Мешіт – махаббат пен иманның тоғысқан мекені 50
Исламның басында әйелдер ғылыми, қоғамдық және экономикалық салалардағы істерге белсенді қатысқан. Олардың мешіттің істеріне атсалысуы да сындарлы болған.
Исламның бастапқы кезеңіндегі әйелдердің белсенділігінің ең айқын мысалы ретінде Исламның ұлық пайғамбарының өмірлік серігі хазірет Хадиджаның әл-Харам мешітіндегі жұмыстарын атауға болады. Алла елшісі алда, имам Әли (ғ.с.) хазіреттің оң жағында тұрып намаз оқыған кезде хазірет Хадиджа да олардың артында тұрып, жамағат намазын бірге оқитын. Қыбыла ауысқан кезде де әйелдер жамағат намаздарына қатысатын. Алла Тағала қыбыланы Бейт әл-Мұқаддастан Қағбаға ауыстыруды бұйырған кезде ерлердің артында тұрған әйелдер алдыға шығып кетеді. Сол кезде әйелдер жылдам орындарын ауыстырып, қайтадан ерлердің артына барып тұрған. Исламның ұлық пайғамбарының әйелдердің мешіттегі белсенділігін қолдауы сол кезде әйелдер үшін арнайы есікті ашты. Рауаяттардың бірінде Алла елшісінің мешіт есіктерінің бірін нұсқап: "Бұл есік әйелдердікі болса, дұрыс болады",- дегені туралы айтылған. Бүгінде "Баб ән-Ниса" деп аталатын сол есік – хазіреттің кезінде әйелдердің мешіттегі белсенділіктерінің белгісі.
Қазіргі кезде де мешіттерде әйелдердің әртүрлі рәсімдерге қатысулары үшін қажет шаралар жасалуда. Әрине әртүрлі халықтардың арасында әйелдердің мешіттердегі белсенділігінің айырмашылығы жақсы байқалады. Әйелдердің қоғамдағы белсенділігіне көңіл бөлінбеген немесе тыйым салынған аймақтарда әйелдердің мешіттердегі белсенділігіне немқұрайдылық танылып, олар үшін мешіттің бір бөлігі бөлінбейтін. Әйелдердің мешіттегі белсенділігіне немқұрайдылық көрсетілуі Үндістанда анық көрінуде. Бұл мемлекет әйелдердің мешітке кірулеріне қатаң қарсылық білдіруде. Бұл қарсылықтар Үндістанның оңтүстігіне қарағанда солтүстігі мен батысындағы мешіттерде қаттырақ байқалуда. Бұл жағдай әртүрлі елдерде олардың мәдени жағдайына қатысты әртүрлі болуда. Араб елдерінде мәдени ырымшылдыққа қатысты әйелдердің қоғамдағы, олардың ішінде мешіттердегі белсенділігі өте аз. Алайда Малайзия мен Индонезия сынды мемлекеттерде әйелдер әртүрлі қоғамдық жұмыстарға қатысады. Бұл елдерде әйелдер мешіттердегі белсенділікке ерекше көңіл бөледі. Олар қасиетті рамазан айында көп уақыттарың мешіттерде Құран оқумен өткізеді. Әйелдердің көбі мешіттерге отбасыларымен бірге келеді.
Қытайдан да әйелдерге арналған мешіттерді көруге болады. Бұл мешіттердің кейбіреуінде жамағат намазының имамы – әйел. Мәселен, Ганьсу провинциясының орталығы Ланьчжоу қаласындағы Лулан мешіті әйелдер мешіттерінің бірі саналады. Лулан мешітінің жамағат имамы Тао Джинлингтің мәліметі бойынша, күнделікті бұл мешітке 30 әйел келеді, жұма күндері олардың саны 150 адамға жетеді. Ханан облысының қоғамдық ғылым академиясының зерттеулері бойынша, Қытайда намаздың әйел имамдарының саны жылдамдықпен артуда. Қытай мешіттерінің белсенділерінің көбі исламдық тағылымдар бойынша, отбасы мен қоғамның негізі саналатын әйелдердің білім беру рөліне ерекше назар аударады.
Қытай мешіттері
Сиань Орталық мешіті – Шэньси провинциясындағы Сиань қаласында орналасқан Қытайдың ең көне мешіттерінің бірі. Бұл мешіт басында Тан әулетінің билігі кезінде салынып, 14-ші ғасырда Мин әулетінің билігі кезінде қытайлық сәулет ислам сәулетімен араласқан кезеңде қайта жөнделді. Бүгінде мешіттің 17-18-ші ғасырларда салынған ғимаратының үлкен бөлігі ғана қалған.
