Қаң 23, 2019 22:22 Asia/Almaty
  • Иранның жетістіктері (14)

Иран – ушудан әлем чемпионатында Қытайды жеңген алғашқы ел. «Кунг-фу» деген атпен де танылған ушу – Қытайдың жауынгерлік өнері мен Шығыс философиясының қосындысы.

Оның жарыстары екі бөлімнен – "санда"- күрес және "талу", яғни арнайы жаттығуды орындаудан тұрады. Иран алғаш рет 2000 жылдардан бастап ушу жарыстарына қатыса бастағанымен осы спорт түрінің негізін қалаған қытайлардың дәрежесіне жетті. Әлемнің әртүрлі елінде екі жылда бір рет өтетін ушудан халықаралық жарыстарда Иран 35 алтын, 19 күміс және 20 қоламен жалпы жүлделерінің саны бойынша дүние жүзінде Қытайдан кейін екінші орында тұр. 2017 жылы Ресейдің Қазан қаласында ересектер арасында өткен ушудан әлем чемпионатының 14-ші кезеңінде Иран «санда»-күрес бөлімінде осыған дейінгі 13 кезеңде әрдайым жеңімпаз атанып келген қытайларды ушу тарихында бірінші рет жеңді. Иранның ушудан ұлттық командасының сандашылары 7 алтын, 1 күміс алып, әлем тарихында алғаш рет бірінші орын алды. Сонымен Қытай екінші орынға ығысты.

 

Тегтер