Қыр 22, 2018 22:52 Asia/Almaty

Сұраныстың көптігінен өсіруге ерекше мән беріліп отырған жемістердің бірі – алма.

Соңғы онжылдықтарда ауыл шаруашылығы әлемнің экономикасында табыс әкелетін салалардың бірі ретінде назарға алынды. Әртүрлі елдер осы секторды дамытуға ерекше мән беріп отыр. Сұраныстың көптігінен өсіруге ерекше мән беріліп отырған жемістердің бірі – алма.

Алма – мыңдаған жылдық тарихы бар жеміс ағашы. Әлемнің кейбір халықтарының пікірлеріне сәйкес, бұл жемісті хазірет Адам мен Хауа ана жерге әкеліп, берекеге себеп болған. Алма 19 ғасырдың ортасында әлемде декоративті жеміс ретінде қолданылған дәнді бау-бақша өнімдерінің қатарына жатады. Адамдар алманың пайдасын білгеннен кейін бұл жемісті тұтынуға тапсырыс артты. Мұның өзі алманың әлемде коммерциялық өнім ретінде танылуына себеп болды.

Алма әдетте сары, қызыл және жасыл түсті болып келеді. Жер шарында алма өндіретін басты аймақтар  30 дан 60-қа дейінгі градус аралығындағы солтүстік және оңтүстік белдіктердің арасында орналасқан. Суық және қоңыржай климатты аймақтарда жақсы өсетін алманың түрі өте көп. Осы уақытқа дейін алманың 7500-ден астам түрі анықталған. Бұл түрлер жабайы және қолдан өсірілетін алмалар деп екіге бөлінеді. Жабайы алма түрлері адамдардың қолы жетпейтін алыс аудандар мен таулардың етегінде кішкентай ағаштардың басында өседі. Жабайы алмаға қарағанда сапалырақ саналатын қолдан өсірілетін алма түрлері биік ағаштардың басында өседі. Бау-бақша өнімдері арасында алма ағашын мыңдаған жыл барысында жемістері сұрыптау арқылы жақсартылған ең көне ағаш деп атауға болады.

Алма тиісті жағдайда өсірілсе, адам денесіне қажет маңызды дәрумендер мен шипалық қасиеттері бар әсерлі заттарға толы жеміс. Сол себепті оны  денсаулық жемісі деп те атайды. В1, В2, В3 және А мен С дәрумендері, кальций, фосфор, магний, калий мен темір сияқты минералды заттардың алмада болуы қуаты мол жемістің денсаулыққа шипалы жеміс атануына себеп болды. Алма – ғажайып тудыратын жемістердің бірі. Тамақтану маманы доктор Мариям Мехразидің айтуы бойынша,  алманың құрамындағы химиялық заттар оның түріне байланысты әрқилы. Таңертең бір алма жеу ас қорыту жүйесінің жұмысына жақсы әсер етеді. Мұнымен бірге алманың тығыздығына байланысты оны тістеп жеу жақты нығайтады, бір жағынан табиғи тіс жуғыш саналады. Алма қышқылы ауыздағы бактериялар мен жағымсыз иісті жояды, тістердің арасында қалған тамақ қалдықтарын тазартады.

Егер теріңіз балғын болсын десеңіз немесе теріңіздің құрғақтығынан жабығып жүрсеңіз, тамақ рационыңызға алманы қосыңыз. Кейбір адамдар, әсіресе ересек адамдар қызыл ет пен майлы тамақтарды көп жейтіндіктен, буын ауруы мен тұз байлану ауруына шалдығады. Бұл адамдар ет жеуді азайтумен қатар, тамақ рационына алманы қосса болады. Шикі немесе пісірлген алма адам денесінде несеп қышқылының түзілуіне кедергі жасайды. Оны жегеннен кейін денедегі қышқылдың көп мөлшері несеп арқылы сыртқа шығарылады. Сонымен қатар ой еңбегімен айналысатын және зейін шоғырландыруды қажет ететін адамдарға алма жеуді ұмытпауға кеңес беріледі. Алма миды фосформен қамтамасыз ету үшін жақсы нәр көзі болып табылады. Мұнымен қоса, жұмақ жемісі – алмадағы қант тырысып қалған бұлшық еттерді жазады. Алма – уды жоятын өте мықты тазартқыш. Бұл жеміс тыныштық сыйлап, күйзеліс пен абыржушылықты басады.

Алма – көптеген емдік қасиеті бар жеміс

Алма – Иранның ең маңызды бау-бақша өнімдерінің бірі. Иранда алма бағзы замандардан бері өсіріліп келеді. Осы өнімнің өсуіне тиімді ауа райының болуы елдің көп өңірінде – солтүстіктен оңтүстікке дейін, шығыстан батысқа дейінгі аралықта алма ағашының егілуіне себеп болды. Қолда бар деректер көрсеткендей, Иранда егілген алма ағашының түрі өте көп. Иранда алманы пісетін маусымына қарай екіге бөледі. Жазда пісетін алма түрлеріне «голаб» алмасы, «марағе», «алмаси», «шафииабади», «қарпузалма» мен «қандак» алмалары жатады. Екінші топқа күздік және қыстық алмалар кіреді. Олардың арасынан Мешхедтің «аббаси», «голшахи», «уғаз ширван», «руийн», «зену», «дариан», «шамирани», «солтани» және «халхал» алмаларын атауға болады. Иранның ауа райы жағдайымен үйлесетін шетелден әкелінген алма ағаштарының кейбір түрлері де  белде өсіріледі.

