Мешіт – махаббат пен иманның тоғысқан мекені 27
Мешіт – мұсылмандардың бір-біріне сүйіспеншілігі мен мейірімін, бірлігін білдіретін орталық. Қайруан орталық мешіті ислам әлемінің батысындағы ең көне ғибадат мекендерінің бірі саналады. Африка құрлығының ең бірінші азаны осы мешітте айтылғандықтан, бұл мешіт Ислам тарихында ерекше орынға ие.
Мешіт мұсылмандар жиналатын және олардың бірлігі мен біртұтастығын көрсететін мекен. Бұл бірлік – әрбір қоғамның саулығының негізі. Әйелдер мен ерлер, үлкендер мен жастар, әртүрлі ой-пікір иелері бір мекенге жиналып, бір-бірінің қасында сапқа тұрады.
Мешіт – мұсылмандардың бір-біріне сүйіспеншілігі мен мейірімін, бірлігін білдіретін орталық. Мұсылмандар белгіленген сағаттар мен күндері күнделікті намаз немесе жұма намазы сынды діни жиындарға қатысады. Сөйтіп мұсылман діни тәрбие алып, оның әсерлері мінез-құлқы мен іс-әрекеттерінен және қоғамдық бірлікті сезуінен байқалады.
Швейцариялық исламтанушы, саясаткер, жазушы Марсель Биосард: «Мешіт – әлем мұсылмандарын біріктіретін күшті фактор. Сондықтан оның қоғамдық-мәдени маңыздылығына немқұрайдылық танытуға болмайды. Әсіресе мұсылмандар исламның алғашқы кезеңіндегідей көңіл-күйін білдіріп отырған қазіргі жағдайда мешіт мұсылман үмбетінің рухани тәрбие беретін және билеп-төстеушілерге қарсы тұратын орталыққа айналды. Мешіт біртіндеп исламның басындағы жағдайына оралды. Мешіттердің ішінен кітапханалар мен қоғамдық орталықтардың ашылуы мешіттің исламда тек намаз оқитын мекен ғана емес, маңызды саяси-мәдени орталықтардың бірі екендігін көрсетеді. Жұма намазы – мұсылмандардың демалыс күні жиналып, маңызды қоғамдық істер, соның ішінде денсаулық, тұрғын үй, сондай-ақ, саяси мәселелер туралы пікір алмасып, шешім қабылдауына себеп болатын құралдардың бірі. Бұл жылдары халықтың арасындағы іріткілер мен халықтың саяси бірлігінің жоқтығына қарамастан, халық мешіттерде жиналып, залым үкіметтерге наразылық білдіреді. Мешіттерде қоғамдық көтеріліс және залымдарға қарсы күрес пен Батыстың отаршыларына тәуелді басшылардың үкіметтерін құлату жоспарланады»,- деген.
Осыған орай Алла Тағала өз пайғамбарын исламдық қоғамның бірлігіне зиян келтіретін болса мешітте намаз оқудан, тіпті мешітке барудан бас тартқызған. Сондықтан хазірет ондай мекендерге бармаумен қатар, мешітті қиратып, өртеуді бұйырған. Мұнафықтар тобы Исламның ұлық пайғамбары Мединеге хиджрат жасағаннан кейін салған бірінші Ғоба мешітіне қарсы тұру үшін Зараар мешітін салып, оны Исламға қарсы қастандықтардың орталығына айналдырған болатын. Олар пайғамбар Табук қақтығысына аттанардан бұрын хазіреттен бұл мешітті салуға рұқсат беруді сұрады. Пайғамбар шешімді сапардан оралған кезге қалдырады. Бірақ, мұнафықтар пайғамбар жоқ кезде мешітті салып, ислам әскері Табуктен Мединеге оралған кезде пайғамбардан намаз оқып, мешітті ашуды сұрайды. Бірақ пайғамбар Алланың уәһиінің арқасында Зараар мешітінің мұсылмандар арасында қайшылық тудырып, ыдырату үшін салынғанынан хабардар болған. Сондықтан пайғамбар аталмыш мешітті жермен-жексен етіп, күлге айналдыруды, ағаш тіректерін өртеп жіберуді бұйырды.
