Қаң 30, 2019 21:40 Asia/Almaty
  • Иранның жетістіктері (24)

Иран әлемде ғылыми даму тұрғысынан бірінші орында. Бүгінде Иранның ғылыми дамуы жаһандық ғылыми дамудың орташа көрсеткішінен он бір есе артық.

2018 жылдың мамыр айының екісі күні  Израильдің "Гаарец" газеті Нетаньяхудың ядролық бәсекелестікте Иранның Израильден асып түскенін қаламайтынына тоқталып: "Иран ғылым саласында Израильден көш ілгері. Өткен 20 жылда Иран ғылым саласындағы алпауыт елге айналу үшін көп талпыныс жасап, қазір Израильді артқа тастады",-деп жазды. Осы мәліметке сәйкес, оған дейінгі жылдары Құдсты басып алған режим аймақта ғылыми алпауыт болған. Қазір алғаш рет Иран аймақта ғылым саласындағы алпауыт мемлекетке айналды. Әлемдік деңгейде де 1995 жылдан бері Иранның ғылыми дамуы алғаш рет бірінші орында тұр.  

 

 

Тегтер