Мешіт – махаббат пен иманның тоғысқан мекені 33
Адам өзінің болмысына орай мешітті жақсы көріп, бұл мекеннен тыныштықты сезінеді. Илаһи басшылар сөздерінде мешітті мүміндердің панажайы ретінде еске алатын. Бұл панажайда адам алаңдаушылықтардан алыстап, тыныштыққа бөленеді.
Мешіттің негізгі және тұрақты жұмысы діни және рухани ғамалдар саналады. Бұл мекеннің «мешіт» деп аталуы оның сәжде жасап, Алланың алдында қарапайымдылық білдіретін мекен болуымен байланысты. Сәжде – құлшылықтың шыңы, Аллаға толық иман келтірудің белгісі. Адам намаз оқу арқылы Алламен қарым-қатынас орнатып, рухани тыныштықты сезіп, өзінің рухани қажеттілігін қамтамасыз етеді. Психологтар бұл салада: «Адамның кейде жүрегі алаңдайды. Бұл адамдардың шешілмеген психикалық мәселелері бар. Алламен қарым-қатынас орнатып, болмысының қалауларына жауап табылған кезде адам ерекше сенімге ие болады.
Сондықтан адам өз болмысы бойынша мешітті жақсы көріп, бұл мекеннен тыныштықты сезінеді. Илаһи басшылар өз сөздерінде мешітті мүміндердің панажайы ретінде еске алатын. Бұл мекендн адам алаңдаушылықтардан арылып, тыныштыққа бөленеді. Имам Садық (ғ.с.) мұсылмандарға: «Қиындықтар және дүниелік алаңдаушылықтармен бетпе-бет келген кезде намаз бен мешітті пана тұтыңдар»,- деген болатын.
Исламның ұлық пайғамбары соғыс майдандарында жарақат алғандардың жылдам жазылуы үшін рухани тыныш кеңістікті қажет етіп, жараланған мұсылман сарбаздардың емделіп, демалуы үшін мешітті ең жақсы мекен деп санаған.
Алайда қазіргі уақытта рухани және психикалық аурулардан арылу үшін мешітке бару қажеттіліктердің бірі болып табылады. Көптеген қоғамдық дағдарыстар мен адамның рухы және психикасымен үйлеспейтін машиналық құралдармен шырмалған өмірі мешіттің адамның дәрменіндегі рөлінің артуына себеп болды. Мешіт жеке және ұжымдық ғибадаттарды орындау немесе дұға тілеу үшін ең жақсы мекен саналып, адамның рухани-психикалық, кейде тіпті физикалық аурулардың алдын алып, емдеуге әсерін тигізе алады. Францияның әйгілі биологі доктор Алексис Карл «Ғибадат» кітабында ауруларды емдеудегі дұға мен ғибадаттың рөлі туралы: «Дұғамен емдеудің әсері барлық замандарда адамдарды қызықтырды. Алла мен Оның әулиелеріне тавассул ету арқылы емделу туралы көптеген сөздер айтылды»,- деп жазды. Дұға көптеген дерттер мен ауруларды жазатын дәрмен болғандықтан, оны орындауға мүмкіндік беретін мекенді табуымыз керек. Бұл мекендердің арасындағы ең жақсысы мешіт саналады. Өйткені, мешіт – жер бетіндегі Алланың үйі.
*************************
Құм қаласындағы ең көне мешіттердің бірі имам Хасан Аскари (ғ.с.)-ның атындағы немесе «Имам мешіті»
Кейбір рауаяттар бойынша, хиджри қамари жыл санағы бойынша үшінші ғасырда Ахмад бен Исхақ Ашари Алла елшісінің ұрпағының бірі имам Хасан Аскари (ғ.с.)-нан бұйрық алып, хазірет Масуменің қасиетті кесенесінің қасынан мешіт салуға міндеттелді. Ол имамнан мешіт салу үшін қажет қаржыны алған соң, мешітті Құм өзенінің қасында, хазірет Фатима Масуменің қасиетті кесенесіне жақын жерде салды. Ахмад бен Исхақ Ашаридің әрекетімен бірге бұл мешіттің салынуы туралы көптеген кітаптарда басқа мәліметтер де жазылды. Ғұлама Мәджлеси «Тазкарат ул-Айеме» кітабында: «Үшінші халифа Османның кезінде мұсылмандардың әскері күпірлікке қарсы жиһадқа шығып, шамамен хиджри қамаридың 32 жылы Иранға келген сапарда имам Хасан Моджтаба (ғ.с.) имам Хусейн (ғ.с.)-мен бірге бұл әскердің қатарында болған. Олар Құмға жеткен кезде қазіргі кезде мешіт орналасқан жерде намаз оқыған»,- деп жазылған.
