Ирандағы университет қауымы АҚШ пен Еуропадағы студенттердің антисионистік қозғалысын қолдайды
(last modified Sun, 28 Apr 2024 15:54:08 GMT )
Сәу 28, 2024 21:54 Asia/Almaty
  • Ирандағы университет қауымы АҚШ пен Еуропадағы студенттердің антисионистік қозғалысын қолдайды

Иранның университет қауымы сабақты тоқтатып, митинг өткізу арқылы АҚШ пен Еуропа университеттерінің студенттері мен ұстаздарының Израильдің Газа секторындағы қылмыстарын айыптауға бағытталған қозғалысына қолдау білдірді.

Бұл митинг бүгін, жексенбі түскі намаздан кейін Иранның барлық университеттері мен оқу орталықтарында "Газаға тілеулестік" атты қозғалысты қолдау мақсатында өтті.

Иранның университеттері АҚШ пен Еуропаның университеттерінің студенттері мен ұстаздарын қолдау акциясы барысында сионистік режим мен әлемдік үстемшілдерге қарсы ұрандар айтты.   

Иран Ғылым министрі Мұхаммедәли Золфигүл бүгін, жексенбі күні әлем университеттерінің Израильдің геноцид жасап жатқанына наразылық білдіруін университет қауымы ұжданының ояу екенін білдіретінін айтып: "Университеттер әрдайым зұлымдық пен зорлық-зомбылықа қарсы тұрады",-деді.

Теһран университетінің студенттері осы университеттің қақпасына плакат іліп, Палестина халқын қолдайтындарын және сионистік режимге наразылықтарын жариялады.

Теһран университетінің студенттерінің плакаты

Теһран университетінің қақпасына ілінген плакатта ағылшын тілінде былай деп жазылған: "Теһран мен Нью-Йорктегі студенттердің ұраны: "Өзеннен теңізге дейінгі Палестина азат етіледі".

Иран Ғылым министрінің мәдени-әлеуметтік істер жөніндегі орынбасары Мехди Бадпа да бүгін ел университеттері ректорларының АҚШ университеттеріне электронды хат жібергенін айтып: "АҚШ пен Еуропада Палестинаны қолдауға арналған студенттік қозғалыс сионистік режим құрылғалы бері Батыста Израильге қарсы орындалған ең ірі наразылық акциясы болды. Бұл жолы АҚШ пен Еуропада Израильге қарсы студенттік қозғалыс қайта жанданады деген үміт бар",-деді.

Кеше, сенбі күні Иранның кейбір университеттері жеке-жеке мәлімдеме жасап, АҚШ пен Еуропада Палестинаны қолдаған университет қауымына жақтасып, оқу орталықтарында наразылық акцияларын өткізіп, Израильдің Палестинаға қарсы қылмыстарын айыптады.

Соңғы күндері  АҚШ пен Еуропаның университеттерінде студенттер мен ұстаздар Батыс үкіметтерінің Газа соғысында сионистік режимді қолдау саясатына наразылық білдірді. Митингте студенттер мен ғылыми кеңес мүшелерінің бірқатары қамауға алынды.

АҚШ пен Еуропаның студенттері өз университеттерінің сионистерді демеушілермен қаржылай және рухани байланысын үзуді талап етіп: "Бұл наразылықтар тарихтың дұрыс жағында тұр",-деп мәлімдеді.

Олар өздерінің осындай наразылық акцияларын өткізіп жатқанын мақтан тұтады. Бұл мақтаныш енді АҚШ пен Еуропа университеттеріне ғана тиесілі емес. Бүкіл әлем осы қозғалысты мақтан тұтады.

АҚШ пен Еуропа студенттері өз университеттерінің басшылығынан  Израильдің соғыс қылмыстарына ортақтасқаны үшін жауап беруін талап етті. Өйткені университеттер соғысты қолдайтын компанияларға инвестиция салуын тоқтатпады.

Бірнеше америкалық университеттің зейнетақы қорлары да өз ақшасын  сионистік компанияларға инвестициялайды. БҰҰ-ның айтуынша, бұл компаниялар Газа соғысына қатысып жатыр.

Студенттер сондай-ақ университет басшылығынан басып алынған жерлердегі сионистік институттармен қол қойған меморандумдардың күшін жоюды талап етті.

Израиль режимі 2023 жылы 7 қазанда Батыс елдерінің жан-жақты қолдауымен Газа секторы мен Иордан өзенінің батыс жағалауында Палестинаның қорғансыз халқына қарсы ауқымды геноцид жасай бастады.  

Соңғы мәліметтер бойынша, сионистік режимнің Газаға шабуылдарында осы күнге дейін 34 мыңнан аса палестиналық қаза тауып, 77 мыңнан аса адам жараланды.

Израиль режимінің іргетасы 1917 жылы Ұлыбританияның отарлау жобасына сәйкес түрлі елдерден еврейлерді Палестина жеріне көшіру арқылы қаланды. 1948 жылы Израиль мемлекеті жарияланды. Сол заманнан бері палестиналықтарды қырып-жойып, жерлерін тартып алу үшін түрлі жобалар орындалды.  

ИИР Израиль режимін жойып, еврейлерді өз елдеріне қайтаруды қолдайды.