"Фатыр" сүресі" 780-ші бөлім, 18-21 аяттар
«Фатыр» сүресінің 18-21 аяттарының тәпсірі
«Фатыр» сүресінің 18 аяты:
«وَ لا تَزِرُ وازِرَةٌ وِزْرَ أُخْرَى وَ إِنْ تَدْعُ مُثْقَلَةٌ إِلى حِمْلِها لا یُحْمَلْ مِنْهُ شَیْءٌ وَ لَوْ کانَ ذا قُرْبى إِنَّما تُنْذِرُ الَّذینَ یَخْشَوْنَ رَبَّهُمْ بِالْغَیْبِ وَ أَقامُوا الصَّلاةَ وَ مَنْ تَزَکَّى فَإِنَّما یَتَزَکَّى لِنَفْسِهِ وَ إِلَى اللَّهِ الْمَصیرُ»
Ешбір күнәкар басқаның күнәсін көтермейді. Күнәсі ауыр болған біреу көтеруге шақырса, егер жақыны болса да оған еш нәрсе жүктелмейді. (Мұхаммед Ғ.С.) шын мәнінде Раббыларынан көрмей-ақ, қорыққандарды, намазды орындағандарды ғана үгіттей аласың. Ал кім күнәдан тазарса, өзі үшін тазарады. Және барар жері Алла жақ. (18)
Бұл аят мұсылмандардың Құдайдың әділдігіне қатысты сенімдік принциптерінің біріне сілтеме жасап: «Қияметте илаһи жаза мен сыйдың мизаны адамдардың өздерінің іс-әрекеттері мен ғамалдары болады. Ешкім жолдастық пен туыстық сияқты дүниелік байланыстар негізінде басқаның күнәсінің жүгін көтере алмайды. Құдай да ғамал қисабында біреудің күнәсінің жүгін басқаға артпайды. Қияметте әр адам өз ісіне жауап беруі керек. Ешбір адам кеңістік пен қоғамды бұзылған санап, соларды кінәлап, өзінің күнәлары мен қылмыстарынан қаша алмайды.
Бірақ, егер біреу басқаларды күнә жасауға шақырса, басқалар жасаған күнәсына қатысты мөлшерде олардың жазасына да ортақ болады. Егер біреу басқаларды жақсы іс жасауға шақыруға себепкер болса, олардың сыйында да үлеске ие болады» дейді.
Аяттың жалғасы күнә жасаудың тамырына, яғни рухтың ластануына сілтеме жасап: «Ақиқат пен хақ талап ету рухына ие, рухтың тазалығы мен саулығын қалайтын адамдар ғана хақ сөзді тыңдап, жамандықтардан бойларын аулақ салады. Кері жағдайда, тіпті пайғамбардың сөзі де оларға әсер етпейді. Олар сабақ алмайды, оянбайды» дейді.
Осы аяттан үйренетініміз:
1.Қияметте күнәлар адамның иығына ауыр салмақ болады.
2.Дүниеде бізді күнә жасауға шақыру үшін «Қорықпаңдар, егер жазалайтын болса, біз сендердің күнәларыңның жүгін өз иығымызға артамыз» дейтін адамдардың алдауына түспейік.
3.Әр адамның күнәсі өзінің мойнында. Біз басқалардың күнәсына бола жазаланбаймыз. Алайда, егер жамандықтан тыю міндетімізді орындамасақ, басқаларға күнә жасауға тосқауыл бола алмаймыз. Сол себепті біз де басқалардың жаман қылықтары мен қатынастарына үнсіздік танытқанымыз үшін жазаланамыз.
4.Қияметте әр адам өз ісіне жауап береді. Тіпті, ең жақын адамдарымыз болса да ешкім бізге көмектесе алмайды.
«Фатыр» сүресінің 19-21 аяттары:
«وَ ما یَسْتَوِی الْأَعْمَى وَ الْبَصِیرُ»، «وَلَا الظُّلُمَاتُ وَلَا النُّورُ»، «وَلَا الظِّلُّ وَلَا الْحَرُورُ»
الظِّلُّ وَ لاَ الْحَرُورُ»
Соқыр мен көзі сау адам бірдей емес. (19) Қараңғылық пен жарық бірдей емес. (20) Көлеңке мен ыстық бірдей емес. (21)
Бұл аяттар мүмін мен кәпірді салыстыру үшін теңеу мен тәмсіл келтіріп: «Сіздердің ойыңызша, ештеңені көрмейтін зағип бәрін көретін көзі сау адаммен бірдей ме?» деп сұрайды. Бірдей еместігі шәксіз. Олардың бұл әлемнен алатын ақиқаттары әртүрлі. Себебі, бірі қараңғылықтан басқаны сезбейді, екіншісі, барлық нәрсені нұр мен жарық арқылы көреді. Бірінші адам үнемі көлеңкеде өмір сүретін болса, екіншісі әрдайым жарқыраған күннің астында өмір сүреді.
Бірақ, зағиптік пен көздің көруі – адамның оған қатысы жоқ жаратылыстың ісі. Иман мен күпірлік – ықтиярлы істер. Қалаған адам күпірлік жолын таңдап, соңында күпіршілікке батып, өзін рухани және ғайыптық ақиқаттарды көруден мақұрым етеді немесе иман нұрының арқасында көрегенділікке жетіп, илаһи жетекшілікке ие болды.
Құранның келесі аяттары да Құдай пайғамбарлары мен аспандық кітаптарын халықты қараңғылықтан жарыққа нұсқау үшін жіберді деген мәселені қуаттайды. Күпірлік пен тағұт басшылары адамдарды нұрдан шығарып, қараңғылық пен зұлматтарға батыруға күш салуда.
Табиғатта да тірі жаратылыс иелерінің, соның ішінде өсімдіктер мен жан-жануарлар және адамның тіршілігі күннің нұры мен жылу арқылы қамтамасыз етіледі. Егер күннің нұры мен жылуы жерге жетпесе, жер планетасын қараңғылық басып, барлық тіршілік құриды.
Адамның рухы да осындай. Яғни, адамның рухы іштен ақыл мен болмыс, сырттан пайғамбарлардың шақыруы арқылы қамтамасыз етілетін илаһи нұрға тәуелді.
Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Жақсы мен жаманды немесе салих мүміндер мен күнәһарлардың істерін салыстыру арқылы тура жолы жолсыздан ажыратып, шерк пен күпіршілікке душар болмаймыз.
2.Дін адам баласы зұлматтар мен қараңғылықтардан құтылуға қажет көзқарас пен танымға ие болуы үшін оған көрегенділік пен таным сыйлады.
3.Осы аяттарда нұр жекеше түрде, зұлмат пен қараңғылық көпше түрде айтылған. Демек, хақ жолы біреу-ақ. Бірақ, қисық, бұрмаланған жолдар жетіп артылады.