Маусым 07, 2018 00:51 Asia/Almaty

Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи Қадір түнінің маңыздылығы туралы: «Негізінде ораза тұтатын мүміндер жаңа жылды Қадір түнінен бастайды. Қадір түніе оның алдағы бірылдық тағдыры анықталады. Адам жаңа жылға аяқ басып, жаңа кезеңде негізінде жаңа өмір бастайды»,- деген болатын.

Рамазан айының Қадір түндеріне де жеттік. Құран жіберілген түні уәһи сөзінің бұлағының қасында отырып, жүрегіміз бен жанымыздың шөлін қаңдырған қандай жақсы.

  بِسْمِ اللَّهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِیمِ / إِنَّا أَنزَلْنَاهُ فِی لَیْلَةِ الْقَدْرِ/ وَمَا أَدْرَاکَ مَا لَیْلَةُ الْقَدْرِ/ لَیْلَةُ الْقَدْرِ خَیْرٌ مِّنْ أَلْفِ شَهْرٍ/ تَنَزَّلُ الْمَلَائِکَةُ وَالرُّوحُ فِیهَا بِإِذْنِ رَبِّهِم مِّن کُلِّ أَمْرٍ/ سَلَامٌ هِیَ حَتَّى مَطْلَعِ الْفَجْرِ

«Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. Негізінен Құранды Қадыр түнінде түсірдік. (Мұхаммад с.ғ.с.) Қадыр түнінің не екенін білесің бе? Қадыр түні мың айдан қайырлы. Періштелер және Жебірейіл ол кеште Раббыларының рұқсаты бойынша барлық іс үшін түседі. Ол бейбітшілік кеші, таң  рауандағанға дейін жалғасады». («Қадір» сүресі). Қадір түні – Алланың ең жақсы айындағы ең жақсы уақыт. Бүгінгі түн – мың түннен артық және күнәлардың кешірілуі үшін ең жақсы мұрсат. Қадір түні илаһи періштелер ораза тұтушылардың дұғалары мен сырларын және сұраған нәрселерін аспанға жеткізеді. Содан соң Алланың алдында сәжде жасап, тағдырлардың анықталуына куә болады. Қадір түні – Алла Тағала Құран Кәрімде оны ең қайырлы түн деп атаған қасиетті түндердің бірі. Жыл бойындағы барлық жақсы түндер Қадір түнінің деңгейіне жетпейді. Бұл түн – Құран жіберілген және періштелер аспаннан жерге түскен түн. Қадір түнгі ғибадат мың айдағы ғибадаттардан артық. Бұл түні адамдардың бір жылғы ырзығының мөлшері, өмірлері мен  маңызды істері белгіленеді.Рауаяттарда Қадір түнінің қасиетті Рамазан айының соңғы он күні болу ықтималы көбірек айтылды. Өйткені, пайғамбар (с.ғ.с.) бұл айдың соңғы он күні төсек орнын жинап тастайтын.  Әсіресе, Рамазанның 23-ші түні Аллаға ғибадат жасау үшін өз отбасын оятып, барлығы бірге дұға оқып, Алламен сырласатын. Хазірет Әли (ғ.с.): «Алла Тағала сіздер көбірек назар аударсын деп Қадір түнін жасырын қалдырды. Егер Қадір түнін анық көрсеткенде, тек сол бір түннің ғана амалдарын орындап, басқа түндер ұмытылатын еді»,- деген болатын.

Қадір түні – Алладан кешірім сұрау үшін ең жақсы мұрсат. Жаратушы бұл түні пенделеріне ерекше көңіл бөледі. Негізінде бұл түнді пенделерін кешірудің сылтауы үшін қалыптастырған. Алла елшісі «Қадір» сүресінің тәпсірінде: «Қадір түнін ояу өткізіп, мүмін болған және жазалатын күнге иман келтірген адамның барлық күнәсы кешіріледі»,- деп айтқан болатын. Мүміндер түнді ояу өткізіп, намаз бен дұға оқып, Жаратушымен сырласып, шын ниеттерімен махаббаттарын білдіріп, күнәлары  кешіріліп, өздеріне ең жақсы тағдыр белгіленеді деп армандайды. Қадір түнінің арнайы амалдары мен әдеп-ғұрыптары бар. Мәселен, түнді ояу өткізу, ғұсыл алып, дұға тілеу, Құран мен пайғамбар әулетін делдал етіп, «Зиарате Ашура» дұғасы мен намаз оқу осы түннің амалдарының қатарына жатады.

