Ақп 01, 2019 22:16 Asia/Almaty
  • Иранның жетістіктері (26)

Алғашқы The Fields медалі The Fields деген атпен танылған жүлде 1953 жылдан бері төрт жылда бір рет 40 жастан төмен математиктерге беріліп келеді.

The Fields жүлдесі математика саласында маңызды жетістікке жеткен 40 жастан төмен ғалымдарға ғана арнайы беріледі. Бұл жүлде математика қоғамында Нобель сыйлығындай мәртебеге ие. Шын мәнінде ол математика саласында әлемдегі ең беделді жүлде саналады. Иран тарихында бірінші рет көрнекті ирандық математик Мариям Мирзахани осы жүлдеге ие болды. Мирзахани Теһранның "Фарзанеган" мектебінде оқып, Білім мен тәрбие саласындағы жарқын дарындар басқармасының қарауында болды. Ол елде өткен математика олимпиадасында алтын медаль ала алған алғашқы қыз болды. Содан соң екі жыл қатарынан Гонконг пен Канадада математикадан өткен әлемдік олимпиадаларда әлемдік деңгейде 2 алтын медаль алды. Ол Шариф политехникалық университетінде жүрген кезінде бір есептің қарапайым шешім жолын тауып беріп, бұл еңбегі шетелдік журналдарда басылып шықты. Мариям Мирзахани содан кейін Гарвард университетіне барып, ақырында 2014 жылы The Fields жүлдесінің иегері атанды.   

Тегтер