Жел 08, 2018 20:08 Asia/Almaty
  • Мешіт – махаббат пен иманның тоғысқан мекені 42

Биби Эйбат мешіті – ширвани тәсілі сәулетінің классикалық үлгілерінің бірі.

Мешіттің бірінші ғимараты Исламның ұлық пайғамбарының мүшіріктерге қарсы күресі кезінде салынды. Бұл қасиетті мекен Ислам қарсыластарына қарсы көтеріліс пен жиһадтың орталығы болды. Тарих бойында мешіт осы рөлді атқарды. Мәселен, имам Әлидің (ғ.с.) келісімді бұзушыларға, зорлық-зомбылық жасаушылар мен бүлікшілерге қарсы күресі Куфе мешітінің ішінен басталды. Хазірет Әли (ғ.с.) соңында  дәл осы мешітте шәһид болды.

Хазірет Зейнабтың Ашура қантөгісі туралы ағартушылық жұмыстары мен оның Куфе мешітіндегі құтпалары және имам Саджадтың (ғ.с.) Язидпен бетпе-бет келген кездегі Шам мешітіндегі құтпалары Ашура көтерілісін толықтырған болатын. Сондай-ақ, хиджридің сегізінші ғасырындағы Иранның солтүстігіндегі көтеріліс, халықтың Гаухаршад мешітіндегі Резаханның хиджабты жою әрекетіне қарсы көтерілісі, имам Хомейнидің Құмның Азам мешітіндегі сөзі мен Алжир халқының Францияның үстемдігіне қарсы көтерілісінің жоспарлануы, Ирак халқының Англияның отаршылығына қарсы көтерілісі мешіттің саяси-әскери рөлін көрсетеді. Иранның Ислам революциясы мен сегіз жылдық қасиетті қорғаныс кезінде мешіт қолдау көрсететін, діни және мәдени орталық болды. Одан кейін де мұсылман елдеріндегі исламдық ояну ағымында мешіт саяси үгіт-насихат пен революцияшыл әрекеттердің орталығы әрі мінбері ретінде танылды.

Мешіттің ағартушылық жұмыстары мен саяси орталық болуын байланысты оны азаттық пен әділет талап етуші қозғалыстарды дұрыс жолға нұсқаушы және отаршылық пен билеп-төстеуші және пайдакүнем мелекеттердің жолындағы шынайы кедергі деп атауға болады. Сол себепті Ислам әрқашан мешітті қирату немесе басқа мекендерге айналдыру секілді мәселелермен бетпе-бет келді. Мұндай әрекеттер Кеңес Одағындағы 70 жылдық коммунистік жүйе кезінде жақсы байқалды. Бұл кезеңде исламдық белгілердің реңкі солғын тартқанымен, халық өзінің діни сезімдерін жоғалтпады. Қиратылған мешіттер халықтың исламдық негізі мен мәдениетін сақтап қалды. Бүгінде ислам мәдениетінің бұл аймақ халқының тарихи болмысы мен мәдениетінің қалыптасуына байланысты аймақтың ислам әлемінің қатарына оралуына куә болып отырмыз.

Кавказдағы мешіттердің қиратылуы

Өкінішке орай, бүгін де Орталық Азия мен Кавказдің кейбір үкіметтері Исламға қарсы әрекеттерін басқа түрде іске асырып жатыр. Мәселен, біраз уақыт бұрын мұсылман ел саналатын Әзірбайжанда азанға тыйым салынып, жастар мешіттерде жамағат намазына қатысу бойынша қиындықтармен бетпе-бет келді. Сондай-ақ, бұл елдің үкіметі бұрынғы Кеңес Одағының коммунистік жүйесі сияқты әртүрлі сылтаулармен  мешіттерді қиратуға кірісті. Мәселен, Ясамал қаласында хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) атындағы мешіт пен хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның Гуншали аймағындағы мешіттер қиратылды. Нахичевандағы хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) үлкен мешітінің де көзі жойылған.

  ***********************************

Әзірбайжандағы Биби Эйбат мешіті:

Биби Эйбат – Әзірбайжанның ең көне мешіттерінің бірі. Биби-Эйбат мешіті ел  астанасы Бакудің оңтүстік-батысында шамамен алты километр жерде орналасқан өте үлкен зиярат мекенінің ішінде орналасқан. Кавказдың зиярат мекендерінің көбі «пир»-«пір» деп аталатындықтан, жергілікті тұрғындар Биби Эйбатты да «Пир Биби Эйбат» деп атайды. Миладидің 16-шы ғасырында Ширван шаһ салған бұл мешіт Бакудің кіреберісіндегі Шейхоф аймағында, сондай-ақ Оңтүстіктен Каспий теңізіне қарайтын төбеде орналасқан. Төбе шиіттердің көне зираты болған. Сол жерден парсы, араб және түрік тілдерінде жазылған қабір тастарын көруге болады.

