Жетекшілік хадисы 157
Исламның ұлық пайғамбары түндердің бірінде Меккедегі әл-Харам мешітінен әл-Ақса мешітіне сапар шегіп, сол мешіттен аспанға көтерілді. Бір мекенде Жебірейіл пайғамбардан бөлініп қалып қойды. Сол мекенде Алланың елшісі мен Жаратушы құпия сұхбаттасты. Кездесудің кейбір сөздері туралы «Миғраж» хадисінде айтылған.
Имам Әли (ғ.с.)-ның рауаяттарының бірінде исламның ұлық пайғамбарының Алла Тағаланың миғраж түні оған: «Уа, Мұхаммад! Жақсылық жасаушылар мен ақырет туралы ойлаушылар еш уақытта, тіпті бір сәт те Алланы ұмытпайды» деп айтқаны туралы баяндалды. Бұл ерекшелікті Жаратушысға ғашық әр адамнан анық байқауға болады. Олар барлық жағдайда Алланы ұмытпайды, ешбір жұмыс оларды Жаратушысын ойлаудан бас тартқыза алмайды. Мүміндер өз жүректерін тек Аллаға арнап, еш уақытта Алланы ұмытпайды. "Бихар әл-Анвар" кітабының 14-ші томында мынадай көркем хадис айтылған: «Күндердің бірінде бір торғай оған немқұрайдылық білдіретін мекиен торғайға: «Неге менімен өмір сүргің келмейді? Мен егер қаласам, хазірет Сүлейменнің күмбезі мен кесенесін тұмсығыммен қазып, теңізге тастай аламын, сен болсан, маған қарамайсын»,- дейді. Бұл сөзі жел хазірет Сүлейменге жеткізіп, хазірет күлімсіреп, екі торғайды қасына шақыруды бұйырады. Хазірет Сүлейман торғайдан: «Айтқан сөзіңді іске асыра аласың ба?»- деп сұрайды. Торғай: «Жоқ, Алланың пайғамбары! Бірақ бұл мысалмен басқа жаратылыстар сынды мекиен торғайдың алдында өзімді маңызды етіп көрсеткім келді. Ғашықты айтқан сөзі үшін айыптауға болмайды»,- деп жауап береді. Хазірет Сүлейман мекиен торғайға: «Сен неге оның өтінішін орындамайсың? Ол саған ғашық екенін жасырмайды ғой»,- деп сұрайды. Мекиен торғай: «Уа, Алланың елшісі! Ол мені жақсы көрмейді, өтірік айтады. Өйткені, жүрегі басқа мекиен торғайды қалайды. Оны да жақсы көреді»,- дейді. Торғайдың сөзі хазірет Сүлейменнің жүрегін толқытып, жылап, қырық күн ғибадат мекенінен сыртқы шықпайды. Ол дұға тілеп, Алладан жүрегін өзінен басқаға ғашық болудан тазартуды сұрайды.
Қасиетті «Миғраж» хадисіндегі ақырет туралы ойлаушылардың келесі ерекшелігіне олардың адамдарды өлетін, Алланы мәңгілік әрі рақымды деп ойлайтыны жатады. Ақырет туралы ойлаушыларға керісінше дүниені жақсы көретіндер әрқашан халықтың олар туралы жаман ойлауына алаңдайды. Олар қоғамдағы орындарын сақтау үшін басқалардың көңілі үшін және басқалар олардың кемшіліктерін түсінбесін және жаман ойламасын деп талпынады. Олар қоғамдық ой-пікірмен санасып, кемшілктерін жасырады. Негізінде, Алла Тағала мүміннің кемшіліктерінің әшкереленуін жақсы көрмейді. Бірақ ,дүниеқұмарлар Алла үшін емес, халықты өздеріне қаратып, қоғамдағы құрметтерін сақтап қалу үшін жамандықтарын жасырып, өздерін тек жақсы етіп көрсетуге талпынады. Ақырет туралы ойлаушылар дүниеге немқұрайдылық танытып, ешбір күмәнсіз Жаратушыны дана санайды. Осыған орай олар илаһи міндеттерін орындауға талпынып, басқалардың бұрыс сөздеріне мән бермейді. «Миғраж» хадисінің жалғасында Алла Тағала ақырет туралы ойлайтындардың келесі ерекшелігі туралы: «Уа, Ахмад! Жақсылық пен ақырет туралы ойлайтындар оларға теріс қарағандарды өздеріне шақырады; бет бұрғандарға мейірімділік білдіреді»,- деді. Ақырет туралы ойлайтындар Аллаға үміт артады, егер халық оларға теріс қараса, немқұрайдылық танытпайды. Олар Алланың ризалығына ие болып, діни бауырларының құқықтарын бұзбау үшін олардың соңдарынан барып, жүректерін махаббатқа бөлейді. Иман мен ақырет туралы ойлайтындар Алла Тағаланың құлшылық етуді уәжіп еткені сынды мұсылмандардың құқықтарын бұзбауды да уәжіп еткенін жақсы біледі. Имам Әли (ғ.с.)-ның хадистерінің бірінде: «Сұбхан Алла пенделерінің құқықтарын өзінің құқықтарынан басты санайды. Пенделерінің құқықтарын қорғаған әрбір пенденің құқы,ын Алла Тағала қорғайды»,- деген болатын. Имам Садық (ғ.с.) Алланың: «Ырзықты жейтіндердің барлығының Жаратушысы – менмін» деп айтқанын еске салып, солардың қажеттіліктерін шешуге көбірек талпынатындардың Құдайдың ең сүйікті досы болып табылатынын қуаттаған («Бихар әл-Анвар», 74-ші том).