Қадір түні Құран Кәрімді, әсіресе оның «Дұхан», «Рум» және «Әнкабут» сүрелерін оқу насихатталған. Рауаяттар бойынша, Құран Қадір түні бірден пайғамбар (с.ғ.с.)-ға жіберілген болатын. Бұл берекеге толы әрі нұрлы түнде «Джоушан Кабир» мен «Абу Хамзе Сомалидің дұғасын» оқу туралы да айтылған. Бірақ бұл амалдармен бірге басқа амалдарды да орындауға болады. Қадір түнінің келесі амалдарының бірі ойлану болып табылады. Алла елшісі: «Бір сағат ойлану – бір жылдық ғибадаттан артық»,- деді. Алла Тағала жүрегінде білім мен таухидтің нұрын жағып, өмірлерін ғибадат үшін өткізген адамға ойлану мүмкіндігін сыйлады. Әртүрлі мәселелер туралы ойлануға болады. Ойланатын ең жақсы тақырып жаратылған әлем мен адамның өзі туралы тақырып саналады.  Жаратылған әлем мен оның ғажайыптары туралы ойланудың ең маңызды нәтижелерінің бірі адамның Алланың шексіз құдыретінің алдында өзінің әлсіздігін түсінуі және Алланың алдында қарапайымдылқ танытуы болып табылады. Бұл қарапайымдылық адамды тәкаппарлықтан алыстатып, басқа жақсы сипаттарының көрініс табуына себеп болады. Өз нәпсісі туралы ойлану да жоғары маңызға ие. Адамның өзі туралы ойлануы дарыны мен мүмкіндіктерін, сондай-ақ кемшіліктері мен жаман сипаттарымен таныстырады. Ол жаттығу арқылы өз болмысында жақсы сипаттарды тәрбиелеп, бірте-бірте жаман қылықтарынан алыстай алады. Мұндай жаттығу адамның өзін тәрбиелеуі үшін көптеген пайда әкеледі. Өзі мен басқалардың амалдары туралы ойлану адамның кемшіліктері мен осал тұстарын анықтайды. Өткендер туралы ойлану адамды олардың істерінің нәтижелері мен салдарларына, олардың бақытты және бақытсыз болған кезеңдеріне  назар аудартады. Ойлану – құлшылық етудің жоғары деңгейіне жеткізетін құрал.Хазірет Әли (ғ.с.): «Уақыт – бұлт сынды өткінші. Сондықтан жақсы мұрсаттарды қадірлей білу қажет»,- деген. Адамның өміріндегі мұрсаттар алтын сынды, тіпті одан да құнды. Сол себепті олардың қадірін білген жөн. Сондай мұрсатардың бірі – Қадір түні. Жаратушы Қадір түні бізге шексіз кешірімін сыйлаған кезде көктемнің жаңбыры біз үшін рақымының шықтарын қалдырған сынды. Сондықтан хабардар болу мен білім арқылы Қадір түнінің беделі мен ұлылығын түсініп, оны босқа кетірмеуіміз қажет. Бұл түнді басқа түндер сынды ұйқымен, ішіп-жеу және ойын-сауықпен өткізетін адамдар оны ояу өткізетін мүміндерге қарағанда Қадір түнінің пайдасын көрмейді.

Расында Қадір түні илаһи рақым мен кешірімге ие болуға талпынған адамдар өз талпыныстарының оң нәтижелерін көреді. Мүмін адам Қадір түнінің берекесі мен қадір-қасиетін пайдалануға талпынған сайын оның қоры да  көбейе береді. Қадір түні дұға оқып, Алламен сырласудың қуатталуы бұл ерекше маңызды түннің берекесін көбірек пайдалануды көздейді. Әр адам білімі мен түсінігіне сай Қадір түнін пайдаланады.

Қадір түні халық мешіттер мен басқа діни мекендерде жиналып, бір-бірінің қасында сәресіне дейін Алланың ұлылығын мадақтап, Одан кешірім сұрайды. Бұл рухани жиындардан өкінген, Аллаға иман келтірген адамдардың сұраған кешірімдері, сондай-ақ, Алламен сырласқан әрі Құран оқып жатқан адамдардың дауыстары естіледі. Қасиетті Рамазан айының 23-ші түні шексіз аспанның астында Құранды бастарына қойып, Аллаға пайғамбар әулетінің он төрт нұрының атымен ант етіп, рақым жаңбыры жауып, жандарын мөлдір суымен тазартсын деп сұрайды. Дұға оқушылар Аллаға Құран және Оның есімдерімен ант етіп, оларды тозақ отынан құтқаруды сұрайды. Алламен татуласып, Оған оралу үшін Қадір түнінен артық қандай мұрсат болады?

Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи Қадір түнінің маңыздылығы туралы: «Негізінде ораза тұтатын мүміндер жаңа жылды Қадір түнінен бастайды. Қадір түніе оның алдағы бірылдық тағдыры анықталады. Адам жаңа жылға аяқ басып, жаңа кезеңде негізінде жаңа өмір бастайды»,- деген болатын.

 

 

Тегтер