Қаз 23, 2017 22:01 Asia/Almaty
  • Аптаның экономикалық журналы (118)

Иран мен Ирактың ірі сауда-экономикалық форумы, Иран мен Арменияның жуырда жасаған келісімі, Иран мен Ресейдің қарым-қатынастары, Иран мен Африканың кездесулері мен келіссөздері туралы сараптамаларды тыңдай аласыздар.

 Иран Ирактың басты көршілерінің бірі ретінде осы елдің ұлттық бірлігі мен жер тұтастығын Ирактың жан-жақты дамуының шарттары санап, оларды сақтауды қуаттайды.

Осы аяда Теһранда Иран мен Ирак арасында үлкен форум өтті.

Иран мен Ирактың екі күндік бизнес-форумы жексенбі күні Теһранда сауда байланыстарын орнату мақсатымен және ирандық басшылар, Ирактың орталық үкіметі мен Күрдістан аймағының қайраткерлерінен құрылған жоғары деңгейлі делегацияның қатысуымен жұмысын бастады.

Форумда азық-түлік өнімдері, құрылыс материалдары, энергетика, көлік, дәрі-дәрмек, медициналық құрал-жабдықтар, медициналық туризм, өнеркәсіп және инженерлік-техникалық қызмет көрсету бөлімдері бойынша Ирактың Сауда, Мұнай, Энергетика, Жол құрылысы министрліктері, орталық банк пен коммерциялық банктер, орталық сақтандыру ұйымы, стандарттау ұйымы, кеден басқармасы, денсаулық сақтау басқармасының қайраткерлері мен беделді кәсіпкерлері қатысты.

Екі елдің қайраткерлері Иран мен Ирак сауда айналымының 20 миллиард доллардан асатынын болжап отыр. Қатынастардың арқасында экономикалық байланыстар да кеңейе түседі деп күтілуде. Осындай жағдайда қойылған мақсаттың жүзеге асуы банк, тасымал, виза беру және кедендік мәселелердің шешілуіне байланысты.

Иранның Ирак және Сириямен экономикалық қатынастарын кеңейту жөніндегі хатшысы Саид Аухади Иран мен Ирактың ірі бизнес-форумында Иранның бір жылдық инженерлік-техникалық қызметтері экспорты мөлшерінің 25 миллиард долларға жететінін мәлімдеп: «Ирактың ДАИШ-тан азат етілгеннен кейін кезеңдегі инженерлік-техникалық қызметтерге қажеттілігінің баламасы 500 милиард долларды құрайды, бірақ Иранның мүмкіндігінен жылына тек бір миллиард доллар мөлшерін ғана пайдалана алады» деді.

Мұнай және газ бөлімінде де ИИР-ның Мұнай министрі ирандық компаниялардың Иракта мұнай-және газ саласы бойыша жобаларды жүзеге асыруға әзірлігін мәлімдеді.

Иранның Мұнай министрі Бижан Намдар Зангане жуырда Теһранда Ирактың Мұнай министрлігінің арнайы өкілі Лейс Абдолхосейн Шахермен кездесуінде ИИР Мұнай министрлігінің Иракпен ынтымақтастықтарды арттыруға және осы елде мұнай және газ өнеркәсібінің жобаларын жүзеге асыруға әзірлігін мәлімдеді.

Ирак  Ираннан газ импорттауға қатысты екі келісімге қол қойды. Бұл келісімдер күшіне енгеннен кейін Иранның газы Бағдад пен Басра қалаларына экспортталатын болады. Ирактың электр қуаты жетіспеушілігіне душар болуына байланысты Иранның экспорттық газы Ирактың электр стансаларына жеткізілетін болады.

АҚШ «Ортақ қадам» бағдарламасының жүзеге асырылуына кедергі келтіру бағытындағы  өзінің күннен күнге артып келе жатқан қастық әрекеттерінің көмегімен Иранның экономикалық байланыстарының кеңеюіне тосқауыл қоюға күш салуда. Алайда, АҚШ-тың қысымдары шынайы наразылық тудырып отыр. Осындай наразылықтардың жалғасында Франция, Германия мен Ұлыбританияның Сыртқы істер министрлері Иранның Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сұхбатта «Ортақ қадам» келісіміне беріктікті сақтау және Иранның экономикалық саладағы жетістіктерін пайдалануға жол ашуды қуаттады.

