Қаң 27, 2019 11:18 Asia/Almaty
  • Иранның жетістіктері (20)

Иранда бейбіт мақсаттағы уранға қатысты жұмыстар 1957 жылы басталды. Бүған дейін Иранға байытылған уранды Америка импорттаған.

Иран мен АҚШ-тың қарым-қатынасы уранның әрдайым шет елден әкелінуіне себеп болды. Оның өзі шикі күйінде емес, байытылған және дайын күйінде жеткізіліп отырды. Сондықтан уранды байыту технологиясы елде болмады. Ислам революциясынан кейін ел басшылары болашақта ядролық салада өзін-өзі қамтамасыз етуді ойластырды. Елде уран кенін барлау жұмыстары жүргізіліп, айтарлықтай нәтижеге жетті. 1989 жылы Йездің Сағанд ауданында 3 мың тоннадан астам уран қоры анықталғаны хабарланды. 1994 жылы Йездтегі Сағанд кенішін барлау амалдары басталып, 2009 жылы эксплуатацияға берілді. Бұл Иранда уран өндіруді бастаған алғашқы кен орны болды. Иран енді өзін уранмен қамтамасыз ету үшін оны басқа елдерден импорттауды қажет етпейді.

 

 

Тегтер