Кедей адам хазіретке жақындап, кішкентай саусағындағы жүзігін алады. Бұл пайғамбардың көз алдында орын алды. Пайғамбар (с.ғ.с.) намазын аяқтаған соң, басын аспанға көтеріп: «Уа, Алла! Бауырым Мұса өзіңнен: «Уа, Жаратушы! Кеудемді кеңейтіп, жұмысымды жеңілдетіп, мәселені шешіп, жанұямның ортасынан мен үшін уәзір етіп, бауырым Харунды жібер және ол арқылы маған демеу көрсет»,- деп сұрады»,- деді. Уа, Алла! Мен өзіңнің пендең әрі пайғамарыңмын. Сондықтан, менің жұмысымды қолдап, жеңілдет! Жанұямның ортасынан уәзір ретінде Әлиді сайлап, ол арқылы мені қолда» деді». Абузар: «Алламен ант етемін! Алла елшісі сөзін аяқтамастан бұрын, Жебірейіл оған «Велаят» аятын жіберді»,- деп жазды.

     ******************************

 

Мысырдың ең танымал мешіттерінің бірі Хаким мешіті:

Хаким мешітінің алаңы

Мысыр хиджридің алғашқы бес ғасырында білім тарататын орталықтардың бірі болғандықтан, білімге құштар жандардың көбі осы елдің мешіттеріне келетін. Мысырдың Хаким орталық мешіті – Каирдегі Фатемилер кезеңіндегі үлкен мешіттердің бірі. Ол хиджри қамаридің 380 жылы, сәйкесінше милади жыл санағы бойынша 990 жылы Әл-Азиз Билләһтың бұйрығымен Каирде салына бастады.  Әл-Азиз Билләһ Фатемилердің бесінші халифасы және Мысыр сұлтандарының сегізінші сұлтаны болды. Оның бұйрығымен Каирде әл-Азхар жоғары оқу орнының іргетасы қаланды. Сондай-ақ, Каир мен Искандариеде кітапханалар салынды. Әл-Азиз Биллаһ қайтыс болған соң ұлы Хаким қамаридың 393 жылы, сәйкесінше миладидің 1003 жылы  мешіттің құрылысын аяқтады. Кейін 403 жылы оған жазбалары бар мінбер қосылып, мешіттің шығындарын қамтамасыз ету үшін вақуф белгіледі. Бұл мешіттің құрылысы Хакимнің кезінде аяқталған соң, «Хаким мешіті» деп танымал болды. Хаким мешітін «Джаме әл-Хатибе», «Джаме әл-Анвар»  мешіті және «Баб әл-Фатух» дарбазасына жақын болғандықтан, «Джаме әл-Фатух» мешіті деп атайды.

Хаким мешіті

Аталмыш мешіт  ғасырлар бойы көптеген оқиғалардың куәсі болды. Сұлтан Бейбарыс кезінде бұл мешітте сүннитердің төрт мазхабының фикх сабақтары өиткізілді. Миладидің 1212 жылы Крест соғыстары ағымында француздар бұл мешітті базасы ретінде пайдаланды. Хиджридің 13, сәйкесінше, миладидің 19 ғасырының соңында бұл мешітте Мысырдың бірінші исламдық мұражайы ашылды.

Хаким мешіті 427-487 жылдары билік басында болған  Фатемилердіңң сегізінші халифасы әл-Мостансар Биллаһ Фатимеге дейін қаланың солтүстік қабырғасының сыртында орналасты. Хиджри қамаридің 427 жылы, сәйкесінше, миладидің 1087 жылы тастан жаңа қабырға тұрғызылып, мешіт қаланың ішіне кірді. Бұл мешіттің сәулетінен Батыс мешіттері мен Фатемилер кезеңінің сәулетін байқауға болады. Хаким мешіті төртбұрышты. Оның төрт жағынан шабестан мен үш кіреберісі орналасқан. Кіреберісі мен мұнаралары тастан, мешіттің ғимаратының өзі кірпіштен салынған.

Бұл мешітке кіретін жеті есік бар. Негізгі кіретін есігі солтүстік жағында және басқа әр жағында екі есіктен бар. Негізгі есігі мешіттің қабырғасынан алты метр алда орналасып, әшкейлермен безендірілген. Негізгі есіктің жоғары жағынан жазбаларды көруге болады. Бұл жерде мешітті салған адам мен салынған уақыты жазылған. Оңтүстік жағынан үлкен шабестан көзге түседі. Мешіттің михрабы жартылай дөңгелек түріндегі күмбез сынды.

Мысырдағы Хаким мешітінің жобасы

Хаким  мешітінің үш күмбезі бар. Оның біреуі михрабтың үстіне, екеуі оның бұрыштарында салынған. Мешіттің кіреберісінен тастан салынған екі биік мұнара көрінеді. Бірінші мұнараны хиджридің 45 жылы (668 ж.) Ирак басшысы Хияд бен Убайе салған. Мұнаралар жалпы төрт бөлімнен, атап айтқанда іргетасы, қабырғасы, төбесі мен қалқадан тұрады. Іргетасы төртбұрышты келіп, оның үстінде конус немесе цилиндр пішіндес қабырғасы, төрт немесе сегіз бұрышты төбесі мен қалқасы салынады. Хаким мешітінің мұнарасы текшенің үстінде орналасқан цилиндр сынды. Оның биіктігі 23 метр. Мешіттің батыс мұнарасы 24 метр.

Хаким мешітінің мұнарасы

Оның қабырғаларынан Құран аяттары мен Византия мен Самерра тәсіліндегі нақыштар көрінеді.

 

Тегтер