Иранның жетістіктері (16)
Иран – Таяу Шығыс аймағы мен ислам әлемінде зымырандық қуатқа ие алғашқы ел.
Иранның бұрынғы көршілерінен Осман империясы мен Үндістанның кейбір мұсылман сұлтандары әлемде зымырандардың алғашқы үлгілерін жасаған болатын. Алайда, Қаджар мен Пехлеви патшалары ешқашан зымыран жасау әлеуетіне ие болмаған. Пехлеви заманында Иранның "Шукуфе" деген жоба аясындағы зымыран жасау талпыныстарының бірі Құдсты басып алған режиммен бірлесе жасалды. Көп қаражат жұмсалғанымен, "Шукуфе" жобасы еш нәтижеге жетпеді. Ислам революциясынан кейін Хасан Теһрани Мұқаддамның талпыныстарының арқасында Иран алғаш рет әлемде зымыран жасайтын елдердің қатарына қосылды. Әлемде зымыран жасайтын ең үздік бес ел – Ресей, АҚШ, Қытай, Франция мен Ұлыбритания. Әлемнің ешбір жері осы бес елдің зымырандық бақылауынан тыс емес. 2015 жылы Иран алғаш рет өзінің ұзақ қашықтыққа арналған баллистикалық зымыранын сынақтан өткізді. Бұл зымыран нысанаға жеткенге дейін алыстан басқарылып, бақыланады.