Иран базары (26)
Кептірілген өнімдер: құрма Тағамдық құндылығы жоғары құрма – Иранның мұнайдан тыс экспорттық тауарларының бірі. Иранда құрманың 400 түрі бар. Олар елдің әртүрлі өңірлерінде, әсіресе Иранның оңтүстігінде өседі. Бүгінгі бағдарламада осы ирандық өніммен таныстырамыз.
Құрма – илаһи кітаптарда бірнеше рет аталған жұмақ жемісі. Бұл аталмыш жемістің шексіз пайдасына қатысты. Құрма ағашының жер бетінде пайда болуы екінші геологиялық кезеңге сәйкес келгенімен, кейбір археологтардың пайымдауынша, шамамен 5 мың жыл бұрын адамдар құрманың тағамдық құндылығын түсінген. Ассириялықтар мен вавилондықтардың заманынан қалған ежелгі жазба тақташалар және Мысыр, Сирия, Ливия мен Палестина халықтарына тиесілі көне жазбаларда айтылғандай, сол замандарда құрма өсіріп, сатудың өзіндік заңы болған.
Сол жақта б.з.д. шамамен 630 жылға тиесілі Нейнава аймағындағы құрма бағы бейнеленген тас тақташа
Құрма ағашы – тропикалық аймақтарда өсетін пальма тобына жататын дара жарнақты өсімдік. Оның пайда болуының негізгі қайнар көзі белгісіз. Кейбіреулер оның пайда болған жерін Азияның оңтүстік-батысы мен Месопотамия аймағы санайды. Тағы басқалар Африканың солтүстігін осы құнды өсімдіктің алғаш пайда болып, өскен жері санайды. Құрма ағашының мықты физиологиялық құрамы, қоршаған ортаның сортаңдығы, ыстықтығы мен құрғақтығына төзімділігі бұл өсімдіктің қолайсыз климаттық жағдайда және құнарсыз ыстық жерлерде өсуіне себеп болды. Мұндай аймақтарда биіктігі 10-20 метр, кейде бұдан да жоғары құрма орманының қалыптасуы адамдардың осындай ормандардың маңына қоныстанып, тіршілік етуіне себеп болды.
Құрма әдетте әлемнің жеткіліксіз тамақтану мәселесіне ұшырап отырған мақұрым аймақтаржың бір бөлігінде өмір сүретін адамдардың азығы болып табылады. Сонымен қатар бұл жеміс дағдарыстар мен табиғи апаттар, атап айтқанда су тасқыны, жер сілкінісі, құрғақшылық пен соғыс кезінде берілетін азықтың қатарына жатады. Құрманың көптеген пайдасына байланысты ол стратегиялық маңызды ауыл шаруашылығы өнімі саналады. Тамақтану мамандандарының кейбіреулерінің пікірі бойынша, күніне бір құрма жеп, бір стакан түйе сүтін ішу бір адамның бір күнге қажет тамағын қамтамасыз ете алады.
Құрманың құрамындағы басты элемент – қант. 450 грамм құрмада 1000-нан астам калория бар. Құрма қантпен қоса, су, минералдық заттар (фосфор, темір, йод, магний, натрий, калий, кальций), ақуыз, май мен дәрумендер (А, Е, С, В) және талшықтардан тұрады. Тіпті, құрманың сүйегі де ақуыз, май, кальций мен талшықтан құралған. Дала мен шөл халқы құрманың сүйегінен нан жасайды. Кейде бұл сүйектерді ыстап, қатты тәтті болса да, сусын жасайды.
نان خرما
قند خرما
شیره خرما
عسل خرما
سرکه خرما
چیپس خرما
لواشک خرما
کلمپه خرما
شکلات خرما
Құрманың құрамында бар элементтердің әрқайсысы адамның денсаулығында маңызды рөл атқарады. Құрма – жоғары тағамдық құндылығына байланысты вегетариандардың сүйікті жемісі. Құрманы адам бойындағы жастық, қуат пен терінің балғындығын сақтау, физикалық және рухани саулыққа жетудің эликсирі деп атайды. Бұл жеміс магний және обырға қарсы өте күшті антиоксиданттық қасиеті бар түрлі-түсті заттан тұрады, бұлшық еттердің қуатын арттырып, дененің жалпы күш-қабілетін жоғарылатады. Құрма жүрек ауруларын азайтады. Қан түзуде маңызды рөл атқарады. Оны жеу есте сақтау қабілетін нығайтады. Құрма құрамында В дәрумені болғандықтан, тыныштандырушы қасиетке ие. Сондықтан, жүйке жүйесінің тынығуына себеп болып, күйзелістен арылтады. Сонымен қатар көру, есту, бел ауруы, буын ауруы, кеуде мен өкпені емдеуге пайдалы. Алайда, құрманы жегенде мөлшерді білу керек.
Құрманы тұтыну тиімді тамақтану режимімен ғана шектелмейді. Өнеркәсіпте де құрма мен оның қасиеттерін пайдалануға болады. Құрма сүйегінің майы кеме жасау өнеркәсібінде көптеген қолданыс аясына ие. Оның қалдықтарынан этанол деп аталатын табиғи отын өндіріледі. Тіпті, құрма ағашының жапырақтары мен бұтақтары да талғамы жақсы қабілетті қолөнершілердің қолында әдемі де мықты себеттер мен төсеніштерге айналып, өз тұтынушыларының үйлерінің сәнін келтіреді. Сол себепті, құрма ағашы барлық бөліктері – діңінен бастап, жапырағы, жемісі мен сүйегіне дейін қолданылатын өсімдіктердің қатарына жатады.