Еуропа одағының сыртқы саясат жөніндегі комиссары Федерика Могерини мен Германияның Сыртқы істер министрі Зигмар Габриэль Иранның Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифпен телефон арқылы жеке-жеке кеңесте барлық тараптардың Иран мен «алтылық» тобы арасындағы ядролық келісімге берік болуы қажеттігін қуаттап: «Иран өз міндеттеріне толық берік болғандықтан, келісімде көрсетілген барлық экономикалық басымдылықтарды да пайдалана алуы керек» деді.

Иран мен Армения өткен аптада экономикалық салада қарқынды келіссөздер өткізді.

Арменияның премьер-министрі өткен аптада жоғары деңгейлі делегацияны басқарып, Теһранға келді. Сапар барысында ИИР мен Армения үш ынтымақтастық құжатына қол қойды.

ИИР президентінің бірінші орынбасары Исхақ Джаһангири мен Арменияның премьер-министрі Карен Карапетян қол қойған ынтымақтастық құжаттарының қатарына мал дәрігерлігі жөніндегі ынтымақтастық келісімі, мәдениет және өнер бөліміндегі алмасулар келісімі мен ИИР-ның президент әкімшілігінің ғылым және технология басқармасы мен Арменияның Инвестиция және экономикалық даму министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум жатады.

ИИР президенті Хасан Рухани сейсенбі күні Теһранда Арменияның премьер-министрі Карен Карапетянмен кездесуінде екі елдің қарым-қатынастарын оң бағалап, Теһран-Ереван арасындағы сауда-экономикалық әріптестіктер мен қатынастарды кеңейту үшін мүмкіндіктерді барынша пайдалану аясында көбірек талпыныс жасау қажеттігін қуаттады.

Рухани Иранның Еуразиялық экономикалық одақ мүшелерінің қатарына қосылуының аймақта жаңа ынтымақтастықтар мен әріптестіктердің пайда болуына септігін тиігізетінін айтып, Иран мен Армения шекараларында еркін сауда аймақтарының мүмкіндіктерін екі елдің сауда-экономикалық байланыстарына дем беру үшін пайдалану қажеттігін қуаттады.

Арменияның премьер-министрі Карен Карапетян да осы кездесуде екі елдің түрлі салалар бойынша ынтымақтастықтары мен байланыстарын кеңейту қажеттігін баса айтып, ирандық инвесторлар мен компаниялардың Арменияның еркін сауда аймақтарындағы құзырын арттыруды сұрады.

Сонымен қатар Иранның Өнеркәсіп, тау-кен және сауда министрі Мұхаммад Шариатмадари мен Арменияның Экономикалық даму және инвестиция министрі Сурен Караянның қатысуымен өткен отырыста алға қойылған мақсаттарды жүзеге асырып, Иран мен Арменияның сауда айналымы үшін көбірек мүмкіндіктер тудыру бағытында еркін сауда аймақтары бойынша ынтымақтастықтарды ілгерілету үшін бір ортақ ұйым құру қажеттігі қуатталды.

Осы кездесумен бір мезгілде жұма күні Ереванда да екі елдің экономикалық мүмкіндіктерін таныстыру жөнінде форум өтті.

Арменияның Экономика министрінің орынбасары Роберт Арутюнян форумда үшжақты ынтымақтастықтарды маңызды деп атап, Еуропа одағы, Ереван мен Теһран арасындағы қатынастарды кеңейтуді қуаттады.

Иран президентінің бірінші орынбасары Исхақ Джаһангири Арменияның премьер-министрімен өткізген ортақ ақпарат отырысында Армения премьер-министрінің Теһранға сапарын екі елдің қарым-қатынастарын кеңейту үшін жақсы мүмкіндік деп атап: «Армения – Еуразиялық одақтың мүшесі. Елдің Еуропа одағымен қатынасы да жақсы. Иран осы мүмкіндікті пайдалана алады» деді.

Армения – Парсы шығанағы мен Қара теңіз арасында байланыс орната алатын көпірлердің бірі. Иранның солтүстік-батысындағы Арас еркін сауда аймағы да екі елдің жеке секторларының әріптестіктеріне көмектеседі.

