Ақп 03, 2019 01:27 Asia/Almaty
  • Иранның жетістіктері (27)

Ғарышқа алғаш рет тірі тіршілік иесін жіберу Ғарышқа тірі тіршілік иесін жіберу елдер үшін алпыс ғарыш технологиясына ие болудың алғышарты саналады. Содан кейін болашақта адамды ғарышқа ұшыруға мүмкіндік туады.

Америкалықтар 1947 жылы ғарышқа алғаш рет аяқтары ұзын масаны ұшырды, бұл тәжірибе сәтті болды. АҚШ 1949 жылы ғарышқа бір маймыл жіберді, бірақ бұл тәжірибе сәтсіз аяқталды.  Кеңес Одағы алғаш рет 1951 жылы бір итті ғарышқа жіберді. Бұл ғарышқа ұшырылған алғашқы күрделі құрылымды тіршілік иесі болды. Тәжірибе сәтті аяқталды. Француздар 1963 жылы алғаш рет мысықты ғарышқа ұшырды. 1964 жылы қытайлар ғарышқа тышқан жіберді. 1967 жылы Аргентина да ғарышқа тышқан ұшырды. Алайда бұл елдің зымыраны ғарыш шекарасы саналатын 100 км-лік межеге жете алмады.  Жапондықтар 1990 жылы ғарышқа ағаш құрбақасын жіберді. Аргентиналықтардың сәтсіз ұшыруын есептемегенде шын мәнінде Иран АҚШ, Ресей, Франция, Қытай мен Жапониядан кейін 2009 жылы "Кавешгяр-3" ғарыш кемесімен бір тышқан, екі тасбақа және бірнеше құртты ғарышқа сәтті ұшырып, Жерге аман-есен жеткізе алған әлемдегі алтыншы ел болды.    

Тегтер