Илаһи жетекшілер (12)
Өткен бағдарламада ислам пайғамбарының (с.ғ.с) шарықтаулар мен құлдырауға толы өміріне қысқаша тоқталып, оның өмірге келуі, балалық, жастық шақтарына тоқталған едік. Пайғамбар (с.ғ.с)-дың пайғамбарлық міндетінің басталуы, Меккеден Мәдинеге көшуі мен онда Ислам үкіметін құруы жайлы сөз қозғап, адамзат қоғамындағы Пайғамбардың (с.ғ.с) бағалы жетістіктерін баяндадық. Бүгін өткен бөлімдерді қорытындылап, пайғамбардың 63 жылдық жарқын өмірінен үзінді ұсынамыз.
Адамдар үшін маңызды қажеттіліктердің біріне өзінің ой-санасы мен сенімі, жеке тұлғалық және әлеуметтік бағыттарын айқындайтын өмір сүру үлгісіне ие болуы жатады. Ондай үлгіні таңдаудағы алғашқы қадам таным мен хабардарлыққа қол жеткізуде. Бәрін зерттеп, зейін салып, өзіне үлгі етіп ең жақсыларды таңдауға талпыныс жасайтын адамдарды алдарынан илаһи мейірім мен рақымға толы жақсы әрі оң тағдырдың күтіп тұрғаны күмәнсіз.
Ал керісінше, ешнәрсені зерттемей, өмір сүру үлгісін көзжұмбайлықпен таңдайтын адамдар теріс жолға түсіп, жарқын да үміт сыйлайтын болашаққа қол жеткізе алмайды. Өмір сүру үлгісін таңдағаннан кейін екі жағдай орын алады. Алғашқысы сол жолды ұстану болса, екіншісі үлгі ретінде таңдалған адамдардың көрсеткен бағыттары мен тағылымдарын пайдалану.
Көрнекті, данышпан әрі тақуа адамдарды үлгі етіп таңдау кезінде адамның жақсы-жаман қасиеттері мен мықты және осал тұстары таразыға салынады. Мақсатты адам өзі таңдаған үлгісінен шабыт алып, өз бойындағы жақсы әрі оң қасиеттерін жетілдіріп, осал тұстарын жою арқылы қолынан келгенше өзі таңдаған үлгісіне жақындауға талпыныс жасайды. Мұндай адамдар даму және кәмілдікке жету баспалдағында жоғары көтерілу үшін көптеген қорқыныш және алаңдаушылықпен әлеуметтік ауытқушылықтардың, қателіктер мен күмәндардың алдын алуға талпыныс жасайды. Ал теріс үлгіні таңдаған адамдар қате және бұрыс таңдау жасағандықтан, ешнәрсені ақыл таразысына салмай, соқыр секілді ешнәрсені көрмей әрекет етіп, соңында абыройы мен қадірден айрылады. Осылайшы олар өздерінің келешектеріне балта шабады.
Ұлы Алла Тағала адамның өзінің шектеулі білімі және танымымен теріс жолға, бір сәттік нәпсінің артынан еріп, шайтанның азғыруына түспеуі үшін адам баласының жан-жақты қажеттеліктеріне байланысты адамзат қоғамына ең ізгі әрі ең кемел үлгілерді ұсынды.
Мұндай үлгілердің алғашқысы таухид пен бір Құдайға сену мектебінің туын көтеруші хазірет Ибраһим (ғ.с) саналады. Құран Кәрімде ол хазірет жайлы: "Расында сендерге Ыбырайым (ғ.с.) және онымен бірге болғандар бір көркем өнеге болды",- деп айтылған. (Мумтәхинә сүресі 4 аяттан үзінді).
Алла Тағала тарапынан ұсынылған көрнекті үлгі тұтарлық тұлғалардың келесісі – Ибраһим (ғ.с)-ның жолын жалғастырушы Исламның Ұлық Пайғамбары (с.ғ.с). Бұл барлық илаһи пайғамбарлардың ортақ мақсаттарға ие болғанын дәлелдейді. Құранда ислам Пайғамбары (с.ғ.с) жайлы былай деп жазылған: "Расында, сендер үшін – Алланы да, ақырет күнін де үміт еткендер мен Алланы көп еске алған кісілер үшін Алланың Елшісінде көркем өнегелер бар" (Ахзаб сүресі, 21-аят).
