Маусым 05, 2018 15:09 Asia/Almaty

Әлемнің барша мұсылмандарына хазірет Әли (ғ.с.)-ның шәһид болған күнінің жылдығына орай көңіл айтамыз.

Бүгін – хазірет Әли бен Абиталептің шәһид болған күні. Хазірет Қағбада дүниеге келіп, мешіттің ғибадат михрабында намаз оқып тұрған кезде ең жауыз адамның улы семсерінен жараланып, соның салдарынан  шәһид болды. Имам Әли бен Абиталептің Қағбада дүниеге келіп, мешітте соққы алғанға дейінгі өмірінің 63 жылы тек Аллаға арналды. Хазірет Алла мен басқа нәрсенің арасынан үнемі Алланы таңдады.

Хиджридің 40-шы жылының қасиетті Рамазан айының 19-ші түні хазірет Әли (ғ.с.) Алла елшісінің «Қасиетті Рамазан айының кештерінің бірінде сақалың басынан аққан қанмен былғанады» деген сөзін еске алды. Имам Әли (ғ.с.) бұл түнде қызы Умма Күлсімнің үйінде қонақта болған еді. Ол сақалын қолымен ұстап: «Уа, Алла! Уа, Алланың елшісі! Уәдең жақындады. Уа, Алла! Өлімді Әлиге мүбарак ет!»- деді. Үйдің есігіне қаарй қадам басып, белбеуі мен мойынорағышын алып, мойынорағышын беліне байлап: «Әли! Беліңді өлім үшін мықтап байла!»,- деді. Намаз оқитын михрабта Ибн Молждамның семсері маңдайына тиген кезде дауысы қатты шықты. Ол дауыс осы кезге дейін тарихтың кеңістігінде жаңғыруда: «Қағбаның Алласымен ант етемін, құтқарылдым!». Содан соң михрабтың топырағын маңдайына сеуіп, «Таһа» сүресінің 55-ші аятын оқыды: «Одан (топырақтан) сендерді жараттық. Оған қайтарамыз да екінші рет содан шығарамыз». Имам Әли (ғ.с.) өзіне қастандық жасаушының адамдардың ұрып-соғып жатқанын түсінген кезде жағдайына қарамастан: «Онымен істерің болмасын. Ол маған соққы жасады. Оның ісі менімен. Оның қасынан кетіңдер»,- деп айқайлады. Хазірет Әли (ғ.с.) тіпті басынан қанның саулап ағып жатқаны туралы да ойламады. Хазіретті үйіне жеткізген кезде «Тарих – қашанда жақсы өмір сүрудің сабағы»,- деді.

Хазірет Әли (ғ.с.)-ның сұрауымен перзенттері мен Хашим әулетінің үлкендері жиналды. Бөлмеге кірген адам хазіретті көріп, еріксіз көзіне жаса алды. Бірақ имам оларды жұбатып: "Сабыр сақтаңдар, қайғыға батпаңдар. Менің ең үлкен арманымның пайғамбардың қасына жылдам жетуім екенін біліңдер. Сонымен бірге жылдам өмірлік серігім Заһраны көргім келеді",- деді. Имам Әли (ғ.с.) басынан қаны ағып, бойын жайлаған удың салдарынан денесі қызып жатқан жағдайда үлкен баласын: "Балам Хасан! Бері жақында",- деп шақырды. Имам Хасан (ғ.с.) әкесінің қасына отырды. Имам сандығын әкелуді бұйырды. Жиналған адам сандыққа қарады. Имам "зулфақар" қылышын, пайғамбардың сәлдесі мен абасын, сәжде жасағанда пайдаланатын тасы мен өз қолымен жазған Құранды бір-бірлеп имам Хасанға тапсырып, жиналған адамдардан куә болуды сұрап: "Барлығың – куәсің. Менен кейінгі имам әрі басшыларың – пайғамбардың немересі Хасан",- деді. Содан соң сәл тоқтап, қайтадан имам Хасан (ғ.с.)-ға: "Перзентім! Сен менен кейін басшы боласың. Егер менің өліміме себеп болған адамды кешіргің келсе, өзің білесін. Егер оны жазалауға шешім қабылдасаң, ол менң бір рет ұрғандай, оны да тек бір рет қана ұр. Байқа, қысас жасаймын деп, илаһи шектен шығып кетпе. Енді, балам, қағаз бен қалам әкеліп, халықтың алдында айтқанымды жазып ал",- деді. Имам Хасан (ғ.с.) әкесінің сұрағанын орындап, қағаз бен қалам әкеліп, хазіреттің өсиеттерін жазуға дайындалды. Хазірет Әли (ғ.с.): "Мейірімді және Рақымды Алланың атымен бастаймын. Бұл жазба Әлидің айтқанына сай. Ол ең бірінші Алладан басқа Құдайдың жоқ екендгіне куәлік етеді. Алланың ешбір серігінің жоқ екенін және хазірет Мұхаммадтың Алланың пендесі әрі Оның елшісі екендігін куәлік етеді. Алла оны халықты дұрыс жолға нұсқап, кәпірлердің айтқандарына қарамастан, өз дінін басқа діндерден басты дін ету үшін жіберді. Менің намазым, ғибадатым, өмірім мен өлімім – Алладан; әрі Алла үшін. Оның серігі жоқ. Мен Оның бұйрығымен басшы болып, бір Оған бағындым",- деді.

