Маусым 19, 2018 16:29 Asia/Almaty

Тарихи құжаттар бойынша, Исламның құлдықпен күресу саясаттары мен стратегиясы нәтижеге жетіп, басқа халықтарға қарағанда құлдық ислам елдерінің арасында жылдамырақ жойылды.

Исламның әйелдерге құрмет көрсету және олардың құқықтарын қорғау туралы қуаттауларына қарамастан, ДАИШ тобы діннің атымен әйелдерге қарсы жабайы, адамгершілікке жатпайтын әрекеттерді іске асырды. Бұл әйелдердің құқықтарын әшкере түрде бұзу болып табылады. ДАИШ өзінің «Дебақ» деген ресми басылымындағы «Қиямет күнінен бұрын құлдықты жаңғырту» деген мақаласында Ирактың Саджар қаласында езид әйелдер мен балаларды құлдыққа алуды  өздерінің мақтан тұтатын құжаты және Исламның ұмытылған бөлімін жаңдандыру деп атады.

ДАИШ әйелдерді құлдыққа түсірді

ДАИШ аталмыш мақаласында: «Исламдық үкімет өзінің бұл әрекетімен бұрмаланған ислам шариғатының бір бөлімін өзінің дұрыс мағынасымен қайтарды. Мүшірік отбасыларды құлдыққа алу бұл заңның ислам шариғатынан жойылуынан бері бірінші рет іске асырылып отыр. Құлдыққа алынғандар – шайтанға  ғибадат жасайтын аз санды пұтқа табынушылар. Әйелдер (езид әйелдері) перзенттерімен бірге тұтқынға түскен соң шариғат бойынша, Саджар қақтығысына қатыстқан исламдық үкіметтің (ДАИШ) мүшелері арасында бөлініп, олардың бестен бір бөлігі хомс ретінде исламдық үкіметке тапсырылды»,- деп жазылған. БҰҰ өкілі Зейнаб Банджора ДАИШ қамауына түскен әйелдердің апатты жағдайы туралы мәлімдемесінде, бұл әйелдерге қарсы жасалған зорлық-зомбылықтарды орта ғасырлардағы зорлық-зомбылықтарға ұқсас деп атады. Ол ДАИШ-тың пәк қыздарды өз қатарына қосылғандардың ықтиярына беру уәдесін шетелдік мемлекеттерден өз қатарына адам жинау жолдарының бірі деп атап: «ДАИШ қыздарды «никаһ жиһады» негіздері бойынша 500-ден 2000 долларға дейінгі бағамен сатты. Құлдыққа түскен әйелдердің ащы оқиғалары, оларға қарсы шабуылдар азаттық талап ететін әр адамның рухы мен жанына батады»,- деді

ДАИШ-тың құлдықты қайтарып, әйелдер мен қыздарды қамауға алуды Ислам шариғатының ұмытылған бөлімін жаңғырту деп жариялауы алаңдатарлық жайт. Ислам еш уақытта құлдықтың негізін қаламаған, керісінше Исламның пайда болуынан бері құлдықты адамзат қоғамынан алыстатты. Исламға дейін құлдық мыңдаған жылдар бойы адамзат қоғамында кең тараған құбылыс болған. Бұл құбылыс бір буыннан келесі буынға мұрагерлікпен ауысты. Құлдық Исламның адамзат үшін ұсынған жолы емес.

Ислам – азаттық пен азаттық талап етушілердің діні. Бұл дін адамның артықшылығын тек оның тақуалығымен байланыстырады. Алла елшісі: «Ең жаман адамдар – адамдарды алып-сатумен айналысатындар» деп, келесі бір сөзінде: «Алла Тағала үш күнәдән басқа күнәларды кешіреді: әйелінің меһриесін қабылдамау, жұмысшылардың құқықтарын тартып алу, азат адамды сату жатады»,- деген болатын. Осы хадис бойынша әйелдер мен жұмысшылардың құқықтарын бұзу мен адамдардың азаттығын тартып алатындар Ислам дінінде кешірілмейтін күнәлардың қатарына жатады.