Бір топ адам Исламның Ұлық Пайғамбарының (с.ғ.с) Құдайдың алдында жоғары дәрежеге ие екендігін назарға алып, адам баласы үшін Пайғамбарды (с.ғ.с) үлгі етіп, оның жолын ұстануға мүмкіндік бар ма деген сауал қояды.
Күмәнсіз, егер ондай мүмкіндік болмағанда, Алла оған сенушілер мен Қиямет күні ақыретке сенушілерден Пайғамбарды (с.ғ.с) үлгі-өнеге етіп, оның жолын қууды сұрамайтын еді. Бұл көзқарасты растау үшін Пайғамбардан (с.ғ.с) қалған рауаятта: "Ол хазіретке сүйіспеншілік танытатын адамдардан тек достық сезімін білдірумен шектелмей, өз амалдарымен оның жолын ұстану сұралған",- деп айтылған.
"Бізге махаббат пен сүйіспеншілік білдіргенімен, біздің айтқан сөздеріміз бен жолымызға және өмір сүру тәсілімізге сәйкес ғамал етпейтін адам бізден емес. Біздің оған ешқандай қатысымыз жоқ. Сонда олар Құдайдың Пайғамбарына (с.ғ.с): "Уа, Мұхаммед (с.ғ.с)! Құдайдың сүйікті құлы болғыларың келсе, менің жолымды үлгі етіп, соны ұстаныңдар. Сонда Құдай сендерді жақсы көретін болады",- деп айтқан илаһи сөздерді естімеді ме? (Эршад әл-Қулуб, Дейләми).
Пайғамбар (с.ғ.с)-ды өнеге етуге байланысты көңіл аударарлық тағы бір маңызды жайт, ол Ұлы Алла Тағала өз Пайғамбарын (с.ғ.с) адамдар үшін барлық салалар бойынша кесімді түрде үлгі етіп ұсынды. Хазірет барлық тұрғыдан бір Құдайға сенушіліктің көрінісі болып табылады. Хазіреттің жеке тұлғалық және әлеуметтік амалдарының барлығынан Құдайдың көркемдігі байқалады. Пайғамбар (с.ғ.с) өзін А...-ның құлы санап, е Құдайдың алдында ғана құлшылық ету үшін басын иген. Жалған пұттарға табынудан аулақ болған. Бұл қасиетті шабыттандырып, рухтандыратын көріністерді А... елшісінің (ғ.с) кешкі және түнгі намаздарды шынайы ниеті және бар сүйіспеншілігімен оқуынан көруге болады. Ол қараңғы түн ортасында Құдаймен сырласып, көз жасын төгіп, жылаған.
Құранда осы ақиқат былай сипатталған: «Намазым, құлшылығым, тіршілігім және өлімім бүкіл әлемнің Раббы Алла үшін» де». (Әнғам сүресі 162-аят).
Пайғамбардың (ғ.с) ахлақтық құндылықтар мен адамның ұлылығына беріктігі жұрттың аузына іліккен қасиеті еді. Қарапайымдылық, кешірімділік, адалдық пен ақ ниет, жасалған келісімге адал болу, сабыр мен шыдамдылық, әдептілік, сыпайылық пен мейірімділік және тағы да басқа өнегелі ахлақтық қасиеттер Ислам Пайғамбарының (с.ғ.с) бойындағы ерекше қасиеттердің қатарын құрады. Құдай ол хазіретті сипаттап: "Шын мәнінде, сен әлбетте ұлы мінезге иесің",- деді («Қалам» сүресі, 4-аят).
Пайғамбар (с.ғ.с) өзінің пайғамбарлық міндетінің пәлсапасын ахлақтық қасиеттерді жетілдіру деп атап: "Шын мәнінде, мен ахлақтық қасиеттерімді толықтырып, жетілдіру үшін пайғамбарлыққа таңдалдым",- деген.
