Maм 07, 2018 17:36 Asia/Almaty
  • Тәкфиршіл ағымдардың идеологиясы мен әрекеттерінің негіздеріне шолу 24

Тәкфиршіл топтардың бұрынғы халықтар мен өркениеттердің мұралары мен тарихи ғимараттарын қиратуы олардың діни тағылымдардан алыс екендігін көрсетеді.

Діни мекендерді қирату тек бірнеше діни және тарихи мекенді қирату емес. Бұл мекендер бір халықтың және Исламның жақтастарының тарихи болмысы. Тәкфиршіл топтардың исламдық тарихи ғимараттарды қиратуы исламдық өркениеттің болмысымен күресудің бір түрі. Олар өздерінің бұл әрекеттерімен мұсылман буындары арасындағы қарым-қатынасты жоюды көздейді. Құранда ғимараттар мен мекендерді өркениет болмысын нығайту үшін пайдалану туралы қуатталды. Тәкфиршіл және лаңкестік топтардың діни және тарихи мекендерді қиратуы Құран Кәрім мен Алланың елшісі хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның сүннетіне қайшы. «Рұм» сүресінің 42-ші аятында пайғамбарға: ««Жер жүзінде кезіңдер де бұрынғылардың соңы не болды көріңдер» де. Олардың көбі Аллаға серік қосушы  еді»,- деп айтылған. Сондай-ақ, «Нәміл» сүресінің 51-52-ші аяттарынан: «Ал олардың айлакерліктерінің соңының не болғандығын бір көр. Оларды да елдерін де тұтас жоқ еттік. Міне, олардың зұлымдықтары себепті бұзылған үйлері білген елге бір ғибрат»,- деп оқимыз. Алла Тағала Құранда халықтан ата-бабаларының тарихына назар аударуды сұрайды. Құран сондай-ақ, қираған тарихи ескерткіштердің қасынан өткен кезде ойланбайтын адамды айыптайды.

Тәкфиршілер тарихи ғимараттарды қиратуда

Құранның қисыны бойынша, адам өзінің ой-пікірін айналасы мен күнделікті өмірінде көргенімен шектемеуі керек. Адам өзінің дүниетанымын кеңейтіп, басқа елдердің тағдырына қырағылықпен қарауы қажет. Исламның көзқарасы бойынша, тарих – таным мен білім қайнарының бірі, өйткені адам соның негізінде өткен оқиғаларды сараптап, одан тәжірибе алып, келешектің жолын анықтай алады. Құран адамзатқа өмір сүріп, бұрынғы халықтардың тәжірибелеріне шолу жасап, олардан ғибрат алуға кеңес береді. Құранның қисыны бойынша, бұрынғылардың құнды мұраларын қорғау қазір және келешек ұрпақ  үшін қажет. Тәкфиршіл топтардың бұрынғы халықтар мен өркениеттердің мұралары мен тарихи ғимараттарын қиратуы олардың діни тағылымдардан алыс екендігін көрсетеді. Құран Кәрім «Юнус» сүресінің 90-92-ші аяттарында Перғауын мен хазірет Мұса және Исраил әулеті қақтығыстарының соңғы кезеңін баяндайды. Бұл аяттарда Перғауын мен оның әскерилері Исраил әулетін теңізге дейін қуды. Исраил әулеті судан өтіп, құтқарылды. Перғауынның жақтастары да олардың артынан қуып, суға кірді. Күтпеген жерде толқын көтеріліп, оларды жан-жақтан қоршауға алады. «Исраил ұрпақтарын теңізден өткіздік. Сонда Перғауын және әскерлері жауыздық, дұшпандықпен оларды қуды. Ақыр ол суға батар сәтте: «Исраил ұрпақтары иман келтірген Құдайдан басқа  құдайдың жоқтығына иман келтірдім. Мен де бой ұсынушылардан болдым» деді. Енді ғана сендің бе? Расында сен бұрын қарсы келген бұзақылардан болған едің… Сенен кейінгіге үлгі болуы үшін денеңді (жансыз түрде) құтқарамыз. Расында адамдардың көбі  аяттарымыздан хабарсыз». («Юнус» сүресі, 90-2-ші аяттары). Перғауынның жансыз мәйіті судан шығарылып, мумияланды. Қазір ол мұражайда сақталуда. Алла Тағала «Юнус» сүресінің 92-ші аятында келешек ұрпақ үшін ғибрат әрі белгі болу үшін «біз сенің денеңді жансыз түрде құтқарамыз» деп айтқан. Яғни, келешекте адамдар көріп, диктатор және қаныпезер Перғауынның тарихынан ғибрат алу үшін оның денесін сақтап қалу керек болды. Егер ДАИШ лаңкестерінің қолы Перғауынның мумияланған мәйітіне жетсе, оны шерктің белгісі деп жарып жібереді. «Юнус» сүресінің 92-ші аяты Жаратушының қалауының келешектегі адамдар ғибрат алу үшін Перғауынның денесін судан шығару болғанын көрсетеді.