ДАИШ Сауд Арабиясында езід әйелдерін құлдыққа сатты

Ислам пайда болған кезде құлдық қоғамның барлық, яғни мәдениеті мен экономикасына, қоғамдық қарым-қатынастарына, сондай-ақ, халықтың күнделікті тұрмысына әсерін тигізген құбылыс болды. Сондықтан  онымен күресу қиын әрі жеткілікті уақытты қажет етті. Ислам онымен бірте-бірте әрі ұзақ уақыт күресу жолын анықтады. Исламның көзқарасы бойынша, қоғамдық және экономикалық жұмыстар арқылы құлдық жойылады. Қоғамдық және экономикалық қарым-қатынастардағы құлдық жойылған соң келесі кезеңде оған тыйым салыну жарияланып, қайтып оралуына рұқсат берілмейді. Тарихи құжаттар бойынша, Исламның құлдықпен күресу саясаттары мен стратегиясы нәтижеге жетіп, басқа халықтарға қарағанда құлдық ислам елдерінің арасында  жылдамырақ жойылды. Алланың соңғы елшісі хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) біраз заңдар арқылы құлдықты жою жолындағы талпыныстарын бастады. Пайғамбардың жобасы басқа қарапайым халық сияқты қоғамдық жүйеде пайдалану үшін біртіндеп құлдарды азат етуді қарастырды. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) бұл салада құлдарды азат етуге жігерлендіретін саясаттар жүргізді. Хазірет халықты құлдарды иелерінен сатып алып, содан соң азат етуге жігерлендірді. Бұл істің мақсаттарының бірі қоғамдағы құлдардың санын азайтып, нәтижесінде қоғамдық және экономикалық жұйелерді құлдық шынжырынан азат ету болды. Пайғамбар соғыстардың бірінде 10 мұсылманның сауатын ашатын тұтқындарды азат ететінін жариялады. Кейбір күнәлардың, соның ішінде адамды абайсызда өлтіру және өтірік ант ішудің төлемақысы ретінде құлдарды азат етуді белгіледі. Сондай-ақ, Алла жолында құлдарды азат етуді Исламның ең маңызды әрі ең жақсы ғамалы ретінде таныстырды. Исламның басшылары әрқашан бұл маңызды жұмыстың бастаушылары болған. Рауаяттарда хазірет Әли (ғ.с.)-ның мың құлды азат еткені туралы айтылған. Мұндай саясат қысқа уақытта көптеген құлдың азат етілуіне себеп болды. Исламның көзқарасы бойынша, бұл амал құлдықтың жойылуының бастамасы болды.

Исламға дейін құлға ие болудың әртүрлі жолы болды. Бірақ, Ислам бұл жолдардың көбіне тыйым салды. Исламның пікірі бойынша,  адамды құлдыққа алу – айыпталатын жайт. «Мумтәхин» сүресінің 8-ші аятында: «Алла Тағала дін жайында сендермен соғыспаған және жұрттарыңнан шығармағандарға жақсылық қылуларыңа, әділдік етулеріңе тыйым салмайды...»,- деп айтылған. Құран басқа діндердің жақтастарымен бейбіт өмір сүруге кеңес береді. Осыған орай ДАИШ лаңкестерінің аз сандыларға, соның ішінде езидтерге шабуыл жасап, ерлерін өлтіріп, әйелдерін құлдыққа алып сатуы Құран тағылымдарына қайшы келеді. Аталмыш аят бойынша, мұсылмандармен соғыспаған адамдармен соғысуға болмайды. Сондай-ақ, оларды өлтіруге немесе құлдыққа алуға болмайды. ДАИШ тұтқынға алып, қорлаған аз санды адамдар өз үйлері мен өз отанында өмір сүріп жатқан әйелдер мен қыздар немесе өз жұмыстары және кәсіптерімен айналысқан ер адамдар болған. Лаңкестер әскери дайындығы жоқ адамдардың қалалары мен үйлеріне басып кіріп, оларды сыртқа шығарып, өлтірді. Қыздар мен әйелдерді қамап, олардың мүліктерін талан-таражға салды. Бұл қылмыстардың Исламғы ешбір қатысы жоқ.

 

 

Тегтер