Қыр 26, 2018 12:37 Asia/Almaty

Имам Бағердің (ғ.с) өмірімен таныстыруға арналған соңғы бөлімде хазіреттің өмірлік салты мен шәһид болғаны жайлы сөз қозғаймыз.

Егер естеріңізде болса, өткен бағдарламада имам Бағердің (ғ.с) мәдени революция ұйымдастырып, мәдени өзгерістерді жүзеге асыру үшін ғылыми салада көрнекті тұлғаларды оқытып-тәрбиелеуге басымдық беріп, осы жол арқылы таза мұхаммадтық (с.ғ.с) тағылымдардың ықпалын кеңейтіп, шиіт мазхабы мен мектепті қорғағанын баяндаған болатынбыз. Бесінші имамның (ғ.с) жасаған келесі маңызды әрі негізгі қадамы көрнекті тұлға арқылы шынайы шиіттерге тән қасиеттерді атап көрсетуі болды. Бұл көзқарасты талдап, түсіндіруде ол хазіреттің көрсетіп кеткен бағыт-бағдарларын талдаймыз. 

Серпінді ислам мәдениетінде прагматизм қағидасы деген ұғым бар. Бұл принципке сәйкес, амал мен әрекет адамдарды тұлғалық тұрғыдан бағалаудың ең маңызды өлшемі саналады және іс-әрекетсіз ешкім белгілі нәтижеге қол жеткізе алмайды. Имам Бағер (ғ.с) Джабер атты серігіне: "Өзінің шиіт екенін айтып, бізге деген сүйіспеншілігі туралы айту жеткілікті ме? Құдайдың атымен ант етемін, Құдайға бағынбаудан қорықпайтын және Оған бойсұнбайтын адам біздің шиіттердің қатарына жатпайды. Уа, Джабер! Біздің шынайы шиіттерімізге қарапайымдылық, аманатшылдық, үнемі Құдайды еске алу, ораза тұту, намазды орындау, әке-шешесіне жақсылық жасау, көмекке мұқтаж көршілердің құқықтарын сақтау, борышкерлер және жетімдермен ілтипат және жақсы қатынас көрсету, өтірік айтпау, Құран оқу, халыққа жақсылық тілеп, өз туыстары үшін сенімді адам болу сияқты ерекшеліктер тән.

Құдайдың алдында мойынсұнғыш әрі бағынушы – біздің досымыз. Бағынбайтын адам – біздің дұшпанымыз. Біздің жетекшілігіміз тек шынайы амал мен іс-әрекет және тақуалықпен ғана жүзеге асады".

Ол хазірет дәл осындай өмір салты негізіндегі ғамалдық ерекшеліктерді баса айтып: "Шынында біздің, яғни хазірет Әлидің (ғ.с) жолын қуған шиіттер бізді жақтайды. Егер олар ашуланса, қанау мен езгіге бармайды, қуанышқа бөленсе, соның әсерімен тепе-теңдіктерін жоғалтпайды. Оның көршісі болған адам үшін бұл нағыз игілік пен береке. Ал егер ол біреуге қарсы болса, оған қарсы бейбіт жолды ұстанады",- деп айтқан.

Жалғасты ғамалдық көрсеткіштер негізінде шиіттер мен «аһле бейттің» нағыз ізбасарларының жарқын бейнесін көрсету үшін күш салған имам Бағердің (ғ.с) мақсатты жоспарларына қарамастан қазіргі билікқұмарлар секілді Әмәви әулетінің билеушілері таза мұхаммадтық (с.ғ.с) ислам дініндегі идеология ықпалының алдын алу мақсатында имамдар мен олардың жолын қуушылардың бейнесіне нұқсан келтіруге тырысқан. Олар бұл мақсаттарын жүзеге асыру үшін әртүрлі ағымдарды қалыптастырып,  оларға қолдау көрсеткен. Бұл қазіргі кезде әлемдік күпірліктің саудиялық вахаббизм, америкалық ДАИШ пен басқа да шайтандық әрі бұрмаланған қозғалыстарды құрып, соларды қолдау арқылы шынайы Исламның жарқын бейнесін бұзуды көздеп отырған жағдай секілді.

