Шіл 26, 2018 14:59 Asia/Almaty

"Исра" сүресінің бірінші, "Нәжм" сүресінің бесінші аяттары бойынша, Исламның ұлық пайғамбары түндердің бірінде Меккедегі әл-Харам мешітінен әл-Ақса мешітіне сапар шегіп, сол мешіттен аспанға көтерілді. Бір мекенде Жебірейіл пайғамбардан бөлініп қалып қойды. Сол мекенде Алланың елшісі мен Жаратушы құпия сұхбаттасты. Кездесудің кейбір сөздері «Миғраж» хадисінде айтылған.

Бұл хадис екі жақты келіссөзді дәлелдейді. Ислам мен басқа да илаһи діндер мен әртүрлі мистикалық мектептерде келіссөздер көбінесе бір жақты. Яғни, рухани  жетекші сөз сөйлеп, адамдар оны тыңдап, ешбір күдік-күмәнсіз, көбірек  түсіндіруді  сұрамай, естігендерін орындайды. Тағылымның мұндай әдісі діни және діни емес сүннеттерде қалыптасқан. Алайда, "Миғраж" хадисіндегі қызықтыратын жайт – сұхбаттың екіжақты болуы. Миғраж оқиғасы кезіндегі Исламның ұлық пайғамбары мен Жаратушы  арасындағы сұхбат хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) жоғары мәртебесі мен ол хазіреттің Аллаға жақындығын көрсетеді. Одан маңыздысы Исламның ұлық пайғамбарының әлемнің Жаратушысымен сөйлесіп, көбірек ақыл-кеңес беруді сұрап, жүрекке қонымды жауап алу дәрежесіне жетуі болды. Мұндай мүмкіндік басқа ешбір илаһи пайғамбардың несібісіне берілмеді.

"Исра" сүреснің 1-ші аяты

Хазірет Әли (ғ.с.)-ның рауаяттарының бірінде Исламның ұлық пайғамбарының Алла Тағаланың «Миғраж» түні хазіретке: "Уа, Ахмад! Ғибадаттың он бөлімі бар. Оның тоғызы адал мүлікті талап етеді. Сондықтан ішіп-жейтін нәрселеріңді таза ұстасаң, әрқашан менің қорғауымда боласың",- деп айтқанын еске алатын. Алланың бұл сөзі Аллаға ғиабадат ету үшін адамның ырзығының халал болуы керектігі туралы мәліметті қуаттайды. Егер адамның ырзығы харам жолдар арқылы қамтамасыз етілсе, ол Аллаға қалай жақындай алады? Сондықтан Пайғамбар (с.ғ.с.) бұл сөзді естіп, Алладан: "Уа, Жаратушы! Ғибадаттың басталуы не?"- деп сұрағанда Алла Тағала: "Ғибадаттың басталуы – үнсіздік танытып, ораза тұту",- деп жауап берген.  Бұл сөздерден Аллаға құлшылық етудің бірінші қадамының үнсіздік танытып, ораза тұту екенін түсінеміз. Бұл екеуі адамның Аллаға құлшылық етуі мен кемелдікке жету жолындағы алғашқы қадамдары болып табылады. Азат адамның жалған  әрі пайдасыз сөз айтатын тілі ғибадат жолына түспегендіктен мақсатына жетпейді. Адамның қарыны да осындай. Егер адам қалағанын жеп, қарынына еркіндік берсе, тек қоректенуді ғана ойлайтын хайуан сынды болып, дәл сол деңгейде қалады.

Исламның ұлық пайғамбары Алладан ораза тұтудың нәтижесі мен әсері туралы: "Уа, Алла, оразаның әсеріне не?"- деп сұрағанда Алладан: "Оразаның мұрасы – хикмет, хикметтің мұрасы – білім мен мағрифат, мағрифаттың мұрасы – сенім",- деген жауапты естиді. Имам Садық (ғ.с.) Аби Басирге: "Уа, Аба Мұхаммад! Ислам – жоғары дәреже. Иман Исламнан бір дәреже жоғары, тақуалық иманнан жоғары, сенім тақуалықтан жоғары. Халыққа сенімнен төмен нәрсе берілген жоқ. Сендер болсаңдар, Исламның ең төмен дәрежесіне жабыстыңдар. Соны жоғалтып алмаңдар",- деген.  ("Усул Кафи", 2-ші том). Сондықтан, сенім Исламның барлық кезеңдерінен өтіп, иман мен тақуалыққа ие болғаннан кейін ғана пайда болады. Хазірет Әли (ғ.с.)-ның иман мен сенімге қатысты келесң хадисінде: "Алла Тағала иманды сабыр, сенім, әділет және жиһад деген төрт негізге тіреді. Сенімнің де төрт тірегі бар: ақыл  мен қырағылық, шындыққа жету, сабақ алу мен бұрынғылардың әдістері",- деген болатын. Яғни, әрбір қырағы адам шындыққа жетеді Шындыққа жеткен адам одан сабақ алады, ғибрат алған адам сүннет пен әдістерді түсінеді. Сүннетті түсінген адам бұрынғылармен бірге болып, солардың арқасында дұрыс жолға нұсқалады. Аллаға бағынбаған адам өлімге ұшырап, Оған бағынғандар құтқарылады.

Өздеріңіз білетіндей, артық тамақтану адамның асқазанына салмақ түсіріп, оны ойлану және бір ойға шоғырлану қабілетінен айырады. Денсаулыққа қатысты ақыл-кеңестерде адамға тамақ ішкен бойда ой жұмысымен айналыспау ескертілген. Өйткені, тамақты қорытуға қажет қан асқазанның айналасына жиналады. Ал адам  ойланып, миын жұмыс істету үшін көбірек қанды қажет етеді. Сол себепті бұл екі жайт бірге бола алмайды. Алайда артық тамақтанудың басқа да зияндары мен салдарлары бар. Адам ас ішудің ләззатына мән беріп, дәмді тағамдарды табуға талпынып, материалдық мәселелерге шырмалып, рухани кеңістіктен алыстайды. Алла елшісі рауаяттарының бірінен хазірет Исаның Исраил әулетіне: "Артық тамақ жемеңдер. Көп тамақтанған адам көп ұйықтайды. Көп ұйықтаған адамның намазы азаяды, намазы азайған адам немқұрайдылардың қатарына кіреді",- деп айтқанын оқимыз.  Имам Әли (ғ.с.) өзінің дана сөздерінің бірінде: "Өмір сүруді тамақ ішу үшін сұрама, тамақ ішуде өмір сүру үшін сұра",- деген болатын. ("Наһдж ул-Балағе", 20-шы том).

 

 

Тегтер