Бұл мешіт исламдық сүннит мешіттерінен өзгеше, – оның арабша нақышы болмаса, 15-ші ғасырдағы буддалардың ғибадатханасына ұқсас. Алайда буддалардың ғибадатханалары сияқты емес, Сиань мешіті Шығыстан Батысқа қарай, Меккеге қаратылып салынған. Мешітте намазхандарға негізгі шабистанға қарай жол көрсететін бірінен бірі шығатын бес алаң бар.
Мешіттің бірінші алаңынан әдемі орнаментпен безендірілген 17-ші ғасырдың 9 метрлік ағаштан жасалған аркасын көруге болады.
Екінші алаңның ортасында екі жағында екі тірегі бар тастан жасалған арқа орналасқан. Тіректердің бірінен Дан династиясының, екінші теріктен Мин династиясы каллиграфтарының көркем жазбалары көзге түседі. Бұл көркем жазулар Қытай каллиграфиясының ең үлкен қазыналарының бірі саналады.
Үшінші алаңның кіреберісінде тіректерінің көбі ежелгі дәуірден қалған зал, төртінші алаңда мешіттің негізгі ғимараты орналасқан. Оның шабистанына бір мың адам сыяды.
Чзянсу провинциясындағы Шинх деп аталатын Янчжоу мешіті – Қытайдағы төртінші танымал мешіт. Бұл мешіт 1275-ші жылы салынып, кейін оны сан рет әртүрлі адамдар қайта қалпына келтіріп, жөндеді. Янчжоуда Цин династиясы кезінде алты мешіт болды. Үш мешіт қаланың ішінде, қалғаны сыртында орналасты.
Шинх мешіті – үлкен әрі көне мешіт. Янчжоу мешітінің «Шинх» деп аталуының екі себебі бар: біріншісі – мешіттің кейбір бөлімдерінің әдемі құсқа ұқсас болуы; екіншісі – алыстан қарағанда ол Қызыл теңізіне ұқсайды. Аңдарға немесе құстарға ұқсас болғандықтан бұл елде ерекше аталған басқа да ғимараттар мен мешіттерді кездестіруге болады.
Ид Ках мешіті 1442-ші жылы ислам сәулет өнерімен салынып, кейін сан рет жөнделді. «Ид Ках» деген «айт күндері намаз оқу» деген мағынаны білдіреді. Сондықтан, Ид Ках мешіті – діни рәсімдер өткізілетін әрі халық Құрбан айт пен Ораза айтты тойлайтын мекен. Бұл мешіт «Жібек жолының меруерті» әрі Қытайдың тарихи қаласы саналатын Қашқар немесе Каши қаласында орналасқан.
Ид Ках мешіті 16800 текше метр көлемі және 87 аркасымен әлемнің ең үлкен мешіттерінің бірі саналады. Мамандардың пікірлері бойынша, бұл мешіт 500 жыл бұрын Қашқар мешіттерінің бірі болған. Мешіт 1524-ші жылы Мирза Абубакр деген адамның арқасында кеңейтілді. Содан соң әртүрлі жылдары жөнделіп, қайта тұрғызылып, одан сайын кеңейтілді. 1874-ші жылы үлкен жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бүгінгі қалпына келтірілді. Соңғы жөндеу жұмыстарын Қытай үкіметі 2000-шы жылы жүргізді.
16800 текше метр жерде орналасқан Ид Ках мешітінің алаңында шабистан мен үлкен есік және тағы басқа қосымша құрылыстар бар. Мешіттің үлкен алаңы мұсылмандарға намаз оқу үшін ыңғайлы. Алаңның сол жағында бір үлкен және бір кішкентай вузухана бар. Алаңдағы көптеген ағаштар мешіттің көркін одан сайын арттыра түседі. Шабистанның баспалдақтары оны алаңнан ерекшелендіреді. Мешіттің ішіндегі 38 арка мешітті Қытайда ғана емес, тіпті дүниежүзі бойынша да теңдессіз етті.
Мешіттің шабистаны батыс жақта биіктеу орналасқан. Оның төбесі көгілдір тіректермен көтерілген. Төбесінің айналасы мен тіректерінен өте әдемі суреттер көзге түседі. Мешіттің тіректерінің көбі сегізқырлы, үстіңгі жақтары қарапайым, төменгі жағы жуандау әрі көптеген суреттермен безендірілген. Мешіттің шабистанының екі жағында мешітте тұратын руханилер, діни шәкірттер, ұстаздар мен тағы басқа адамдар үшін салынған жиырма бөлме бар. Бөлмелердің барлығы күн жаққа қарай салынғандықтан қыстың суығында жылы болады.