Сәу 08, 2019 18:05 Asia/Almaty
  • Илаһи жетекшілер 68

Илаһи адал басшылар наным-сенім тұрғысынан бар мүмкіндіктермен шерк, күпірлік және екіжүзділіктің көріністерімен күресіп, таухидтің туын көтерді. Сондай-ақ, ахлақ саласында илаһи құндылықтар мен Исламның негіздерін таратып, тағұтпен күресті.

Әлеуметтік тұрғыдан өзінің сындарлы ақыл-кеңестерімен бірлік рухын таратып, іріткі тудырушылық пен кемсітушіліктермен қарсыласып, жеке және қоғамдық қарым-қатынасты дамытуды басты тақырыпқа айналдырды. Саяси салада өз кезеңдерінің тәкаппар, заңсыз халифаларына қарсы тұрып, олардың болмыстарын әшкерелеп, мазлұмдар мен олардың құқықтарын қорғап, халықтың көтерілістерін қолдап, кейбір уақытта оларды басқарып, дін мен саясаттың бір-бірінен ажырамауы туралы негізді қалыптастырды. Экономикалық тұрғыдан байлық, сән-салтанат және таптық айырмашылықпен күресіп, мақұрымдар мен мұқтаждарға көмектесіп, қарапайым өмір сүрудің үлгісін қалдырды. Мәдениет саласында білім мен ғылымға жігерлендіріп, қоғамның діни және саяси қырағылығын арттырды.  

Олар өз кезеңдерінде өз мақсаттарын толық іске асыра алмағанымен, келешек туралы ойлап, үмітсіздік пен күдік-күмәнға жол бермей, шындықтың жалғандықты жеңетініне сенім артып, қоғам үшін жарқын келешекті жақындатты. Хазірет Мәһди (ғ.с.) келетін заманда барлық илаһи пайғамбарлар, пәк имамдар, азаттық талап етушілер, зұлымдыққа қарсылар, әділет талап етушілер, зорлық-зомбылыққа ұшырағандар мен бір Аллаға құлшылық етушілердің мақсаттары мен армандары жүзеге асырылып, шындықты талап етушілердің өмірі бірнеше ғасырға созылған құлдыраулардан  кейін Алланың көмегімен жақсарады. Абусуфиян Хадаридің айтуы бойынша,  Алла елшісі мінбеге шығып: «Мәһди менің әулетімнен; ол ақырзаманда  немесе барлық замандар өткен соң келеді. Оның кезінде аспан барлық берекесін жіберіп, жер барлық жасырын байлығын шығарады; халық зұлымдыққа толтырған жер бетінде әділет орнатылады»,- деген. Кейбір рауаяттарда хазірет Мәһди (ғ.с.) кезіндегі өзгерістер туралы ғана емес, ешбір адамның ойында күдік-күмән қалмас үшін хазіреттің ерекшеліктеріне де тоқталады.  Кейбіреулер хазірет Мәһди (ғ.с.) келген кезде әлем зұлымдық пен зорлық-зомбылыққа толы болуы керек, сондықтан біз немқұрайдылық танытып немесе әлем зұлымдыққа толғанша қазіргі жағдайға төзімділік танытумыз керек деп ойлайды. Ондай болса, біз жауапсызбыз ба? Қазіргі жағдайға қарсы әрекеттеріміз хазіреттің келуін кейінге қалдыра ма? Құран мен Пайғамбардың (с.ғ.с.) тағылымдары бойынша, бұл – қате ой. Алла Тағала зорлық-зомбылық көрушілерге қатысты өздерін жауапты санамайтындарды айыптап, «Ниса» сүресінің 75-ші аятында: «Сендерге Алла жолында соғыспайтын не болды? (Меккедегі) шамасыз ерлер, әйелдер және балалардан: “Раббымыз! Бізді осы тұрғындары залым кенттен шығар! Және бізге өз қасыңнан бір ие пайда қыл. Әрі өз қасыңнан бір көмекші қыла көр” дейтіндер бар»,- деді. Исламның ұлық пайғамбары да: «Таңғы ұйқысынан оянып, қоғамның қиындықтарын шешуге талпынбайтын адам мұсылман емес»,- деген. Сондай-ақ, келесі бір сөзінде: «Мазлұмның даусын естіп, оған көмектеспейтін адам мұсылман емес»,- деді. Алла елшісінің айтуы бойынша, Исламға деген иманы сүйегіне сіңген, өзі әрқашан мазлұмдар мен жетімдердің қолдаушысы болған хазірет Әли (ғ.с.) өмірінің соңғы сәтінде перзенттеріне айтқан өсиеттерінің бірінде: «Залымдардың дұшпаны, мазлұмдардың қамқоршысы болыңдар»,- деген. Алла елшісінің: «Перзентім Мәһди (ғ.с.) әлем зорлық-зомбылыққа толған кезде көтеріліске шы,ып, әлемде әділет орнатады»,- дегені еш уақытта кез келген кезеңдегі тәкаппар басшылардың зорлық-зомбылықтары мен қылмыстарына үнсіз қалу керек дегенді білдірмейді. Керісінше, оларға қарсы көтеріліп, хазірет Мәһдидің (ғ.с.) келуіне жағдай жасауымыз керек. Біз залымдарға қарсы тұрып, мазлұмдардың құқықтарын қорғауға міндеттіміз. Мұндай жағдайда, егер біз залымдарға қарсы тұрып, мазлұмдардың құқықтарын қорғауға міндетті болып, әділетті іске асыруға талпынаын болсақ, хазіреттің келуінің қандай қажеті бар деген сұрақ туындауы мүмкін. Өйткені, хазірет Мәһди (ғ.с.) да залымдармен күресіп, әділет орнату үшін көтеріледі. Бұл сұраққа: «Біз қылмыскер үкіметтерге қарсы тұрып, мазлұмдардың дауыстарына құлақ салуға міндетті болғанымызбен, барлық наразылықтар мен күрестеріміз  тек бір белгілі географиялық аймақпен шектеліп, зорлық-зомбылықты толық жоя алмаймыз, барлық мазлұмдарды залым үкіметтердің қылмыстарынан құтқара алмаймыз және бүкіл әлем үшін бейбітшілік пен әділет орната алмаймыз. Біздің ықпалымыз шектеулі, ал хазірет Мәһди (ғ.с.) келген кезде әлемнің түкпір-түкпірінде зұлымдықтың тамыры жойылып, барлық мазлұмдар имамның әділетінің тәтті дәмін татып, әділеттің ақ туы бүкіл әлемде көтеріледі.

