Сәу 08, 2018 20:31 Asia/Almaty
  • Жетекшілік хадисы 152

Алла Тағала «Миғраж» хадисінде пайғамбарды дүниеге тәуелді емес, дұрыс жолға нұсқалу үшін ең қолайлы жағдайға ие кедейлерді жақсы көруге бұйырды.

Құранның «Исра» және «Нәжім» сүрелерінің бірінші аяттары бойынша, Исламның ұлық пайғамбары түндердің бірінде Меккедегі әл-Харам мешітінен әл-Ақса мешітіне сапар шегіп, сол мешіттен аспанға көтеріліп, жеті аспанды аралаған. Бұл оқиға «миғраж» деп аталады. Алла елшісі миғраж жасап, жеті аспаннан өткен соң ешбір адам жете алмайтын биіктікке жеткен. «Садрат ул-Мунтаха» деген жерде Жебірейіл пайғамбардан бөлініп, қалып қояды. Алланың елшісі мен Жаратушы құпия сұхбаттасқан: Алла сөйлеп, пайғамбар тыңдаған немесе пайғамбар сұрақ қойып, Жаратушы жауап берген. Кездесудің кейбір сөздері туралы «Миғраж» хадисінде айтылған.

Имам Әлиден (ғ.с.) Исламның ұлық пайғамбарының: "Миғраж түні Алла Тағала: "Уа, Ахмад! Расында, Алланың махаббаты кедейлерге деген махаббат және соған жақын махаббат",- деді. Мен: "Кедейлер кімдер?"- деп сұрадым. Жаратушы: "Махаббаттары Алланың махаббатына ұқсайтын кедейлер – қарапайым өмір сүріп, аштық пен шөлге шағымданбайтын, өтірік айтпайтын, Жаратушыға ашу-ыза танытпайтын, айырылған нәрселері үшін күйзелмейтін, қолдарына түскен нәрсеге қуанбайтын адамдар. Уа, Ахмад! Мені жақсы көргенің  – кедейлерді жақсы көргенің. Кедейлерді өзіңе жақындат, олардың жиындарына жақын бол. Сонда Мен де сені өзіме жақындатамын",- деп жауап берді",- деген сөзін жеткізді.  Осыған орай Алла елшісі әрқашан кедейлерді өзінің нағыз бауыры санап, өзінің бауыры мен орынбасарына: "Уа, Әли, жердегі мұқтаждар және кедейлермен дос болуды Алла саған нәсіп етті. Сондықтан, сен оларды бауырың, олар сені басшысы деп санайды",- деген болатын. Кедейлер – Алланың сүйіктілері. Олар илаһи рақымға ие болу жолындағы құралдардың бірі. Олар дүниені керек қылмайтын иман келтірген адамдар. Ислам тарихының әйгілі тарихшысы Вақеди өзінің кітаптарының бірінде: "Мұсылмандар мен кәпір құрайыштардың арасындағы бірінші Бадр соғысынан кейін халық  соғыс олжаларын бөлу туралы қайшылықтармен кезікті. Әскердің танымал мергені Саад бен Аби Веқас: "Уа, Алла елшісі! Халқын қорғаған адам әлсіздер және мұқтаждардармен тең болады ма?"- деп сұрады. Пайғамбар ашуланып: "Алла Тағала бұл үмбетке кедейлер арқылы және олардың дұғасы, намаздары мен ықыластары үшін  көмектеседі",- деген болатын. 

Алла Тағала «Миғраж» хадисінде пайғамбарды дүниеге тәуелді емес, дұрыс жолға нұсқалу үшін ең қолайлы жағдайға ие кедейлерді   жақсы көруге бұйырды. Олар шындықты  өздерінің жетекшілері санайды. Имам Әли (ғ.с.): "Мен мүміндердің «йасубымын», мүлік пен байлық – жамандық жасайтындардың «йасубы»»,- деген. («Наһдж ул-Балағе», 316-шы хикмет). «Йасуб» деп бал арасының басшысына айтылады. Мұсылмандардың әйгілі ғұламасы әрі «Нахдж ул-Балағені» жинақтаушы Сейед Рази имам Әли (ғ.с.)-ның бұл сөзі туралы: «Бұл сөздің мағынасы мынада: бал аралары өз басшыларына бағынғандай, мүміндер имам Әлиге жақтасып, жамандық жасаушылар тек өз байлықтары туралы ойлайды»,- деп жазған болатын.  

Сол себепті байлық пен билікке жандары құмарлар өз жүректеріне дұрыс жолға нұсқалуға мүмкіндік бермейді. Олар дінді тек дүниеге жету үшін қажет етеді. Имам Әли (ғ.с.) Аммор Ясердің Мұғаире бен Шаабені дұрыс жолға нұсқау саласындағы нәтижесіз талпынысын көрген кезде: «Аммор, әуре болма! Ол дінді тек дүниені жақындату үшін ғанаа қажет еткен»,- деді. («Наһдж ул-Балағе», 405-ші хикмет). Имам Әли (ғ.с.) көбірек талпынысты дүниеге азырақ тәуелді адамдарға қатысты жасау керек екенін жақсы білді. Дін зорлық-зомбылықты тоқтатып, мазлұмдардың санын азайтуды мақсат етеді. Осыған орай Мысырдағы өзі сайлаған басшысы Малек Аштарға жолдаған хатында: «Әлсіздерге, мұқтаждар мен кедейлерге және еңбек етуге шамалары жоқ адамдарға көмектесіп, Алланың оларға қатысты бұйрығына сай амал ет! Нығметке бөленуің еш уақытта олардан алыстауына себеп болмасын»,- деп кеңес берген болатын.(«Наһдж ул-Балағе», 53-ші хат).

 

Тегтер