Қоғамдағы әлеуметтік қатынастарда Пайғамбар (с.ғ.с) теңдессіз үлгі болған. Хазірет әлеуметтік әділеттің жүзеге асырылуына асқан сезімталдықпен қараған. Бұл салада баршағы бірдей қарап, қарапайым халық, билік иелері мен ауқатты адамдарды бөле-жармай, бәріне тең қараған. Ол өз билігінің шарықтау кезеңінде қоғамның мақұрым топтарымен бірге араласып, олармен бірге тамақтанған. Баршамен, әсіресе балалармен өзі бірінші болып амандасатын. Хазірет барлық топтық және әлеуметтік іс-шараларға қатысып, өз жауапкершілігінің жүгін ешқашан басқа біреудің мойнына артпайтын. Ол қоғамның бірлігі мен ынтымағын бұзатын кез-келген бөлінушілік әрекеттің алдын алып отырған.
Алланың елшісі (с.ғ.с) адамдарды дұрыс жолға нұсқау үшін үнемі алаңдап, бір сәтке деп тыным таппаған. Хазірет барлық қауіп-қатерлер мен зардаптарды қабылдап, асқан мейірімділік пен жанашырлық таныту арқылы жәһіл, тура жолдан тайған халықты шерктің қараңғылықтары, жәһілдік пен надандықтың күпірлігінен құтқару үшін талпыныс жасап, оларды білім мен иманның нұрлы әлеміне жетеледі. Осы жолда оның айтарлықтай күш салып, машақатқа түскені соншалықты аспаннан мына аят түсірілді: «(Мұхаммед (ғ.с.) Олар иман келтірмеді деп, өзіңді жоя жаздадың» («Шұғара» сүресі, 3-аят).
Пайғамбар (с.ғ.с)-дың экономикалық істердегі әрекеті мен тәсілі өзіндік ерекшеліктерге ие болды. Ол хазірет Құран Кәрімнен шабыт алып, экономикалық қызметтің рөлі мен орнын, халықтың әл-ауқатын арттыру қажеттігін қуаттап, пайғамбарлығы кезеңінде құрма өсіру, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру арқылы экономика саласына араласа бастады. Бірақ, экономика мен байлықты арттыруды мақсат санамады. Керісінше, оны белгілі бір құрал ретінде пайдаланып, табысының басым бөлігін қоғамның мақұрым және мұқтаж адамдарына жұмсады. Мал-мүлкі мен ақшасын басқаларға жұмсап, жетімдер мен құрбандардың отбасыларына қамқорлық жасау арқылы жеке жасынан гөрі басқаларды бірінші орынға қойған. Осылайша, тек көп байлық жинаудан бас тартып қана қоймай, сонымен қатар адамгершіліктің қадірін білмейтін байлық жинайтындармен шынайы күрескен. Исламның Ұлық Пайғамбары (с.ғ.с) ешқашан дүние мен мал-мүлікке қызығушылық танытпаған, өте қарапайым өмір сүріп, сән-салтанат пен молшылықтан аулақ болған.
Ислам Пайғамбары (с.ғ.с) әскери салада өте қабілетті қолбасшы болған. Ол дұшпанды мұқият зерттеп, тәжірибелі күштерді жіберу арқылы барлау және ақпарат жинатқан. Джиһад пен күрес майдандарында батыл болып, Құдайға ғана сеніп, еш нәрседен қорықпай соғысқан. Хазірет Әли (ғ.с) бұл жайында: «Соғыс майдандарында қауіп-қатер сезген жағдайда Пайғамбар (с.ғ.с)-ның ақыл-кеңесіне жүгінетінбіз» деген. Пайғамбар (с.ғ.с) жиырма жеті шайқаста, яғни Құрайыш тайпасының билеушілері мен ауқатты адамдарының мұсылмандармен соғыстары кезінде қолбасшылық міндетін өз мойнына алып, илаһи ынтасы және ахлақтық, адамгершілік қағидаларды сақтай отырып, соғысты жалғастырған.
Осылайша, бақыт пен шаттықты қалайтын әрбір шынайы мұсылман мен түйсігі бар саналы адам барлық салаларда Ислам пайғамбарын (с.ғ.с) ең жоғары әрі кемел үлгі-өнеге санап, оның жолын қууып, бұрмаланған үлгілерден арылып, Исламның Ұлық пайғамбарының (с.ғ.с) өмір сұру салтын ұстанғаны жөн. Себебі, ислам әлемінің ғиззаты, күш-қуаты мен бірлігін қайтарудың жалғыз жолы Пайғамбардың (с.ғ.с) тура жолында қадам басу болып табылады.