Жетекшілік хадисы 144
Ислам – рақым, махаббат, теңдік пен достық діні. Көптеген аяттар мен хадистерде мүміндер арасындағы достық пен махаббат қуатталды. Мүміннің ерекшеліктерінің біріне достықты талап етуі жатады.
Алла Тағала Мейірімді. Ол өз дінін махаббат негіздері бойынша қалыптастырып, адамның дүние мен ақыреттегі бақытының кілтін достық пен махаббатпен байланыстырды. Бұл достық пен махаббат өте маңызды болғандықтан Алла елшісі: "Ақыл Аллаға деген иманнан кейін халыққа деген достық пен махаббатқа сүйенеді",- деген. Сол себепті, халықпен достық қарым-қатынас орнату адамның ақылы мен иманының белгісі саналады.
Ислам адамға кемелдікке жететін нақты әрі айқын жолды көрсетті. Адамды кемелдікке жеткізетін ең жақсы жолдардың бірі – махаббат мен мейірімділік білдіру. Махаббат факторы Исламның бағдарламаларында әсерлі болғандықтан имам Бақер (ғ.с.) Ислам дінін махаббат деп атап: "Дін махаббат емес пе?"-деген. Исламның ұлық пайғамбарының рауаяттарының бірінде: "Менің үмбетім бір-бірімен дос болып, бір-біріне сыйлық сыйлап, аманаттарына берік болғандарынша бақытты болады",- деп айтқан болатын. Алайда достық пен махаббаттың шынайы болғаны маңызды. Шынайы достық адамды жаннатқа жеткізеді. Өйткені, Алла халықпен дос болғанды жақсы көреді. Имам Бақер (ғ.с.) хадистерінің бірінде: "Халықпен дос болу – Алладан, халыққа дұшпандылық білдіру – шайтаннан",- деген болатын.
Мүміннің ерекшеліктерінің біріне достықты талап етіп, үйінің достары келетін мекен болуы жатады. Осыған орай имам Әли (ғ.с.) досты жақындарының бірі деп таныстырып: "Дос – ең жақын адамың",- деген. Имам Садық (ғ.с.) хазірет Сүлейман пайғамбар туралы рауаятында: "Хазірет Дәуіт ұлы Сүлейманның даналығын білу үшін оған сұрақ қойып: "Дүниеде ең тәтті нәрсе не?" деген сұраққа жетті. Хазірет Сүлейман: "Махаббат пен достық! Өйткені, Жаратушы оларды пенделерінің арасында қалыптастырды. Әрбір тірі жан жақсы көрген нәрсесіне қол жеткізу үшін талпыныс жасайды. Тіпті, биенің өзі құлынына махаббатын білдіреді",- деп жауап береді. Негізінде махаббат пен достық тәтті болғандықтан оның көмегімен өмірдің барлық мәселелері шешіліп, жеке адам мен қоғамның көптеген осал тұстары мен қиындықтарына көмектесе алады.
Махаббат пен достықтың жаратушысы –мейірімді Алла Тағала. Ол өзінің қасиетті кітабі Құранды махаббат және мейіріммен бастап: "Мейіріміді және Рақымды Алланың атымен бастаймын"» деді. Сондай-ақ, "Әнфал" сүресінің 63-ші аятында: "...Ол мүміндердің жүректерін қосты. Егер сен жер жүзіндегі нәрселерді тұтас сарып қылсаң да олардың жүректерін қоса алмас едің. Бірақ Алла, олардың араларын біріктірді. Расында, Ол өте үстем, аса дана",- деді.
Рауаяттарда махаббат пен достықты білдіру тәсілдері айтылған. Имам Әли (ғ.с.): "Әрбір адам өзі сияқты адамға бет бұрып, өзіне ұқсас адамға махаббаты мен достығын білдіреді",- деген. Имам Садық (ғ.с.) Омар бен Язид атты шәкіртіне: "Әрбір нәрсе басқа бір нәрсе арқылы тынышталады. Мүмін де мүмін бауырын көріп тынышталады. Құс өзіндей құсты көріп тынышталады. Мұндай нәрсені байқамадың ба?"- деп сұраған. ("Бихар әл-Анвар" 74-ші том). Адамның досын, жақсы көретін адамдан алған тыныштығы тек бұл дүниемен шектелмейді, ақыретте де оған көмектеседі. Исламның ұлық пайғамбары сахабаларының бірі Джабер бен Абдолла Ансари өзінің досы Атин Ауфиге: "Уа, Атие! Сүйкті Алланың елшісінен "Халықты жақсы көрген әрбір адам олармен бірге болады. Халықтың іс-амалдарын жақсы көретін адам олардың амалдарына ортақ болады" деп айтқанын естігем. Сондықтан, хазірет Мұхаммад әулетінің жақтастарын олар жақсы көргенше жақсы көр. Бұл әулеттің дұшпандарын тіпті ораза тұтушылар мен түндерін ғибадатпен өткізушілер болса да, дұшпандықтарын тоқтатпағанша, дұшпан сана. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) мен хазірет әулетінің жақтастарымен ымыраға кел. Өйткені, егер күнәлары үшін бір қадамы әлсіресе, махаббатары үшін келесі қадамы мықты болады. Негізінде, достардың оралуы жаннатқа, дұшпандардың оралуы тозаққа жеткізеді",- деген.