Сәу 25, 2018 16:16 Asia/Almaty
  • Мешіт – махаббат пен иманның тоғысқан мекені 35

Ислам революциясы кезеңде мешіт халықпен байланыс орталығының рөлін атқарып, исламдық қозғалыстардың орталығы болып, халықтық күштердің бірігуіне көмектесті.

Исламның ұлық пайғамбары ислам қоғамының басшысы ретінде мешітті басқаруды толығымен өз міндетіне алды. Хазіреттің жақтастары да мешітті тек ғибадат жасайтын мекен ғана емес, мұсылмандардың қоғамдық-саяси мәселелерімен айналысатын мекен санады. Өйткені, егер мешіт Исламның саясатынан алыс қалғанда, дұшпан мешітті тек жамағат намазын оқитын және басқа ғибадаттардың мекеніне айналдырып, мешіт тарапынан өздеріне тиетін зиянды жойғысы келді.

Мешіт басынан бастап, Алланың үйі және ғибадаттарды орындайтын ең сүйікті мекен болды. Сондай-ақ, білім беретін және Құран оқып, оның тағылымдарын үйрететін, діни мәселелер туралы пікірталастар өтетін орталық болғандықтан ислам қоғамының бірінші саяси органы ретінде де танымал болып, ерекше орынды иемденді. Алла елшісі исламның саяси негіздерін, әсіресе мұсылмандар бақылауға алатын істер туралы кеңесулерді мешітте өткізетін. Имам Хомейни басқарған Ислам революциясының жеңісімен Иранның мешіттері Исламның бастапқы кезеңіндегідей өзінің шынайы орнына ие болды. Мешіттегі белсенді күштер тікелей Ислам революциясымен байланысты. Бұл кезеңде мешіт халықпен байланыс орталығының рөлін атқарып, исламдық қозғалыстардың орталығы болып, халықтық күштердің бірігуіне көмектесті. Ислам революциясының жеңісінен кейін де ислам үкіметінің референдум, жергілікті кеңестер, басидж орталықтары мен басқа да жұмыстары мешіттерде іске асырылды.

Иран Ислам революциясының іргетасын қалаушы имам Хомейни Исламның орнын баса айтып: «Мешіт – істер басқарылатын мекен. Мешіттер біздің халқымыздың жеңісіне көмектесті. Бұл маңызды мекенге халық көңіл бөлуі керек. «Біз жеңіске жеттік, енді мешіттің қажеті не?» деп ойламауымыз қажет. Біздің жеңісіміз – мешіттің басқаруы үшін»,- деген болатын.

Имам Хомейни мешітті сөз сөйлеуде

Мешіттің күпірлікке қарсы күрестегі рөлі өте маңызды. Ислам революциясының қозғалысы мешіттен көтерілді. Дәл осы мекен мықты қорған ретінде Иран халқының көтерілісіне күш берді. Имам Хомейни мешіттің рөлін жақсы түсініп, әлем мұсылмандарына: «Егер қасиетті кесене, Қағба мен мешіт және михраб Алланың сарбаздары мен қасиетті кесенелер  мен пайғамбарлар құрметін қорғаушылардың қорғаны болмаса, олардың панажайлары не болар еді?»- деген. Исламның орталығы саналатын мешіт еш уақытта саясаттан алыс болмады. Исламның өзі саясатпен аралас болғандықтан, саясатсыз ислам Ислам емес. Имам Хомейни бұл мәселені қуаттап: «Исламның  саясат туралы кітаптарының көбі ғибадат туралы кітаптарынан алынған. Біздің ойымызға «Ислам саясаттан бөлек, сондықтан ғибадат адам мен Алланың арасындағы іс, мешіттеріңе барып, қалағандарыңша дұға жасап, Құран оқыңдар, үкіметтердің сендерде ісі жоқ» деген қате пікірді қалыпастырған. Бірақ біліңдер, Ислам бұл емес»,- деген. Имам сонымен бірге мешітті құқықтармен таныстыратын мекен деп атап: «Ғұламалар мен уағызшылар шындықты айтып, Израильдің қылмыстары туралы мешіттер мен діни орталарда баяндаңдар»,- деген. Исламның мешіт туралы анықтамасы бойынша, мешіт тек бір топтың саяси орталығы бола алмайды. Мешіт – бір жақтан Алланың, басқа жақтан халықтың мекені. Сондықтан оны тек арнайы топ пен партияның жұмысымен шектеуге болмайды.

