Иранның жетістіктері (25)
Ирандағы алғашқы ауқымды канализациялық желі Ирандағы алғашқы ауқымды канализациялық желі Ислам революциясынан кейін салынды.
Канализациялық желі – қалалардың ең маңызды инфрақұрылымдарының бірі. Ол денсаулық сақтау тұрғысынан да, су көздерін басқару тұрғысынан да аса маңызды. Әлемнің дамыған елдерінің қалаларында канализациялық желілер бар. Ирандықтар – ежелгі заманда канализациялық желілері болған алғашқы халық. Алайда соңғы ғасырларда Иранның экономикалық жағдайының құлдырауы қалаларда канализациялық желілердің нышаны да қалмауына әкеліп соқтырды. Батыстық жүйелерге еліктеумен болған Пехлеви заманында канализациялық желі жалпы жеке мәселе болған. Елдегі 35 млн халық арасында тек 2800 азаматта канализациялық желі болған. Яғни канализациялық желі мүлде болмады деген сөз. Ислам революциясынан кейін алғаш рет осындай желі елдің түкпір-түкпірінде тартылды. Жауапты тұлғалардың талпыныстары нәтижесінде канализациялық желінің тармақтары 48 млн-нан асты.