Иранның жетістіктері (19)
Иран бірінші рет қант өндіруден өзін-өзі қамтамасыз ететін дәрежеге жетті.
Ежелгі Иранда қант пен шекер ел ішінде өндірілетін. Бірақ, Қаджарлар заманынан бастап, қант пен шекердің ескі түрі жойылып, оның орнын қазіргі жаңа шекер басты. Ол көбінесе Ресейден импортталатын. Мұзаффареддин шаһ кезінде Ресей мен Жапония арасында соғыс болып, ел ішінде қант қымбаттап, «машрутият»-конституциялық революцияға алғышарт дайындалды. Шекердің маңызды өнім болғаны соншалықты, оны импорттау Пеһлеви кезеңінің басында үкіметтің монополиясында болған. Ислам революциясынан кейін жауапты басшылар ауыл шаруашылығындағы маңызды өнімдерді қамтамасыз етуді қолға алды. Шекер осындай мақсатты өнімдердің қатарына енгізілді. 2017 жылдың қыркүйек айында ел басшылары шекер импорттауға тыйым салынғанын хабарлады. Ел қоймаларында шекердің көптігі соншалықты, оны импорттау үшін қажеттілік жойылды. Жаңа шекер Иранға келгеннен 120 жыл өткен соң Иран осы өнімді өндіруде алғаш рет өзін-өзі қамтамасыз ететін дәрежеге жетті.