Иран мен Грузия да осы аптада Тбилисиде ортақ экономикалық комиссияның алтыншы отырысын өткізіп, бір ынтымақтастық келісіміне қол қойды.

Иранның Еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру министрі Әли Раби мен Грузияның Экономика және тұрақты даму министрі Георгий Гахария қол қойған 16 тараудан тұратын осы келісім мұнай және газ, мұнай-химия, энергетика, сауда, инвестиция, әкімшілік, білім беру және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықтарды қамтиды.

Иранның Еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру министрі әрі Иран мен Грузияның ортақ экономикалық комиссиясының ирандық төрағасы Әли Раби келісімге қол қойғаннан кейін тілшілер жиынында, Иран мен Грузияның екіжақты ынтымақтастықтарды кеңейту үшін көптеген мүмкіндіктерге ие екенін, екі елдің сол мүмкіндіктерді пайдалануы керектігін баса айтты.

Иран мен Грузияның тасымал және транзит саласындағы әріптестіктері келісімнің ең басты тақырыптарының бірі болды. Екі елдің осы саладағы ынтымақтастықтары Парсы шығанағын Қара теңізге және Еуропаға қосатын болады.

Осындай барыс-келістердің жалғасында бір африкалық делегация да ирандық қайраткерлермен келіссөздер өткізді.

Танзанияның Сыртқы істер министрі Аугустин Махига Теһранда Иранның Сыртқы істер министрі және Қаржы министрімен кездесіп, екіжақты қарым-қатынастар алаңында келіссөздер өткізген қайраткерлердің бірі болды.

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Теһранда Танзанияның Сыртқы істер министрімен кездесуінде банк ісі, консулдық қызмет, туризм, ғылым және технология, су және энергетика бөлімдерін екі ел ынтымақтастықтарының басты бағыттары деп атап, Иранның мемлекеттік және жеке сектор бөлімдері бойынша Танзаниямен әріптестіктерді кеңейтуге әзірлігін мәлімдеді.

ИИР президенті Хасан Рухани да Танзанияның Сыртқы істер министрімен кездесуінде екі ел халықтарының 900 жылдық тарихи және мәдени қатынастарына тоқталып, сол тәжірибені Иран мен Танзания ынтымақтастықтарын кеңейту жолындағы құнды капитал деп атады.

ИИР президенті ирандық мықты компаниялардың Африкада, соның ішінде, Танзанияда инженерлік-техникалық сала бойынша дамыту жобаларын ілгерілетуге әзірлігін мәлімдеп: «Экономикалық ынтымақтастықтар Иран мен Танзанияның тарихи, мәдени және саяси байланыстарымен бір деңгейде кеңейтілуі қажет. Осы жолдағы алғашқы қадам екі елдің қаржылық, валюталық және банктік қатынастарын нығайту болып табылады» деді.

Иран мен Африка қатынастарына байланысты осы аптада тағы бір оқиға орын алды.

ИИР Сыртқы істер министрлігінің Африка істері жөніндегі басқарма төрағасы өткен аптада бірнеше африкалық елге сапармен барды.

Ол сапар барысында Уганда, Бурунди және Гана елдеріне барып, осы елдердің қайраткерлерімен екіжақты байланыстарды нығайту туралы сұхбаттасып, Африканың шығысына сапарының соңында Эфиопияға барды.

ИИР Сыртқы істер министрлігінің Африка істері жөніндегі басқарма төрағасы Эфиопияда осы елдің Сауда министрі Белк Боладомен Аддис-Абебада кездесіп, тікелей сауда желісін нығайту,  өнеркәсіптік көрмелер өткізу және екі ел арасындағы кәсіпкерлердің барыс-келістерін жеңілдету мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Иран мен Эфиопияның сауда байланыстары алаңында тәжірибелері мол. Эфиопия ирандық компаниялардың осы елдегі құзырының артуын сұрап отыр.

Осы оқиғамен бір мезгілде Иранның Экспортты дамыту банкінің бас директоры Әли Салех Абади Гананың Экспорт және импортты кеңейту банкінің басқарма кеңесінің мүшесі әрі осы елдің Экспортты дамыту ұйымының төрағасы Гифти Кенаммен Теһранда кездесуінен кейін Иран мен Гана арасында банктік қатынастар орнатылатынын мәлімдеді.

 

 

 

Тегтер