Құранның «Тәубе» сүресінің 33-ші аятында: «Өйткені, Ол елшісін туралық және хақ дінменен бүкіл діндерге басым болсын деп жіберген. Егер мүшіріктер жақтырмаса да»,- деп айтылған. Маһдавият туралы өтірік уәж айтушылардың алдын алып, халықтарды адастыратын жолға жібермеу үшін сайланған Исламның ұлық пайғамбары: «Құтқарушы – менің перзентім. Оның есімі менің есімімдей, ол маған ұқсайды. Оның сүннеті – менің сүннетім, тәсілі – менің тәсілім. Ол халықты менің дінім мен шариғатыма шақырып, оларды Алланың кітабын оқуға жігерлендіреді. Оның жақтасы болған адам менің де жақтасым; оған бағынбаған адам – маған бағынбағаны; оны қабылдамаған адам – менің пайғамбарлығымды қабылдамағаны»,- деген. Бұл рауаятта хазірет Мәһдидің (ғ.с.) жолы мен тәсілі Алла елшісінің жолының жалғасы екені туралы айтылған. Хазірет Мәһди (ғ.с.) Пайғамбар (с.ғ.с.) сүннетін жандандырып, Құранды қоғамға сіңірді. Сондықтан Пайғамбар (с.ғ.с.) хазірет Мәһдидің (ғ.с.) жақтастарын өз жақтастары деп атап, хазірет Мәһдиді (ғ.с.) қабылдамағандарды өзінің илаһи міндетін қабылдамау санады.

   .

 

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

Тегтер