          ************************

 

Шираздың тарихы ғимараттыраның бірі Вакил немесе Солтани мешіті

Вакил немесе Солтани мешіті – Ширазда Зендиан билігі кезеңінде Каримхан Зендтың бұйрығымен салынған тарихи мешіттердің бірі. Бұл мешіт хиджри жыл санағы бойынша 1187 жылы салынған. Бірақ Қаджар сұлтандарының есімдері жазылған  кафельдер  мешіттің кейбір безендірулері Каримхан заманында болмаған, олар Қаджар кезінде толықтырылған немесе Қаджар кезінде Каримхан Зенд кезіндегі кафельдер Қаджар кезінде жөнделген немесе өзгертілген деген ой тудырады.

Бұл мешіт екі аркасы және оңтүстігі мен шығысындағы екі шабистанмен жобаланған. Оңтүстік шабистан тастан салынған тіректерімен мешіттің әртүрлі жерлерінен көрінеді. Бұл шабистанның төбесін 48 тас тірек ұстап тұр. Тіректердің биіктігі 5 метр, диаметрі 80 сантиметр. Кіреберіс арканың үстіндегі екі жақтан әдемі плиткалар көрінеді. Есіктен кірген соң сол мен оңға кететін екі дәлізді көруге болады. Мешіттің сәулетшілері мешіттің қыбыласын шынайы қыбыламен сәйкес келуі үшін мешіт жағынан мешіттің сахнасына шығатын жол  салған.

Солтүстігінде орналасқан мешіттің кіреберісінде Зандие кезеңінің ағаштан жасалған екі тірегі бар. Олардың әрбіреуінің биіктігі сегіз метр. Кіреберістің үстінен әдемі плиткалар көрінеді.

Мешіттің ауласы әдемі үлкен тастармен төселген. Ол төртбұрышты, ортасында үлкен хауыз орналасқан. Сондай-ақ, мешіт алаңының төрт жағынан әртүрлі аркаларды көруге болады.

Алаңның солтүстігінде «Меруерт аркасы» деп танымал болған үлкен арка салынған. Бұл арка сәулет тұрғысынан бірегей саналады. Оның айналасына Құран сүрелері жазылған. Оның үстінен екі әдемі мұнараны көруге болады.

 

Алаңның оңтүстігінде «Меруерт аркасына» ұқсас биік және салтанатты арка, арканың астында мешіттің үлкен шабистанының кіреберісі орналасқан. Оңтүстік арканың артындағы  шабистанның ұзындығы 36, ені 75 метр.

 

Шабистанның қыбыласы жағында әсем михраб бар. Оның қабырғасының бір метр биіктігі мәрмәрден салынған, басқа жерінде жеті түрлі кафельмен гүл мен гүлдің бүршігі  әшкейленген. Михрабтың ортасында «Уа, Әли» деп жазылған.

Вакил мешітінің михрабы

Михрабтың сол жағынан мешіттің 14 баспалдағы бар мінберін көруге болады.

Вакил мешітінің мінбері

Бұл мінбердің тасы Әзірбайжанның Марағе кенінен Ширазға жеткізілген. Басында үлкен тас әкелініп, ол қашалып, одан мінбер жасалған.

 

Вакил мешіті Пьер Лотидің «Исфаһанға қарай» деп аталған саяхатнамасында былай деп таныстырылған: «Бүгін Құдайға шүкір, Каримхан мешітіне бара алдым. Егер бұл мекенде біраз уақыт қалсам, мен үшін кіруге тыйым салынған жерлерін көре аламын. Бұл қаланың халқы маған мейірімділік танытты. Мешіт сәулетінің суреттері қарапайым, барлық жерден жасыл және қызыл түстерді көруге болады. Қазір көгілдір сарайға кірдім».

 

 

 

Тегтер