Зараар мешітін өртеу әртүрлі ғасырлардағы барлық мұсылмандар үшін исламның көзқарасы бойынша мұсылмандардың бірлігінің маңыздылығы туралы хабарды жеткізді. Егер мешіт мұсылмандардың қатарын ыдыратып, қайшылық тудыру мақсатында салынған болса қасиетті саналмайды. Шиіттер мазхабының басшысы ретінде танымал болған имам Садық (ғ.с.) мұсылмандар арасындағы бірлікті қорғау үшін шиіттерге: «Сүннит бауырларыңмен бірге жамағат намазына қатысып, бірінші сапқа тұрыңдар»- деді. Имам Садықтың (ғ.с.) сөзінің сыры анық. Өйткені, Алла елшісі армандаған мұсылмандардың бірлігінің маңыздылығы Алла дінінің дұшпандарымен соғысудан кем емес.
Мешіт мұсылмандардың бірлігі мен біртұтастығын тұрақтандырып, қоғамның таптарын өзіне көбірек тартқан сайын Алланың қалауына жақындайды. Әртүрлі мазхабтардың жақтастарының мешітте жиналуы сенім саласындағы қайшылықтардың мұсылмандардың бірлігін әлсірете алмағанын көрсетті. Сондықтан мешіттің міндеттерінің бірі – ислам қоғамын біріктіру. Сондықтан намазхандар кектен алыстап, ислам қоғамының әшкере және жасырын дұшпандарына бірліктерін көрсетуі керек.
«Уқба» мешіті деп танымал болған Тунистің Кайруан мешіті хиджри қамари жыл санағы бойынша 50-ші жылы 9000 текше метр жерде қаланың іргетасын қалаушы, Муавиенің қолбасшысы Уқба бен Нафидің арқасында салынды. Қайруан орталық мешіті ислам әлемінің батысындағы ең көне ғибадат мекендерінің бірі саналады. Африка құрлығының ең бірінші азаны осы мешітте айтылғандықтан, бұл мешіт Ислам тарихында ерекше орынға ие. Бұл мешіт басында өте кішкентай болды. Бірақ уақыт өте келе, Ислам тарихының әртүрлі кезеңдерінде көптеген өзгерістер орын алып, мешіт көркейді. Бұл мешітті сыртынан көрген адам мықты қамалды көргендей болады.
Қайруан мешітінің бес күмбезі, тоғыз есігі бар. Есіктердің алтауы алаңына, екеуі шабистанға, соңғы – тоғызыншысы кішкентай құжыраға –«мақсуреге» қарай шығады.
«Мақсуре» деп халифаларға құрмет көрсетіп, құрметтеп, олардың өмірін қорғау үшін салынған михрабқа жақын жердегі жабық әрі қоршалған кеңістік аталады. Мақсуренің ішінде отырған адам намазхандарды көріп, намазын жамағатпен бірге орындай алатын. Мақсуренің салынуы намазхандар мен халифаның қарым-қатынасының әлсіз болғанын көрсетеді. Муавие Дамасктің Амави мешітінде өз жанын қорғау үшін «мақсуре» салған бірінші адам болды.
Қайруан мешітінің қабырғалары тас пен кірпіштен салынған.
Бұл мешіттің мұнарасы мұсылмандардың Африкада салған ең әдемі мұнараларының бірі саналады. Мұнара үш қабат, әр қабаты төртбұрышты болып салынған. Екінші қабаты бірінші және үшінші қабаттарынан кішкентай. Деректер бойынша бұл мұнара бірден салынбаған. Оның бірінші бөлімі мықтырақ. Ол Хишам бен Абдолмалектің кезінде салынған. Екінші және үшінші бөлімдері кейін қосылған.
Мешіттің бес күмбезі бар. Африкалық мемлекеттерде салынған ең көне күмбездердің бірі – михраб күмбезі. Мешіттің алаңының кіреберісіндегі Баб әл-Баһу күмбезі өте әдемі әшекейленген. Келесі екі күмбез намазханының шығыс және батыс жағынан салынған.
Мешіттің мінбері тоғызыншы ғасырда салынған. Ол ислам әлеміндегі ертеде салынған мінберлердің бірі әрі Қайруан мешітінің негізгі бөлімі саналады. Мінбердің он бір баспалдағы бар. Оның үстінде геометриялық фигуралар, гүл және өсімдіктер безендірілген.
Мешіттің михрабының бір бөлімінен қыш жазбалар көрінеді. Мешіттің алаңы таспен төселген.
Алаңның айналасында таға пішіндес аркаларымен 400 көне тірек орналасқан.
Қайруан мешітінің қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Мешіттің мұнаралары мен есіктеріндегі қарапайым әшекейлер бұл мешіттің исламдық сәулеттегі ерекшелігіне себеп болды.