Иран – әлемде құрма өсірілетін негізгі аймақтардың бірі. Бұл жеміс Иран экономикасындағы ауыл шаруашылығы секторының маңызды өнімдерінің бірі саналады. Дүниежүзілік тамақ ұйымының 2013 жылғы статистикалық мәліметі бойынша, Иран құрма өндіру бойынша әлемде үшінші орында тұр. Әлемде құрманың 3 мыңнан астам түрі бар. Солардың 400-і Иранда өсіріліп, жиналады. Олардың әрқайсысының дәмі, түсі мен көлемі әртүрлі. Олар жұмсақ, жартылай құрғақ және құрғақ болып үш топқа бөлінеді. Құрманың алуан түрі арасында Иранда «мазафати», «естемаран», «шаһани», «кабкааб», «барһи», «заһеди», «пиаром» мен «рабби» құрмалары коммерциялық құндылығына байланысты ең көп егілетін түрлерге жатады.
Барһи құрмасы
خرمای برحی
خرمای پیارم
خرمای ربی
خرمای زاهدی
خرمای استعمران
خرمای شاهانی
خرمای کبکاب
خرمای مضافتی
Мазафати – құрманың өте дәмді түрі. Ол Иранның әртүрлі өңірлерінде, соның ішінде Керман облысының Бам ауданында өсіріледі. Оның ылғалдылығы жоғары. Естемеран – әлемдегі табиғаты салқын құрманың жалғыз түрі. Ол көбіне Хузистан облысында өндіріледі. Жартылай құрғақ болуына байланысты оны құрманың басқа түрлерімен салыстырғанда ұзағырақ сақтауға болады. Шаһани – өте дәмді әрі түсі әдемі құрма. Ол Фарс облысының Джахром ауданындағы бақтарда көп егіледі және Ирандағы егіс көлемі бойынша екінші орында. Экономикалық тұрғыдан ең тиімді құрма – «Кабкааб». Иранның ең қымбат құрмасы – пиаром. Ол тек Хормозган облысының бір ауданында ғана өсіріледі. Құрманың бұл түрі «шоколад түсті» деген атпен танымал. Оның қабығы жұқа және жылдам қорытылады. Пиаром құрмасының ағашы әдетте таудың етегіне егіледі. Бұл жемістің шетелдерде тұтынушысы көп. Құрманың бұл түрімен қоса, «мордасанг» деп аталатын сапасы жоғары сары құрма да бар. Оны жеу үшін Керман облысына сапар шегу керек. Өйткені, бұл құрма басқа жерде сатылмайды.
Егер жылдың ыстық айларындағы құрманы жинау кезінде Иранның оңтүстігіндегі (батыс пен шығыс) өңірлерге, соның ішінде Хузистан, Хормозган, Фарс, Бушехр, Керман, Систан мен Белуджистан облыстарына сапар шексеңіз, өз ісіне шебер адамдарды көресіз. Олар пальма жапырағы мен талшығынан өрілген қалың жіптен жасалған мықты белдіктің көмегімен құрма ағашына шығып, үлкен шоқ-шоқ болып салбырап тұрған жемістерді тереді. Әрбір шоқтың салмағы 6-дан 12 кг-ға дейін барады.
Иран – әлем бойынша құрма экспорттайтын басты елдердің бірі. Әлемдегі құрманың экспорттық құндылығының шамамен төрттен бірі Иранға тиесілі. Иран құрмасы әлемнің 5 құрлығына Пәкістан, Ауғанстан мен Түркия сияқты көршілес елдерден бастап, Канада, Аустралия мен Жаңа Зеландия сияқты елдерге дейін экспортталады. Иран құрмасының басым бөлігі үйілген күйінде шығарылатындықтан, кейде сатып алушы елдер делдаллың рөлін атқарады. Бұл елдер сау әрі шырынды құрмаларды сұрыптап, оларды жаңа қаптамаға салып, көбіне өздерінің атымен нарыққа шығарады.
Өңделмеген күйінде сатудың алдын алу және қосымша құн салығын тудыру мақсатында соңғы жылдары Иранның ауыл шаруашылығының осы саласындағы белсенділер қаптама жасау өнеркәсібі мен өңдеу саласына инвестиция салуға бет бұрды. Бүгінде құрманы өңдеу арқылы әртүрлі өнімдер, соның ішінде сұйық қант, бал, ұн, қамыр, соус, томат, маринад, компот, мармелад, тосап өндіріледі. Осыған орай жуырда ирандық зерттеушілер консервант қолданбай-ақ құрма консервісін өндіруде табысқа жетті. Бұл тәсілдің артықшылықтарының біріне құрмадағы полифенолды сіңіру жатады. Полифенолда обырға қарсы антиоксиданттық қасиет бар. Бұл зат құрманың талшығына қосылғанына байланысты тұтынылғаннан кейін адамның денесінен шығарылады. Алайда құрма консервісін өндіру тәсілінде өңделген полифенол адамның денесіне сіңеді. Сондай-ақ, құрманы өңдеп, консервімен қаптау арқылы өндірушілер өз өнімін экспорттау үшін көбірек мүмкіндік алатын болады.