Имам Бағердің (ғ.с) перзентімен бірге қажылық парызын орындау үшін әл-Харам мешітіне аттаныпты. Қажылық жасауға көп адам келген екен. Сол кезде Хишам ибн Абдулмалек те мұсылман екенін көрсету үшін Алланың үйіне келіпті. Имам Бағердің (ғ.с) ардақты перзенті имам Садық (ғ.с) сол кезді шиіттерге тән ерекшеліктерді сипаттап, Әмәви әулетінің шайтандық және дұшпандық саясаттарын залалсыздандыру үшін ең жақсы мұрсат екенін сезген. Сол себепті әкесінің алдында тұрып, шынайы шиіттерге тән кейбір белгілерді санамалап, соңында: "Олар – қоғамдағы рухани, ахлақтық және әлеуметтік салаларда серіктес және «аһле бейттің» нағыз ізбасарлары",- деп айтқан.

Мұндай ұстанымның мақсаты қоғамды саналық және сенімдік тұрғыдан имамға бет бұруына итермелеу болды. Имам Бағердің (ғ.с) мектебінен тәрбиеленіп шыққан имам Садық (ғ.с) осындай ұстаным арқылы Әмәви әулеті билігінің заңдылығына күмән келтіріп, қоғамға бұлардың мұсылман қоғамына билік етуде біліксіз екендіктерін және әділетсіздікпен билікке келгендерін көрсетті.

Халифат билігін тартып алған билеушілер имам Бағердің (ғ.с) жетістіктері мен тағылымдарының етек жаюына қатты алаңдап, әртүрлі сылтаулармен олардың ұлылығы мен салтанатын бұзуды қалаған. Хишам ибн Абдулмалек қажылық рәсімінен қайтқаннан кейін оның алдында сөз сөйлеген имам Бағер (ғ.с) мен имам Садықты (ғ.с) Мәдинеден Дамаскке алып келуге бұйрық береді. Имам Садық (ғ.с): "Біз Дамаскке келіп жеттік. Алайда Хишам бізді үш күнге дейін белгісіз күйде ұстап отырды. Төртінші күні бізге Әмәви әулетінің сарайына келуімізге бұйрық берді. Хишам тақта отырды, сарай қызметшілері оның алдында садақ атып жатты. Хишам әкемнің атын атап: "Тайпаңның басшыларымен бірге садақ ат",- деді. Әкем: "Мен бұл іске жарамаймын, қартайдым, кешіріңіз",- деді. Мақсаты әкемді кемсітіп, қорлау және әлсіз етіп көрсеткісі келген Хишам қоймай, садақ атуға табандылық танытып, бұл істі міндетті түрде жасауың керек деп қоқан-лоққы жасап, сол жердегілердің бірінен садағын әкеме беруді бұйырды. Әкем амалы жоғын түсінгенде, садақты алып, атты. Алғашқы жебе нысанаға дәл тиді. Екінші жебені садаққа тартып, оқты жібергенде ол да тура алғашқы жебенің ортасынан жарып өтіп, нысанаға тиді. Осылайша, үшінші оқ екіншіні жарып, төртіншісі үшінші жебенің ортасынан жарып, ақырында тоғызыншы жебе сегізіншіні жарып, нысанаға тиеді. Сарайдағылар "Жарайсың!" деген мақтауларын айтып жатты. Мұндай көріністі тамашалайтынын күтпеген Хишам мазасызданып, айқайға басып: "Бәрекелді, Абу Джафар! Сен – арабтар мен басқа ұлттардың мергендерінің ішінде көшбасшысың. Неліктен  өзіңді садақ ата алмайтындай етіп көрсеттің? Құрайыш тайпасы арабтар мен басқа ұлттардың алдында өзіңдей адаммен мақтанады. Сен асқан шеберлікпен жебе атуды қашан және кімнен үйреніп жүрсің?",- деп сұрағанда әкем: "Мәдине халқы садақ атуды үйренетін алаңда мен де жас кезімде садақ атумен шұғылданғанмын",- деп жауап берді. Хишам: "Ес білгелі осындай мергенді көрмеппін. Жер бетінде бұл өнерде сен асқан мықты мерген жоқ деп ойлаймын. Ұлың да сен секілді садақ ата ала ма?",- деп сұрайды. Сонда менің әкем: "Кемелдік пен мінсіздік біздің әулетте атадан балаға тарайды. Бұған Құдайдың өз пайғамбарына түсірген мына аяты дәлел: "Бүгін діндеріңді толықтастырдым және нығметімді тамамдадым" (Мәида сүресі, 3-аят),- деп айтып, сөзінің жалғасында: "Жер бетінде әрдайым бойына осы екі қасиет дарыған және "илаһи дәлел" саналатын адам болады",- дейді.