ДАИШ Намруд қорғаның қиратуда

Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның тарихында діни емес тарихи мұраларды, соның ішінде сарайларды, қамалдар мен ғимараттар және басқа діндердің шіркеулері сияқты мұраларды қиратқаны туралы мәлімет кездеспейді. Исламның ұлық пайғамбары пұтханаларды қиратуға бұйырмаған, өйткені олар сол жердің тұрғындары үшін қасиеттілігін жоғалтып, пұтқа табынушылықты тарататын маңызынан айырылған болатын. Тәкфиршіл топтардың әрекеттеріне жасаған шолу олардың мыңдаған жыл бұрын діни маңыздылығынан айырылған және бүгін адамзат үшін естелік ретінде қалған мекендерге шабуыл жасап, оларды қиратқанын көрсетеді. Пайғамбардың кейбір қирату туралы бұйрықтары сол кезде пұтқа табынушылықты тарататын мекендермен шектелді. Самуд елінің үйлерінің осы кезге дейін сақталуы пайғамбардың өз кезеңіне дейінгі өркениеттің мұраларын қиратпағанын көрсетеді. Құран халықты бұл мәселеден ғибрат алуға шақырады. Рауаяттардың бірінде Исламның ұлық пайғамбары өз сахабаларын ғибрат алуға шақырады. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) хиджридың 9-шы жылы Табук соғысы жолында Самуд елінің мұралары қалған Ходжр аймағына жетіп, бұл аймақты аралап, сахабаларына: «Өздеріңе зұлымдық жасағандардың үйлеріне егер олар жылап жатпаса,  кірмеңдер»,- деді. Бұл рауаятта пұтқа табынушылардың үйлерін қиратудың пайғамбардың сүннетінде қарастырылмағаны айтылды.

Тәкфиршілер Мосул мұражайын қиратты

ДАИШ лаңкестері мен оларды идеологиялық жақтастарының қиратқан мекендерінің бірі қабірлер болды. Негізінде сүнниттердің көптеген кітаптары мен жазбаларынан қабірлерге зиярат ету туралы көптеген хадисті кездестіруге болады. Тарихтың әйгілі тұлғаларының қабірлерін зиярат ету оларды еске алып, адамды әділет талап ету мен кемелдікке жетуге жігерлендіреді. Бұл қабірлерді көріп, адам өмірдің аяқталып, соңғы сапарға шығатынын есіне алады. Ибн Мадженің «Сонанында»: «Сендерге ақыретті еске салатын қабірлерді зиярат етіңдер»,- деп айтылған Алла елшісінің сөзі келтірілген. Қорыта айтқанда, ДАИШ сынды лаңкестік топтардың қабірлерді қирату әрекеттері пайғамбардың (с.ғ.с.) қабірлерді зиярат ету туралы ақыл-кеңестеріне қайшы.

Хазірет Юнустың қиратылған қабірі

 

 

 

 

Тегтер