2014 жылғы алма өндірісі туралы әлемдік статистика бойынша, Иран әлем бойынша алма өндіруден төртінші орында тұр. Бұл жылы Иранда алма өндірісінің көлемі әлемдік өндіріспен салыстырғанда 4 пайыздан артық болды. Иран үкіметінің өткен 30 жылда алма өндірісін дамытуға бағыттаған саясаттары негізінде алма өсіретін жерлерді арттыру және жеміс беруді арттыру деген екі жол қолданылып, елде осы жеміс өндірісі 3 есе артты.

Елдің әртүрлі облыстарында алма өсіруге берілген жерлер 300 мың гектардан асады. Орташа есептегенде әр гектардан 17 тонна алма жиналады. Үздік бағбандар гектарынан 130 тонна алма жинайды.

Диктор

Алма өндіретін облыстардың арасынан Батыс Әзірбайжан, Шығыс Әзірбайжан, Теһран, Фарс, Исфахан, Хорасан-е Разави, Хамадан, Чахармахал мен Бахтияри облыстарын атауға болады. Елдегі алма бақтарының көбі Батыс Әзірбайжан облысына тиесілі. Бұл облыста жылына орташа есеппен 1 млн тонна алма өндіріледі. Елде алманың 38 пайызы Батыс Әзірбайжан облысы мен Урумие ауданында өндіріледі. Бұл облыстың Урумие ауданы таулы ауа райына ие болуына байланысты бау-бақша өнімдерін өсіруге қолайлы, сондықтан әрдайым әртүрлі жемістер, соның ішінде алма өсіруде алдыңғы қатарда келеді.

Иранның Батыс Әзірбайжан облысының алма бақтары

Иранда сапалы алма өндіретін келесі өңір – Исфахан облысындағы Самиром ауданы. Бұл облыста 60 мың га алма бағы бар. Мұнда жылына 1 млн-нан астам тонна алма өндіріледі. Самиром ауданы сапалы алма өсіруге қолайлы ауа райының болуына байланыстыИсфахан облысының экономикалық әлеуеті жоғары аудандарының бірі болып табылады. Теңіз деңгейінен 2 мың метр биіктікте орналасуы, күн сәулесі мен су көздерінің жеткіліктілігі және құнарлы жердің болуы Самиром ауданы алмасының жоғары сапамен ішкі-сыртқы нарыққа шығарылуына себеп болды.

Дамавандтың алмасы – Ирандағы қызыл алманың ең танымал түрі. Ол Теһран облысының Дамаванд ауданында өсіріледі. Алманың жоғары сапалы бұл түрінің Иранда өсіріліп келе жатқанына біршама жыл болды. Осы уақытқа дейін алманың осы үздік түріне әртүрлі ғылыми зерттеулер жүргізілді. Оның тағамдық құндылығының басқа алма түрлерінен бірнеше есе артық екені анықталды. Теһран облысында өндірілетін басқа алма түрлерінен Шафиабадтың «голаб» алмасын атауға болады. «Голаб» алмасы хош иісіне байланысты осылай аталған. Бұл алма түрі көлемінің кіші болғанына қарамастан өте дәмді. «Голаб» алмасының хош иісі мен дәмі сатып алушыларының көп болуына себеп болды. «Голаб» алмасын ұсыну мерзімі өте қысқа.

Марағенің «голаб» алмасы

Семнан облысының Шахруд ауданында «голаб» алмасы сияқты кішкентай, бірақ іші қызыл алма өседі. Өте шағын көлемде өндіріліп, аудан көлемінде тұтынылатын бұл алманың дәмі қышқыл.

Шахрудтың іші қызыл алмасы

Бүгінде жаңа технологиялар мен өңдеу өнеркәсібінің болуы жемістердің әралуан түрінің балғын күйде тұтынуынан қалған қалдықтардың босқа құрып кетпеуіне көмектеседі. Бұл мәселе алмаға да қатысты. Алма балғын және құрғатылған күйінде тұтынылумен қоса, әртүрлі тәттілер, тосаптар мен кейбір тағамдарды әзірлеуде де қолданылады.  Соның ішінде Иранның балғын алмасы мен одан алынатын өнімдер ішкі нарықты қамтамасыз еткеннен кейін әртүрлі елдерге, соның ішінде Германия, БАӘ, Бахрейн, Пәкістан, Ирак, Кувейт, Оман, Ауғанстан, Түркіменстан, Ресей, Қырғызстан, Малайзия, Үндістан және т.б. елдерге экспортталады.   

Тегтер