Бұдан әрі әкемнің сөзіне төзе алмаған Хишамның жүзі жылан шаққандай өзгерді. Сол кезде оның әкемді шәһид етуге бел буғанын түсіндім",- деген.

Хишам ибн Абдулмалек өзінің барлық қастандық әрекеттеріне қарамастан имам Бағердің күн өткен сайын артып бара жатқан ғылыми, ахлақтық, әлеуметтік және саяси салалардағы ықпалына бөгет бола алмауымен қоса, ол хазіреттің қарапайым халық, данышпандар, діни және ғылыми орталар мен қауымдастықтардағы орнының тұрақталып, таза мұхаммадтық (с.ғ.с) тағылымдардың етек жаюына куә болды. Хишам сол себепті басында қастандық жасап, имам Бағер (ғ.с) мен оның ардақты ұлы имам Садықты (ғ.с) Мединеден Дамаскке шақыртып, олардың қайтадан Мединеге оралуына бұйрық беріп,  хазіреттің халық арасындағы даңқын түсіруге талпыныс жасады. Талпыныстары сәтсіздікке ұшырағанда, имам Бағерді (ғ.с) шәһид етуге бел буып, хазіретті өзінің жалдамалы адамдары арқылы уландырады. Имам х.қ.ж.с.б. 114 жылдың зилхадже айының жетісі күні 57 жасында көз жұмды. Ол өзі шәһид болатын күннің кешінде имам Садыққа былай деді: "Мен бүгін бұл өмірмен қоштасамын. Дәл қазір жаныма тәтті шәрбат алып келген әкем имам Саджадты көрдім. Сол сусынды іштім. Ол маған мәңгілік әлемге барып, Жаратушымен кездесетінім туралы сүйінші хабар жеткізді".

Келесі күні әулиенің денесін имам Хасан Моджтаба (ғ.с) мен имам Саджадтың (ғ.с) кесенесінің қасына жерледі. Хазіретке Алланың, барша әулиелер мен илаһи періштелердің сәлемі болсын!

Имам Мұхаммад Бағердің (ғ.с) кесенесі имам Хасан Моджтаба (ғ.с), имам Саджад (ғ.с) және имам Джафар Садықтың (ғ.с) қабірлерінің жанында орналасқан

Ендігі кезекте, имам Бағердің (ғ.с) атйып кеткен кейбір нұсқаулары мен кеңестерін назарларыңызға ұсынамыз.

"Кәмілдік пен оның шарықтау шегі бірнеше қасиетке негізделген: дін тану, бақытсыздықтар мен қиындықтарға сабырлық таныту, өмір сүру мен күн көріс табу үшін жоспар құру". Ол кісі сондай-ақ былай деген: "Адамның иманды бауырына күлімсіреуі игі іс болып есептелінеді. Ал егер ол бауырының жүзіндегі кішкентай болсын қайғының нышанын жоя алса, бұл да игі істің қатарына жатады". Имам Бағер (ғ.с) сондай-ақ былай деп айтқан: "Пайғамбардан (с.ғ.с) "Құдайдың ең игі құлдары қандай адамдар саналады?" деп сұрғанда, ол хазірет: "Игі іс жасаса, қуанып, ал жамандық жасаса, кешірім сұрайтын; ал нығымет берілгенде, шүкіршілік етіп, қиындыққа ұшырағанда сабырлық танытып; ашуға салынғанда басқалардың қателігіне көзжұмбайлық танытатын адамдар Алланың ең ізгі пенделері саналады",- деген".

Тегтер