Шіл 08, 2018 19:03 Asia/Almaty

Исламның ұлық пайғамбары түндердің бірінде Меккедегі әл-Харам мешітінен әл-Ақса мешітіне сапар шегіп, сол мешіттен аспанға көтерілді. Хазірет бір мекенде Жебірейіл пайғамбардан бөлініп қалып қойды. Сол мекенде Алланың елшісі мен Жаратушы құпия сұхбаттасты. Кездесудің кейбір сөздері «Миғраж» хадисінде айтылған.

"Исра"сүресінің 1-ші аяты

Хазірет Әли (ғ.с.)-ның рауаяттарының бірінде Исламның ұлық пайғамбарының Алла Тағаланың Миғраж түні хазіретке: "Уа, Ахмад! Ақырет туралы ойлайтындардың жандары жаралы. Олар «Қашан бұл пәни дүниеден өтіп, ақыретімізге жетеміз?» деп ойлайды,- дегені айтылған. Бұл қасиетті хадистің ақырет туралы ойлаушыларға қатысты маңызды тұстарының біріне олардың өлімдерін күтуі жатады. Өйткені, олар өлімді  өздерінің тыныштығы деп санайды. Сондықтан "Қашан бұл дүниеден құтылып, мәңгілік өмірге барамыз?"- деп сұрайды.

Өлім – әрбір адам бетпе-бет келетін шындық. Өлім – таңғалдырарлық оқиға. Оның сыртқы беті басқалар үшін болса, іші адамның өзі үшін. Өлім тақырыбына арналған хадистерде өлім көбінесе екіге бөлінеді: дүние туралы ойлайтындар мен ақырет туралы ойланатындардың өлімі. Дүниеқұмарлар үшін өлімнен ауыр нәрсе жоқ, керісінше, ақырет туралы ойлаушылар үшін өлімнен тәтті нәрсе жоқ. Имам Зейн әл-Абидин "өлім не?" деген сұраққа: "Мүмін адам үшін өлім – үстіндегі кір киімдері мен ауыр шыншырларды  алып тастап, орнына ең әдемі әрі хош иісті киім киіп, ең қауіпсіз үйлерге барғандай. Кәпірлер үшін қымбат киімдерін шешіп, орнына кір, жаман киім кигендей, сондай-ақ қауіпсіз үйлерден ең қауіпті мекендерге ауысқандай",- деп жауап берген. Имам Реза (ғ.с.) өлім туралы: "Өлім – мүмін үшін хош иіс сияқты. Өліммен олардың қиындықтарының барлығы шешіледі. Бұл кәпір үшін жыланның уы мен шаянның шаққаны сияқты, тіпті одан да жаман. Кейбіреулер үшін өлім тіпті арамен, пышақпен кесілуден, қайшымен қиылудан да ауыр. Кейбір кәпірлер мен күнәһарлар үшін өлім дәл осылай»,- деген болатын.  Алла елшісінің қасиетті хадистерінің бірінде былай деп айтылған: «Мүмін адам өлер алдында оның басына бір қолына Кәусар суын, екінші қолына жаннаттың мөлдір сусыны құйылған кеселерді ұстаған періште келеді.  Мүмін өлген кезде оған екі кесенің суынан ішкізеді. Сөйтіп, жан тапсырудың қиындығын жойып, оған «жағдайың қандай жақсы» дейді. Өзің мен орналасқан мекенің пәк болсын. Сен дана әрі дос Аллаға жақындадың» дейді.

Бұл хадисте назар аударатын жайт, мүмін адам жан  тапсырайын деп жатқан кезде періште келіп, оған Кәусардың суы мен жаннаттың сусынын әкеліп береді. Алла елшісі хадистерінің бірінде: «Қиындық (өлім) барлық мұсылмандар үшін күнәларын өтеу болып табылады»,- деп айтылған. Алайда айтылған жайттарға сәйкес мүмін өлім туралы армандайды деп ойлауға болмайды. Мүмін Алладан қауіпсіздік, денсаулық пен берекелі өмір беруді  сұрайды. Өмір адасу болса, адам өлім туралы армандайды. Имам Саджад (ғ.с.) «Сахифе Саджадиедегі» 20-шы дұғасында: «Уа, Алла!  Өмірім Өзіңе құлшылық ету болғанға дейін мені тірі қалдыр; шайтанға бет бұрған уақытта, Өзіңнің ашуына ие болмай тұрып, жанымды ала гөр»,- деп сұраған болатын. Рауаяттардың бірінде Исламның ұлық пайғамбары науқас адамның халін сұрап барған кезде ол шағымданып, өлім тілеп отыр екен. Хазірет: «Өлім сұрама, егер жақсылық жасайтын адам болсаң, жақсылықтарыңды арттыр. Егер күнәһар болсаң, Алла Тағала сенің өліміңді кейінге қалдырады, сен тәубеге кел. Сондықтан өлім сұрама»,- деген болатын. Исламның ұлық пайғамбарының келесі бір рауаятында: «Ешқайсың өлім сұрамаңдар. Зиян көрген кезде: «Уа, Алла, егер бұл өмір менің жақсылығым мен менің мүддеме болса, маған өмір бер, егер мен үшін өлген дұрыс болса, өлім бере гөр» деп тілеңдер»,- деп айтылған болатын. («Васаел әл-Шие», 2-ші том. Сондықтан, «Миғраж» хадисінде ақырет туралы ойлайтындардың өмір туралы пікірлерінің Жаратушының жігеріне бағынатынын көрсетеді.

 

Тегтер