Имам Әли (ғ.с.) Алланың жалғыз екенін және хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның Оның пайғамбары екендігіне куәлік еткен соң, барлық перзенттері мен әулетін және жолдауын оларға жеткізетін әрбір адамды илаһи тақуалыққа шақырып, істерде  тәртіпті сақтап, бір-бірімен тату өмір сүруге насихаттап: "Мен пайғамбардың "Халықтың арасындағы татулық бірнеше жыл оқыған намаз бен ұстаған оразадан артық" деп айтқанын естігем",- деді. Содан соң имам Әли (ғ.с.) баршаның жүйе мен қоғамдық заңдарға табанды болуы қажеттілігін қуаттады. Өйткені, алға ілгерілеген қоғам жүйе мен қоғамдық заңдарға табанды болуы керек. Имам сондай-ақ, бейбітшілік пен тату өмір сүруді қуаттап, оларды мұсылмандардың қоғамының қажеттіліктері деп атады. Өйткені, имам Әли (ғ.с.)-ның пікірі бойынша Құран мен пайғамбардың сүннеті барлық мұсылмандарға қайшылықтарына қарамастан пана болып, барлық тайпалар мен топтарды бір-біріне жақындатады. Сондықтан имам өмірінің соңғы сәттерінде бірлікті сақтауды қуаттап, мұсылман қоғамының әртүрлі топтарын татуластыру талпынысын намаз бен оразадан артық деп атады.

Адамдардың өмірінен кейде үмітсіздік пен мағынасыздық байқалады. Олардың орнын тек махаббат пен достық арқылы толтыруға болады. Үмітсіздікті көбінесе жетім балалар сезінуі мүмкін. Өйткені олар ата-аналарынан айырылып, олардың мейірімі мен махаббатынан кенде қалып, бәрінен бұрын мейірім мен қамқорлықты қажет етеді. Бұл мәселенің маңыздылығы сондай Алла Тағала ата-анасынан айрылған, қамқоршысы жоқ адамдарға жақсылық жасауға бұйырады: "Және әке-шешеге, жақындарға, жетімдерге, міскіндерге ... жақсылық қылыңдар". ("Ниса" сүресі, 36-шы аят).

Хазірет Әли (ғ.с.) жетімдерге қамқоршы болып, "жетімдердің әкесі" атанғандықтан өсиетнамасында: "Жетімдерге қатысты Құдайды естен шығармаңдар! Жетімдер бірде тоқ, бірде аш қалмасын",- деп баса айтты. Хазірет Әли (ғ.с.) мұсылмандардың жетекшісі әрі үлгісі ретінде өзінің соңғы өсиетнамасында Құран мен мәңгілік кітаптың бұйырықтары бойынша амал етуге назар аудартып, намазды діннің негізгі тірегі деп атап, қажылыққа баруды қуаттап: "Құранға көңіл аударуда Құдайды ұмытпаңдар, қырағы болыңдар. Соған сай амал етуде бөгделердің сендерден озуынан сақ болыңдар! Уа, Алла! Діннің тірегі саналатын намазды орындап, Алланың үйін бос қалдырмаңдар. Егер оны құрметтемесеңдер, илаһи азапқа душар боласыңдар",- деді. Имам Әли (ғ.с.) соңғы сөзін айтардан бұрын Алла жолындағы жиһадқа шығып, мүлік пен жан аямау керектігін насихаттап, мүміндерді жақсылыққа жігерлендіріп, жамандықтан жирендіріп, бірлік пен достыққа шақырды.

Хазірет Әли (ғ.с.) өсиеттерін айтып, жиналғандардың әрқайсына қайта қарап: "Алла Тағала сендерді сақтасын, сендерге қатысты пайғамбардың құқықтарын қорғасын. Енді сендермен қоштасып, өздеріңді Ұлы Аллаға тапсырамын",- деді. Сол кезде имам Әли (ғ.с.)-ның маңдайынан тер ағып, көзі жұмылды: "Алладан басқа Құдай жоқ және хазірет Мұхаммадтің (с.ғ.с.) оның елшісі екендігіне куәлік етмін",- деп шәһәдатәйн айтып, дүниеден озды. Имам Әли (ғ.с.)-ға Алланың сәлемі мен салауаты жетсін! 

                       

 

 

Тегтер