Имам Хасан Аскари атындағы мешіт өзінің салыну тәсілі және кеңістіктері мен шабистандары, сондай-ақ, орналасқан мекеніне байланысты исламдық сәулет өнерінің бірегей туындысы саналады. Дәл осы мәселе оның тарихтың әртүрлі кезеңдерінде үлкен оқиғалардың куәсі болуына себеп болды. Бұл мешіт үйсіз немесе жолда қалған адамдар үшін пана болудан бастап, үкімет істері атқарылатын мекен де болды. Сонымен бірге бұл мешітте бір мезгілде төрт жамағат намазы оқылып, діни оқу орындарының шәкірттері үшін сабақ өткізілді.
17 ғасырдың саяхатшысы Жан Таварни сапарнамасында: «Құм қаласынан көзге түсетін нәрсе – ирандықтар қатты құрмет тұтарын өте үлкен мешіт»,- деп жазған. Саяхатшы содан кейін мешіттің сәулетіне тоқталып, бұл мешітте орын алған оқиаларды еске салып: «Бұл мешіттің үлкен есігі көптеген керуен сарайлар мен дүкендер орналасқан ұзын көшеге қарай шығады. Бір жағы қысқа қабырғамен жабылған. Ол жақтан өзен мен оның жағалауын байқауға болады. Бірінші алаңынан, сол жағындағы есікке кірген кезде кішкентай бөлмелер көрінеді. Күн сайын мешіттен тамақтанатын адамдар аталмыш бөлмелерде жиналып, тамақтанып болған соң жан-жаққа кетеді»,- деп жазды.
Осыдан 11 ғасыр бұрын Ахмад бен Исхақтың талпынысымен салынған мешіт оның бүгінгі ғимаратынан анағұрлым шағын болды. Хиджри шамси күнтізбесі бойынша 1355 жылы, яғни 1976 жылы салынған мешіт Иранның ұлттық мұралары тізімінде 1312 нөмірімен тіркелді. Бұл мешіт сан рет жөнделді. Мешіттің ең көне бөлімі 1716 жылы салынған оңтүстік аркасы саналады. 14 метр биіктіктегі көне арканы Сафави билігі кезеңінің соңында Солеймен Сафави шахтың анасы Махдалиа салғызды. Арка гипс, мозаика және Құран жазбаларымен безендірілген.
Қаджар патшаларының бірі Фатхали шахтың кезінде имам Хасан Аскари атындағы мешітке Құм қаласында болған су тасқынынан көп зиян тиді. 1869 жылы Насреддин патшаның кезінде мешіттің батыс жағынан шабистан мен үлкен жертөле салынды. Соңғы рет бұл мешіт өткен жылдары аятолла Сейед Мұхаммад Реза Голпайганидің шешімімен жөнделді. Ол кісі мешіттің айналасындағы жерлерді сатып, мешіттің жаңа ғимаратын кеңейтуге мүмкіндік тудырды. Аятолла Сейед Мұхаммад Реза Голпайгани дүниеден озған соң бұл ғимараттың құрылысының қазығын аятолла Лютфолла Софи Голпайгани қақты. Сөйтіп, 2015 жылы бұл мешіт қайтадан ашылды. Айта кететін жайт, мешіттің көне ғимараты мен жаңа ғимараты бір-бірімен үйлесіп, біртұтас болып көрінеді.
Мешіттің 2900 метр көлемге ие негізгі шабистанына 1900 намазхан сияды. Сондай-ақ, негізгі шабистаннан жарты қабат биігірек 700 метр көлемді 450 намазхан сиятын екінші зал бар. Шабистанның тіректері жамағат намазының имамы мен намазға келген халық оңай қатынас орнататындай жобаланған. Шабистанның 35 метрлік күмбезі оның әдемілігін екі есе арттырып, 59 метрлік екі мұнарасы ғимараттың айбындылығына себеп болды. Мешіттің тіректері мен күмбезі және оның астында мозаика және көркем жазумен бүкіл Құран жазылған.
Сондай-ақ, соңғы жаңарту жұмыстары кезінде мешітке жеті қабаттық ғимарат қосылды. Оның екі қабатында кітапхана, басқа бес қабатында мешіттің кеңселік бөлімі орналасқан. Жаңадан салынған шабистандарында кітап көрмелерін өткізу сынды мәдени жұмыстар атқарылады.