Жел 16, 2017 10:40 Asia/Almaty
  • Имам Реза (ғ.с)-ның өмір салты (22)

Бүгінгі бағдарламамызда разавилік өмір салтындағы қырағылық туралы сөз қозғаймыз.

Ислам ілімінде қырағылыққа аса жоғары мән берілген. Құранда ислам дінін ұстанушыларға қырағы әрі көреген болып, дүниенің өткінші пайдасы мен олжасына алданбауға,  ақыретті ұмытпай, ақыретте бақытты болатындай әрекет етуге кеңес береді. Алла Тағала «Шамс» сүресінде самуд тайпасының оқиғасы мен олардың қорқынышты тағдырын баяндағаннан кейін 5-ші аятта (Аспанға және оны тұрғызғанға) : "وَلا یَخَافُ عُقْبَاهَا",- деп айтады. Бұл тайпаның басына түскен бақытсыздықтарының барлығы қырағы болмай, өз істерінің соңына қатысты алаңдамағандықтарының салдарынан болды.

Имам Реза (ғ.с)-ның көзқарасы бойынша қырағы әрі көреген адам дүниелік әрекеттерінің нәтижелеріне емес, одан жоғары амалының ақыреттегі нәтижесіне назар аударады. Тіпті оны бәрінен артық қойып, әрбір ісін оның ақырғы пайдасы мен нәтижесіне назар аударып орындау үшін талпыныс жасайды. Ол: "Сұлтандар мен билік басындағылармен байқап, ойланып қатынас жаса, достарыңмен қарапайым бол, дұшпаныңмен абай бол, ал халықпен ашық жүзді әрі жақсы мінезбер байланыс орнат",- деп айтқан.

Әлеуметтік өмір адам өмірінің маңызды бөліктерінің бірін құрайды. Адам баласы өзін қоршаған орта мен қоғамға иек артып, соған тәуелді болады. Сол қоғамда дамып өркендеп,  жеке тұлға ретінде қалыптасады, алдына әртүрлі мақсат қойып, армандар мен белестерге жетуді көздейді. Өмірі мен келешегінің бағдарламасын айналасындағы ой-пікірлер мен көзқарастарға назар аудара отырып жасайды. Қысқасы, өзін қоршаған қоғамның ықпалында болып, қоғамда өзінің ізі мен естеліктерін қалдырады.

Әлеуметтік өмірдің ерекшелігі адамның ісі тек белгілі бір топ немесе қоғамдық топпен шектеліп қалмайды. Адамның басына түсетін мәселелер мен қиындықтар оны амалсыздан әртүрлі қоғамдық топтармен істес болуға мәжбүрлейді. Мұндай қатынастардағы табысқа жеткізер жалғыз жол әртүрлі ахлақтық қалып пен рухани қасиеттермен таныс болып,  олармен дұрыс қатынас жасау әдісі саналады.

Осыған байланысты имам Реза (ғ.с) былай деді: "Сұлтандар мен билік иелерімен абайлап, ақылдасып, қарым-қатынас жаса". Имамның мұндай кеңес беруінің себебі мынада болуы мүмкін: ондай адамдар әлемде билік, байлық пен күшке ие. Олармен ақылсыз, билікқұмарлық және тәкаппарлықпен жөнсіз қатынас жасау адамды өз ойындағы істе табысқа жетуден алыстатумен қатар, оған көптеген қиындық тудыруы мүмкін. Сондықтан адамның себепсіз, ақылға салмаған лайықсыз қатынасы үшін өзін машақатқа салып, қиындыққа ұшыратуы дұрыс болмас. Жоғарыда аталған байқау мен мұқият болудан бөлек, маңызды істерде адамның өзі ақыл-парасат, даналық пен зияткерліктің айқын дәлелі саналады. Имам Әли (ғ.с) осы мәселе жайында: "Істі орындамас бұрын оның нәтижесін ойлау сені өкініштен сақтайды".

Имам Реза (ғ.с) құнды хадисінде: "Достарыңмен қарапайым бол. Себебі, қарапайымдылық достарды бір-біріне жақындастырады. Сол жақындастық адамдардың арасындағы махаббат пен сүйіспеншілікті арттырып, достық қатынасты нығайтып, достықтың жалғасуы мен беріктігін сақтаудың маңызды қағидасы саналады",- деді.

Имам Резаның (ғ.с) дұшпандармен кезіккенде сақтық пен қырғалық танытуға қатысты берген кеңесі адамды жеңіс пен табысқа жеткізеді. Имам Реза (ғ.с): «Қарапайым, бұқара халықпен жарқын жүзбен қатынас жасап, оларға жақсы мінез көрсет",- деп кеңес береді. Оның пікірінше, ашық жүзді болу халықтың мейіріне бөленіп, олармен дұрыс қатынас құруға себеп болатын достық, игіліктердің сыры әрі шығынсыз садақа болып табылады. Бұл жағдай адамның әлеуметтік қауіпсіздігі мен тыныштығына себеп болады.

Тегтер