Нау 05, 2018 01:26 Asia/Almaty
  • Жетекшілік хадисы 147

Хазірет Әли (ғ.с.) өсиетін айтқан кезде перзентіне надан адаммен сұхбаттас болмауды ескертіп: «Перзентім, надан адаммен дос болма, өйткені ол саған пайда көрсетемін деп, зиян келтіреді»,- деген.

Исламның ұлық пайғамбары мұсылмандарды адамдарды бір-біріне жақындатып, олардың ризалығы мен бір-бірімен достық қарым-қатынас орнатуға себеп болатын мейірімділікке шақырып: «Сіздердің араларынызда  ең қалаулы әрі ең адамгершілігі мол болып, халықты жақсы көретін және халық та оны жақсы көретін адамдар саналады»,- деген болатын. Алайда, достық дұрыс әрі орынды негіздерге сүйеніп, қалыптасуы керек. Имам Садық (ғ.с.) достықтың шегі мен шекарасы туралы: «Достықтың шегі мен шекарасы бар. Егер бұл шек пен шекара болмаса, достық кемел болмайды. Кемел достық, біріншіден, сырты мен ішінің бірдей болуы; екіншіден, сенің жақсылығынды өз жақсылығы, сенің жамандығыңды өзінің жамандығы деп білу; мүлік пен перзент оның достығын өзгерте алмайды; төртіншіден, мүмкіндігінше бас тартпау; бесіншіден, басыңа күн туғанда сені жауға қалдырмау»,- деп айтқан болатын. («Усул Кафи», 2-ші том).

Дос болмау керек адамдардың біріне надан адам жатады. Өйткені, адам досының ықпалына түседі. Осыған орай имам Садық (ғ.с.): «Надан достан алыстамайтын адамның мінез-құлқы ерте мен кеш пе, досына ұқсайтын болады»,- деп ескерткен болатын. Надан адам тіпті оған дос болып жүрген адамға жақсылық жасайын деп ойлағанымен, өзінің қате әрекеттері оған зиян тигізеді. Хазірет Әли (ғ.с.) өсиетін айтқан кезде перзентіне надан адаммен сұхбаттас болмауды ескертіп: «Перзентім, надан адаммен дос болма, өйткені ол саған пайда көрсетемін деп, зиян келтіреді»,- деген. («Бихар әл-Анвар», 74-ші том). Имам Садық (ғ.с.) да: «Ақымаққа көбірек жақындаған сайын, шегетін зардабың да арта береді»,- деген  болатын. Ол сондай-ақ, бұл тақырыптың маңыздылығы мен надан адаммен көбірек қарым-қатынас орнатудың көбірек зиян келтіретіндігіне назар аударту үшін: «Өтірікші ақымақпен дос болма, өйткені, ол саған жақсылық жасаймын деп, жамандық жасап, жақынды сенен алыстатып, алысты жақын көрсетеді. Егер оны адал санасаң, саған қиянат жасайды. Егер сенімен сөйлессе, өтірік айтады»,- деп айтқан. Дос болуға лайық емес келесі топқа сараң адамдар кіреді. Сараң деп жақсылық пен қайырымдылық жасауды жақтырмайтындарға айтылады. Имам Садық ( ғ.с.) сараң адамдарды: «Сараң – мүлкінің илаһи құқықтарын төлемейтін адамдар»,- деп таныстырды. Хазірет Әли (ғ.с.) адамдарға сараңдармен дос болмау туралы ескертіп: «Сараңнан алыс бол, өйткені  қажет нәрсеңді де алып қояды»,- деген. («Усул Кафи», 1-ші том).

Рауаяттардың бірінде былай деп айтылған: «Күндердің бірінде Алла елшісі Қағбаны тәуәп етіп жүрген кезде құлағына: «Уа, Алла, мені кешір. Мені кешірмейтіндігіңді білемін»,- деген ер адамның дауысын естиді. Алла елшісі ер адамнан: «Алланың сені кешірмейтінін қайдан білдің?»- деп сұрайды. Ер: «Уа, Алланың елшісі, менің күнәм үлкен»,- деп жауап береді. Пайғамбар: «Сенің күнәң үлкен бе, әлде жер үлкен бе?» дегенде ер адам: «Менің күнәм үлкенірек» деді. Пайғамбар: «Сенің күнәң үлкен бе әлде аспандар үлкен бе?» дегенде ол: «Менің күнәм үлкенірек» дейді. Алланың елшісі: «Сенің күнәң үлкен бе, әлде Қағба үлкен бе?» деп сұрағанда ер адам: «Менің күнәм үлкенірек» дейді. Пайғамбар: «Сенің күнәң үлкен бе, әлде Алла ма?» дегенде ер адам: «Уа, Алланың елшісі! Ұлы Алла үлкен»,- дейді. Сол кезде Алла елшісі күнәһар адамнан күнәсінің не екенін сұрайды. Ер адам: «Уа, Алланың елшісі! Мен бай адаммын. Мұқтаж адам маған келген сайын қатты ренжимін. Тіпті, маған өрт жақындаған сияқты боламын»,- дейді. Исламның ұлық пайғамбары: «Менен алыста, өз жалыныңмен мені өртеп жіберме. Мені адамдарды дұрыс жолға нұсқау үшін жаратқан Алламен ант етемін, егер Қағба мен хазірет Ибрахимнің мекенінің арасында  екі мың жыл намаз оқып, көз жасың бұлақ сынды ағып, талдарды суаруға жететіндей жылап, бірақ сараң болып өлсең, Алла Тағала сені басыңмен отқа тастайды»,- дейді».

Өтірік – ең жаман әдет және қауіпті қоғамдық бұзақылық. Исламда өтірік айту – харам. Сондықтан, өтірік айтатын адаммен дос болу өте қауіпті. Сол себепті діни басшылар мен ғұламалар әрқашан мұсылмандарға өтірік айтатын адамдармен дос болмауды туралы ескертеді. Хазірет Әли (ғ.с.): «Өтірікшімен дос болма. Өйткені, ол саған алысты жақындатып, жақынды сенен алыстатады»,- деп айтқан болатын. Имам Садық ( ғ.с.): «Өтірікші өзін әшкере істерімен, достарын күмәндерімен өлтіреді» деп, келесі бір сөзінде: «Имам Әли (ғ.с.) мінберге көтерілген сайын әрбір мұсылманның ұятсыз, ақымақ және өтірікшіден алыстауы қажеттігі туралы айтқан»,- деді.

 

Тегтер