Қаң 06, 2018 17:24 Asia/Almaty
  • Жетекшілік хадисы 143

Мүмінді қуанту амалдары деп халықтың мәселелерін шешетін және олардың қуанышына себеп болатын амалға айтылады.

Әртүрлі рауаяттарда әр түрде баяндалған үлкен ғибадаттардың бірі ретінде мүмінді қуанту аталды.

Бұл туралы «Усул-е Кафи» кітабінің жазушысы Колейни имам Саджад (ғ.с.)-ның рауаяттарының бірін келтірген. Бұл рауаятта: «Ұлы Алланың алдындағы ең жақсы амалдардың бірі – мүмінді қуанту»,- деп айтылған. Келесі бір рауаятта халықты діни бауырларын қуантуға жігерлендіру үшін имам Бақердің айтуынша, «мүмін бауырының бетіне күлімдеп қарап, оның мәселелерін шешу жақсы іс» саналады. Сондай-ақ, келесі рауаятта: «Алланың алдындағы ең сүйікті іс – мүміннің жүрегін қуанышқа бөлеу»,- деп айтылған. («Усул-е Кафи», 2-ші том).

Исламның қасиетті дінінде қуатталған жағымды ахлақи құндылықтардың біріне Алланың пенделерін қуанту жатады. Бұл амал  Жаратушының, пайғамбар мен имамдардың ризалығына ие болады. Өйткені, басқаларды қуантып, олардың уайым-қайғысын ұмытуға көмектескен адам Аллаға жақындайды. Имам Садық (ғ.с.) бұл туралы: «Егер сендердің біреулерің діни бауырын қуантса, тек оны ғана қуантты деп ойламасын. Алламен ант етемін, бізді де қуантады. Алламен ант етемін, Исламның ұлық пайғамбарының жүрегіне қуаныш сыйлайды»,- деген. Пайғамбардың (с.ғ.с.)-ның рауаяттарының бірінен: «Мүмінді қуантқан адам мені қуантқаны. Ал мені қуантқан адам Алланы қуантқаны»,-деп оқимыз. («Усул-е Кафи», 2-ші том).

Мүмінді қуанту амалдары деп халықтың мәселелерін шешетін және олардың қуанышына себеп болатын амалға айтылады. Мәселен, кедейге көмектесу, оны тамақтандыру, қарыз беру және уайым-қайғыдан сейілтетін ұқсас амалдар адамдарды қуантады. Мұндай амалдар жақсылық пен берекеге себеп болуымен бірге ақырет пен өлімнен кейінгі өмір үшін де сындарлы болады.

Имам Садық (ғ.с.) бұл туралы: «Мүмін қиямет күні қабірден шығып, бір адам оны көруге келіп, Алла тарапынан оған хабар жеткізеді. Мүмін де Алланың оған жақсылық туралы хабар жібергенін айтады. Адам мүмінмен бірге жүріп, әрбір қорқынышты көрініске жеткен сайын «бұл сенің орның емес» деп, әрбір жақсы жерге жеткен сайын «бұл сенікі» дейді. Сөйтіп, есеп беретін жетеді. Содан кейін Алла тарапынан мүмінге жаннатқа баратыны туралы хабарлайды. Мүмін: «Қабірден осы уақытқа дейін менімен бірге болып, маған Алла тарапынан хабар жеткізген сен кімсің?»-деп сұрайды. «Мен – діни бауырыңның жүрегіне енгізген қуанышпын. Алла мені саған хабар жеткізіп, жалғыз қалған кезінде сенің сырласушың болсын деп жіберді»,- дейді.

Қуанышқа бөленген қоғам – серпінді қоғам. Бұл қоғамның халқы еш уақытта қиратуға, тәртіпсіздік орнатуға, қақтығыс жасауға талпынбайды. Керісінше, әрқашан өзі мен өзгелердің  тыныштығын қамтамасыз ету үшін талпынады. Қуанышты қоғамда халық Аллаға көбірек жақын болады. Имам Садық (ғ.с.) серіктерінің бірі Юнес Шибаниге: «Достарыңмен қанша қалжындайсың?»- деп сұрағанда ол «аздап» деп жауап береді. Имам: «Ол жарамайды. Әрине, әрбір қалжың ниетке байланысты. Бауырыңыздың жүрегін қуанышқа бөлеңіз. Алла елшісі сахабаларын қуанту үшін қалжыңдайтын»,- деп жауап берген.

Адам өз болмысына сай қуанышты талап етеді. Ислам қуанышты қуаттайды. Қуанышқа бөлеу басқаларды тек күлдіру деген сөз емес. Хадистердің бірінде: «Күндердің бірінде имам Әли (ғ.с.)        бірнеше серігімен жолға шыққанда жолда бір адамды кездестіреді. Адам хазіреттің басындағы сәлдесі мен иығына жамылған абасын алып қашады. Хазіреттің қасындағылары қашқан адамның соңынан қуып, ұстап, хазіреттің қасына жетектеп әкеледі. Имам Әли (ғ.с.) ер адамның кім екені туралы сұрады. «Бұл адам Мәдине халқын күлдіріп, олардың қуануына жағдай жасайды»,- деген жауап алғанда хазірет: «Бос, пайдасыз жұмыстармен айналысқан адамдар қолдарының бос екенін түсінетін Алланың күні бар екенін оған айтыңдар»,- деді.

Бұл  рауаяттан мүміннің жүрегін қуанышқа бөлеудің оны жөнсіз тәсілдермен күлдіру емес, адамды шынайы қуантатын әрекет ету екенін түсінеміз. Қуанған кезде адамның жаны жадырап, күлімсірейді. Мұндай қуаныштың маңыздылығы сондай, имам Хусейн (ғ.с.) Алла елшісінен: «Намаздан кейінгі ең жақсы амал – мүмінді қуанту. Бірақ күнәсіз жолдар арқылы»,- деген рауаятты жеткізген.

Тегтер