Биби Эйбат мешіті

Биби-Эйбат әртүрлі кезеңдерінде халық пен шаһтардың назарында болған. Сафави шаһтары бұл мекенге ерекше көңіл бөлгендіктен Биби Эйбатқа қатысты олардың көптеген егістік жерлерін, бау-бақтары мен су құдықтары мен мүліктерін уақф еткен бұйрықтары бар. Патша кезінде де Биби Эйбат мешіті мен кесене Кавказ халықтарының құрметіне ие болды. Бұл аймақтың жергілікті ақындарының бірі Хуршид бану Нотаван намаздыгерлер мен зияратшылардың қарым-қатынасын жеңілдету үшін Баку мен Шихлар ауылының арасына тас жол салды. Бұл жолды кейін Кавказдың қайырымды адамдары кеңейтті. Насери дәуірінде сол мекенді көрген Хосейни Фарахани өз сапарнамасында: «Бұл жердің тұрғындары оны қасиетті санап, әрқашан Биби Эйбатқа зиярат жасауға барады»,- деп жазды. Фархад Мирза Мотамед әд-Дуле Қаджар да өз сапарнамасында жергілікті халықтың Биби Эйбатқа сенім артатындықтары туралы жазды. 

Рауаяттардың бірінде хазірет Масуменің керуеніне шабуыл жасалып, хазірет Масуменің барлық бауырлары өлтірілгеннен кейін «Биби Эйбат» деп танымал болған имам Резаның (ғ.с.) келесі қарындасы Фатима Суғра алдымен Раштке, содан соң Бакуге жақын жердегі Шейхов ауылына  аттанып, өмірінің соңына дейін сол жерде өмір сүрген. Фатима Суғра қайтыс болған соң Шейхов ауылының тұрғындары имандары және ықыластарымен оның пәк мәйітін аталмыш кесенеде жерлеп, қасиетті қабірдің үстін шатырлаған. Ғасырлар өтіп, бұл мекен бірте-бірте маңызды зиярат орнына айналған. Бұл әдемі кесенеге Ширван-Абширван сәулеті қолданылып, әдемі мұнаралары, айбынды күмбезі, үлкен залдары мен мешіт және басқа да ғимараттар оның айналасына салынды.

Хазірет Фатима Соғраның Биби Эйбат ретінде танымал болуы туралы былай деп айтылған: «Фатима Соғра Баку аймағына  аттанған кезде оны Рашттен Бакуге жеткізген қайықты басқарған адал ер адамның есімі Эйбат болған. Ол адам хазірет Фатима Соғраны еске алған кезде «Менің бибім» деп айтатын. Сол себепті қадірлі бану «Эйбаттың бибісі» деп аталып кеткен. Уақыт өте келе есімі біраз өзгеріп,  «Биби Эйбат» деп қалыптасты. Көптеген құжаттарда хазірет Фатима Соғраның  «Хакиме» деген лақап атқа ие болғаны және «Биби Эйбат» деп танымал болғаны туралы да айтылған.

Жиырмасыншы ғасырдың басындағы мешіттің көрінісі 

Бұл мешіт пен кесене әртүрлі исламдық өнерлер мен құнды жазбаларды, суреттер мен тасқа жазылған жазбаларды зиаратшылар мен саяхатшыларға ұсынды. Бірақ, өкінішке орай,  бұл бүкіл қорды Кеңес одағының коммунистік жүйесі кезінде имансыз адамдар өртеп жіберді.

Мешіттің қираулары 1936 ж,

Сондай-ақ, кесененің қызметшілері, діни қызметкерлері мен діни шәкірттердің көптеген қабірлері динамитпен жарылды. Мәрмәр және басқа да тастардан жасалған қабірлердің кейбір тастары Бакудің археологиялықмұражайында сақталып тұр.

Сол кезде Исламның ұлық пайғамбарының әулетін жақсы көретін мұсылман халықтын реакция білдіретін күші болмады. Олар тек бұл банудың қасиетті қабірін баспай, көшенінің шетінен өтетін. Коммунистік жүйе халықты қасиетті қабірдің үстінен өтуге мәжбүрлеу үшін кесененің екі жағынан тіректер орнатты. Бірақ, мұсылман халық сабыр сақтап, ұзақ сапқа тұрып, тар жерден өтетін. Мұндай жағдайға  куә болғандардың бірі естеліктерінде: «Ауыр кептеліс болған кезде көліктер бірнеше километрге созылған тізбекке қарамастан,  еш уақытта қасиетті қабірдің үстінен өткен емес»,- деп жазды. Кеңес одағы құлаған соң мұсылмандар көптеген талпыныстарымен қасиетті кесененің ғимаратын қайтадан тұрғызуға кірісті. Мешіттің қазіргі ғимараты солардың талпыныстарының нәтижесі. 

Биби Эйбат кесенесі

Жаңадан құрылған Биби Эйбат мешіті – ширвани тәсілі сәулетінің классикалық үлгілерінің бірі. Бұл мешіттің дәстүрлі түрде салынған үш күмбезі, сондай-ақ, ирандық тәсілде салынған екі биік мұнарасы бар. Көгілдір күмбезі Құранның алтынмен жазылған аяттарымен безендірілген. Бүгін ол жер аймақ мұсылмандарының көбінің рухани орталығы саналады. Жергілікті халықтың арасында бұл мешіт «Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) мешіті» деген атпен де танымал.

Биби Эйбат мешіті, 2008 ж.

 

Тегтер