Жетекшілік хадисы 150
Алла Тағала – адамның ең жақсы досы. Алламен дос болу – адамды дамытып, кемелдікке жеткізетін фактор. Бұл достықтың аясында Жаратушының сипаттары адамның болмысына әсерін тигізеді.
Достықтың маңыздылығы әлемнің жер-жеріндегі бүкіл адамдардың жақсы әрі сенімді, адал дос тапқысы келетіндігінде. Бұл сезім – барлық адамдарды ең жақсы досқа, яғни Алла Тағалаға қарай жігерлендіретін және олардың жаратылысында қалыптасқан қажеттіліктің бірі. Егер адам басқалармен қарым-қатынас орнатқысы келсе, бірақ олардың істерін жақтырмаса, еш уақыта олардың арасында достық орнатылмайды. Сондықтан, Алламен дос болғысы келген адам бұл туралы ұмытпауы керек. Дәуіт пайғамбардан жеткен хадистердің бірінде Жаратушының оған: «Уә, Дәуіт! Жердегі пенделеріме «Мен – мені жақсы көретін адамның досымын; мен – менім атыммен маған ғашық болатын адамның қамқоршысымын; мен әрқашан мені ұмытпайтын адаммен біргемін. Мен мені жақсы көретіндердің барлығын өзімнің досым ретінде қабылдаймын, оны ешкім жақсы көрмейтінді де жақсы көремін. Сондықтан жер тұрғындары, дүниенің жылтырағынан алыстап, маған жақындауға асығыңдар. Сонда мен сендерге дос болуға асығамын» деп айт»,- дегені айтылған. («Бихар әл-Анвар», 67-ші том).
Адам өзі танымайтын және оның қасиеттерін білмейтін адамдармен дос болмайды. Көбінесе дос етіп таңдаған адамның бойынан оны таңдауға себеп болатын нәрселер табылады. Адамды ең жоғары кемелдікке жетуі үшін жаратқан, кемелдікке жетуі үшін қажет адамның дарындарын дамыту үшін көптеген мүмкіндіктерді қалыптастырған, сондай-ақ, адамның бір жақсылығына он есе жақсылық қайтаратын Мейірімді және Рақымды Алла Тағала – адамның жалғыз шынайы досы. Жаратушы адамның дамып, бақытқа жетуін қызғанбайды. Сондықтан, Алла мен Оның қасиеттерін танитын адам Оны өзінің досы санайды. Имам Хасан (ғ.с.): «Алланы танитын адам Оны жақсы көретін болады»,- деп айтқан болатын.
Рауаяттар бойынша, күнә жасаған және өз басшысының алдында тағзым етпеген кәпірлер мен бұзақылар да өз болмыстарында Алламен дос болу сезіміне ие болған. Бірақ олардың жүректерін шаң-тозаң басып, олар өздерінің ішкі табиғатында қалыптасқан шынайы болмыстарынан алыстаған. Керісінше, бір Аллаға иман келтіргендер өз жүректерінен немқұрайдылықтың шаң-тозаңын алыстатып, бос жерлерін Аллаға деген достық және махаббатпен толтырды. Алла Тағала «Хужурат» сүресінің 7-ші аятында: «...Бірақ, Алла сендерге иманды жақсы көрсетіп, оны жүректеріңде зейнеттеді. Сондай-ақ, сендерге қарсылықты, бұзақылықты және бас тартуды жек көрсетті...»,- деп айтты. Имам Саджад (ғ.с.)-ның мүнәжәттарында: «(Алла Тағала) жаратылыстарын өз құдыретімен жаратып, оларды өз болмыстарына сай қалыптастырды. Содан соң, оларды жігерлендіріп, достық жолына түсірді»,- деп айтылған болатын.
Алланың махаббаты Оның дұшпандарының махаббатымен үйлеспейді. Хазірет Иса апостолдарына: «Құдайға ғашық болып, Оған жақындаңдар»,- деген кезде олар: «Құдайға қалай ғашық болып, қалай жақындаймыз?»- деп сұрайды. Хазірет Иса: «Күнәларына байланысты күнәһарларды дұшпан санаңдар. Оларм дұшпан болып, илаһи ризалық тілеңдер»,- деді. Апостолдар: «Кіммен дос болайық?»- деп сұрайды. Хазірет Иса: «Көрген кезде Құдайды еске салатын адаммен»,- деп жауап береді. («Бихар әл-Анвар», 75-ші том).
Аллаға жақын болуды тілеу – адамдардың болмысында қалыптасқан сезім. Бірақ, кейде олардың болмысы шаң-тозаңмен ластанады. Сондықтан, жүректерінде Аллаға деген махаббаты жаңғырту – мүміннің міндеттерінің бірі. Алайда Жаратушының біздің ғибадатымызды қажет етпейтінін және біз жасаған күнәнің Оған зиян келтірмейтінін ұмытпаған жөн. Алламен дос болу адамның кемелдікке жетуі үшін қажет. Сол достықтың арқасында адамның илаһи сипаттары жаңғырады. Өйткені, адам досының ықпалына түседі. Алламен дос болу да адамның рухына таңғалдырарлықтай әсер етеді. Сондықтан, өзіміз Алламен дос болып, басқаларды да бұл достыққа шақыруымыз керек. Исламның ұлық пайғамбары: «Алла Тағала хазірет Мұса бен Имранға: «Уа, Мұса! Мені жақсы көр және жаратылыстарыма Мені сүйікті ет»,- деген кезде, хазірет: «Уа, Жаратушы! Мен жақсы көремін, бірақ басқаларды қалай өзіңе ғашық етемін?»- деп сұрағанда Жаратушы: «Олардың есіне менің нығметтерім мен сыйларымды сал»,- деп жауап берген (Амоли Туси).